Кері байланыс механизмдері
GRI 2-26
«Самұрық-Қазына» АҚ-да портфельдік компаниялардың стейкхолдерлерімен, оның ішінде «KEGOC» АҚ-пен «Жедел желі» жұмысы ұйымдастырылған, оның операторы тәуелсіз үшінші тарап ұйымы болып табылады. «KEGOC» АҚ-ның барлық мүдделі тұлғаларына заңнаманың, реттеушілік талаптардың, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық және этика мәселелері бойынша ішкі саясаттар мен рәсімдердің нақты немесе болжамды бұзылуына қатысты өз алаңдаушылықтары туралы хабарлау мүмкіндігі беріледі. Оларға хабарламаны құпия және анонимді негізде жолдау мүмкіндігі ұсынылады. Бұл ретте құпиялылық пен анонимділікке, сондай-ақ өтініштердің 100 % қаралуына кепілдік беріледі. «Жедел желінің» жұмыс уақыты – тәулігіне 24 сағат / аптасына 7 күн.
2025 жылы «KEGOC» АҚ атына Жедел желіге 9 өтініш келіп түсті. Барлық өтініштер бойынша тексерулер жүргізіліп, тиісті іс-шаралар қабылданды:
- 8 өтініш бойынша бұзушылық фактілері расталмады;
- 1 өтініш бойынша факт ішінара расталды.
Өтініштер негізінен еңбек қатынастары, іскерлік этика, ықтимал мүдделер қайшылығы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық белгілері бар болжамды бұзушылықтар мәселелеріне қатысты болды.
2025 жылы сыбайлас жемқорлық белгілері бар бұзушылық фактілері расталған жоқ.
Келіп түскен барлық өтініштер және қабылданған шаралар туралы Комплаенс қызметінің басшысы тоқсан сайынғы есептер шеңберінде «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесін хабардар етеді.
2025 жылғы өтініштердің жіктемесі
| Бұзушылық санаты | Өтініштер саны |
|---|---|
| Этикалық бұзушылықтар, мүдделер қайшылығы және еңбек қатынастары саласындағы бұзушылықтар | 5 |
| Заңнамалық және ішкі талаптарға сәйкессіздік | 1 |
| Ұрлау, алаяқтық және деректерді бұрмалау | 1 |
| Сыбайлас жемқорлық белгілері бар бұзушылықтар | 0 |
| Басқалар | 2 |
| Еңбек қауіпсіздігі мен экология | 0 |
GRI 415-1
«KEGOC» АҚ өзі де, еншілес және қауымдасқан ұйымдары, сондай-ақ Компанияның лауазымды тұлғалары мен жұмыскерлері арқылы да саяси науқандарды немесе ұйымдарды қаржыландыруды, сауда қауымдастықтарының, салықтан босатылған ұйымдардың немесе саяси науқандарға, мемлекеттік саясат пен заңнамаға ықпал ететін басқа да топтардың лоббистік қызметін қаржыландыруды жүзеге асырмайды.
| Есептілік салалары | 2025 қаржы жылындағы бұзушылықтар саны |
|---|---|
| Сыбайлас жемқорлық немесе парақорлық | 0 |
| Кемсітушілік немесе қысым көрсету | 0 |
| Клиенттердің құпия деректері | 0 |
| Әлеуетті және реттелген мүдделер қайшылығы | 3 |
| Ақшаны жылыстату немесе инсайдерлік сауда | 0 |