73%

Қаржы-экономикалық көрсеткіштерді талдау

GRI 2-6

2025 жылғы кірістер мен шығыстардың нақты көрсеткіштерін талдау, млн теңге

2025 жоспар 2025 факт Ауытқу Ауытқулардың негізгі себептері
Шоғырландырылған кірістер 394 189 415 806 105 %
Негізгі қызметтен түскен кірістер 383 465 397 737 104 % Негізгі себептер:

  1. Реттелетін қызметтерден түскен кірістердің 4 036 млн теңгеге өсуі, оның ішінде:
  • ҰЭТ-ты пайдалану қызметтері бойынша 5 727,4 млн теңгеге;
  • диспетчерлеу бойынша 1 703 млн теңгеге;
  • электр энергиясын өндіру мен тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру қызметтерінен түскен кірістер бойынша 510,9 млн теңгеге.

  1. ЭТН және теңгерімсіздіктер бойынша операциялардан түскен кірістердің өсуі негізінен көлемдердің ұлғаюы нәтижесінде болды:
  • теңгерімдеуші нарықта теңгерімдеуші электр энергиясын сату бойынша 11 135 млн теңгеге;
  • теңгерімсіздіктерді өтеу мақсатында электр энергиясын сату бойынша 8 714 млн теңгеге.

Бұл ретте ТЭЭ және теңгерімсіздіктер бойынша айналымдар шығыс айналымдарымен өзара есепке алынатынын атап өтеміз.

  1. ЖСҚҚ бойынша қаржылық операциялардан түскен кірістердің 3 855 млн теңгеге өсуі.
Шоғырландырылған шығыстар 309 801 327 528 105 %
Өзіндік құн 273 670 288 064 105 % Негізгі себептер:

  1. Орташа бағаның 24,36-дан 27,44 теңге/кВт·сағ-қа дейін өсуі есебінен ЭТН-нен шығындарды өтеуге арналған шығындардың өсуі;
  2. Электр энергиясы ағындарының нақты мемлекетаралық сальдосының сағаттық ауытқу көлемдерін өтеу мақсатында электр энергиясын сатып алуға жұмсалатын шығындардың 5 989 млн теңгеге ұлғаюы;
  3. Сыртқы ұйымдар көрсеткен қуатты реттеу бойынша шығындардың 2 893 млн теңгеге төмендеуі.
Жалпы және әкімшілік шығыстар 14 592 13 211 90 % Ағымдағы шығыстар бойынша қалыптасқан үнемдеу нәтижесінде төмендеу.
Өткізу шығыстары 736 605 82 % Ағымдағы шығыстар бойынша қалыптасқан үнемдеу нәтижесінде төмендеу.
Операциялық пайда 94 467 95 768 101 %

2025 жылғы кірістер мен шығыстардың нақты көрсеткіштерін 2024 жылғы нақты көрсеткіштермен талдау, млн теңге

2024 факт 2025 факт Ауытқу Ауытқулардың негізгі себептері
Шоғырландырылған кірістер 338 447 415 806 123 %
Негізгі қызметтен түскен кірістер 319 906 397 737 124 % Ұлғаю негізінен тарифтер мен көрсетілетін қызметтер көлемдерінің өзгеруі нәтижесінде реттелетін қызметтерден түскен кірістердің 64 123 млн теңгеге өсуімен байланысты.

