73%

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

«KEGOC» АҚ сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік қағидатын ұстанады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды корпоративтік басқару, тұрақты даму жүйесінің және Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің сенімділігін қамтамасыз етудің негізгі элементі ретінде қарастырады.

«KEGOC» АҚ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйесі Компания қызметінің ауқымын, тарифтердің реттелетін сипатын және мемлекет, инвесторлар мен өзге де мүдделі тараптар тарапынан ашықтыққа қойылатын жоғары талаптарды ескере отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға, оларды анықтауға және барынша азайтуға бағытталған.

Компания өзінің күнделікті қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтайды және сыбайлас жемқорлықтың кез келген нысандары мен көріністеріне ымырасыз қарсы іс-қимыл жасауға және сыбайлас жемқорлық тәуекелін басқаруға бағытталған барынша көп ұйымдастырушылық және практикалық шараларды қабылдайды. Компанияның контрагенттерімен жасалатын шарттарда тараптар мен олардың жұмыскерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі міндеттемелері қамтылады – тараптар сыбайлас жемқорлық қызметіне тартылу тәуекелдерінің алдын алу мақсатында комплаенс-тексерулер жүргізу рәсімдерінің іске асырылуын қамтамасыз етуге міндеттенеді.

Компанияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қызметі ашық және есеп беретін институттарды нығайтуға, жауапты іскерлік практикаларды дамытуға және адал серіктестік қатынастарды қалыптастыруға бағытталған.

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесіне қадағалауды жүзеге асырады, негізгі саясаттарды бекітеді және олардың орындалуын бақылайды. Атқарушы орган сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды енгізуді және ішкі бақылау мен комплаенс жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

GRI 205-3

2025 жыл ішінде Компанияға немесе оның жұмыскерлеріне қатысты ақшаны жылыстату немесе инсайдерлік сауда, сыбайлас жемқорлық бойынша расталған жағдайлар, сондай-ақ жұмыскерлер сыбайлас жемқорлық үшін жұмыстан босатылған немесе тәртіптік жазаға тартылған, сыбайлас жемқорлыққа байланысты бұзушылықтар салдарынан іскерлік серіктестермен шарттар тоқтатылған жағдайлар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық пен парақорлыққа қатысты сот істері болған жоқ. Сыбайлас жемқорлық пен парақорлыққа байланысты айыппұлдар мен үкімдер болған жоқ.

Есепті кезеңде жұмыскерлердің немесе Компания өкілдерінің сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін сотталған жағдайлары тіркелген жоқ.

GRI 2-24

«KEGOC» АҚ іскерлік этика, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, адам құқықтарын сақтау және кемсітушілікке жол бермеу саласындағы өз міндеттемелерін Компанияның корпоративтік басқару жүйесіне және операциялық қызметіне жүйелі түрде енгізуді қамтамасыз етеді. Негізгі қағидаттар мен талаптар ішкі нормативтік құжаттарда бекітілген және басқарудың барлық деңгейлерінде басқарушылық шешімдер қабылдау кезінде қолданылады.

2025 жылы Компанияда сыбайлас жемқорлық және комплаенс-тәуекелдерді төмендетуге бағытталған үшінші тұлғаларды тексерудің жаңартылған қағидалары бекітілді. Аталған қағидалар контрагенттермен өзара іс-қимыл процестеріне интеграцияланған және үшінші тұлғалардың іскерлік беделін, адалдығын және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына әрі «KEGOC» АҚ-ның ішкі саясаттарына сәйкестігін бағалауды көздейді.

Қабылданған міндеттемелерді практикалық іске асыру мақсатында Компания жұмыскерлерді тұрақты негізде оқытады, оның ішінде:

  • міндетті кіріспе және мерзімді оқыту іс-шаралары;
  • сыбайлас жемқорлық және комплаенс-тәуекелдері жоғары жұмыскерлерге арналған мамандандырылған тренингтер;
  • Іскерлік этика кодексінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың талаптары туралы жүйелі түрде ақпараттандыру.

Компанияның барлық жұмыскерлері (100 %) сыбайлас жемқорлыққа қарсы құжаттармен таныстырылған. Компанияның лауазымды тұлғалары сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау туралы тиісті декларациялар мен міндеттемелерге қол қою арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы міндеттемелерді өзіне алады. Сондай-ақ қарамағындағы жұмыскерлер жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жағдайларында басшылардың жауапкершілік шараларын және отставка институтын қолдану жөніндегі іс-қимыл алгоритмі іске асырылады.

Есепті жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, жұмыскерлердің сыбайлас жемқорлық көріністеріне, мүдделер қақтығысына және іскерлік этика нормаларының өзге де бұзылуына жол бермеу туралы хабардарлығын арттыруға ерекше назар аударылды.

Этикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттардың сақталуын бақылау қолданыстағы ішкі бақылау жүйесі және комплаенс-функция шеңберінде жүзеге асырылады. Жұмыскерлерге және өзге де мүдделі тараптарға белгіленген арналар арқылы ықтимал бұзушылықтар туралы хабарлау мүмкіндігі қамтамасыз етілген, бұл ретте барлық өтініштер Компанияның ішкі рәсімдеріне сәйкес қаралады.