Сонымен қатар өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ҚР теңгерімдеуші нарығы шеңберінде электр энергиясын сату операциялары бойынша кірістер 11 135 млн теңгеге ұлғайды.
Шоғырландырылған шығыстар 264 583 327 528 124 %
Өзіндік құн 228 254 288 064 126 % 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өзіндік құн бойынша шығыстар 59 810 млн теңгеге ұлғайды, бұл негізінен орташа бағаның 18,43-тен 27,44 теңге/кВт·сағ-қа дейін өсуі есебінен ЭТН-ден шығындарды өтеуге арналған шығындардың, қуат резервтерін дайын күйде ұстау қызметтеріне 1 130 млн теңгеге, сондай-ақ әлеуметтік тұрақтылық деңгейін жақсарту жөніндегі жоспарлы іс-шаралар нәтижесінде еңбекақы төлеу қорының 6 102 млн теңгеге ұлғаюымен байланысты.
Жалпы және әкімшілік шығыстар 12 538 113 211 105 %
Өткізу шығыстары 549 605 110,2 % Еңбекақы төлеу қорының ұлғаюы нәтижесіндегі өсім
Операциялық пайда 71 494 95 768 134 %

ДҚаржы-экономикалық көрсеткіштердің динамикасы, млрд теңге

Коэффициенттерді талдау

2025 жылдың қорытындысы бойынша ROACE көрсеткіші 2024 жылғы деңгеймен салыстырғанда 1,46 пайыздық тармаққа артты, оның ішінде түзетілген пайданың (NOPAT) 17,9 млрд теңгеге өсуі есебінен ұлғайды және орташа тартылған капиталдың (ACE) 53,7 млрд теңгеге ұлғаюы есебінен төмендеді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша 2024 жылмен салыстырғанда EBITDA көрсеткіші 21,1 млрд теңгеге ұлғайды, көрсеткіштің өзгеруіне мыналар әсер етті:

  • реттелетін қызметтер бойынша көлемдер мен тарифтердің 64,1 млрд теңгеге өзгеруі;
  • бағаның өсуі нәтижесінде қуат резервтерін дайын күйде ұстап тұру бойынша шығыстардың 1,4 млрд теңгеге өсуі;
  • электр энергиясын сатып алудың орташа бағасының өсуі нәтижесінде ТЭЭ-ден шығындарды өтеуге арналған шығыстардың 28,5 млрд теңге мөлшерінде өсуі;
  • аударымдарды ескере отырып еңбекақы төлеу шығындарының 6,2 млрд теңгеге ұлғаюы және өзге де факторлар.

2025 жыл ішінде қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері мен ковенанттар бойынша нормативтер бұзылған жоқ.


Жасалған және бөлінген экономикалық құн

«KEGOC» АҚ қызметінің экономикалық құрамдасы Компанияның өзі үшін де, ел экономикасы үшін де стратегиялық маңызға ие. Осы саладағы негізгі бағыт – тұрақты өсуді қамтамасыз ету және акционерлер мен инвесторлар үшін ұзақ мерзімді құн қалыптастыру.

Инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша күрделі салымдар жоспарын (объектілерді салу, реконструкциялау және жаңғырту) қоса алғанда, Іс-шаралар жоспарын (Бизнес-жоспарды) және бюджеттерді қалыптастыру мен бекіту рәсімдері «KEGOC» АҚ Іс-шаралар жоспарын (Бизнес-жоспарды) және бюджеттерін әзірлеу, келісу, бекіту, түзету, орындау және орындалуын мониторингтеу қағидаларымен регламенттелген.

Іс-шаралар жоспары (Бизнес-жоспар) жылжымалы жүйе бойынша 5 жылдық кезеңге қалыптастырылады және еншілес ұйымдардың шоғырландырылған деректерін қамтиды. Іс-шаралар жоспарын іске асыру үшін жыл сайын кірістер мен шығыстар бюджеті бекітіледі. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі Бизнес-жоспардың орындалуын тоқсан сайын мониторингілейді.

GRI 201-1, GRI 201-4

Экономикалық құнды бөлу, млн теңге

Жыл 2023 2024 2025
Жалпы капиталдану 849 254,52 931 502,5 957 755,9
меншікті капитал 685 719,13 769 921,8 796 174,6
қарыз капиталы 163 535,39 161 580,7 161 581,3
Мемлекеттен алынған қаражат 0 0 0
Құрылған экономикалық құн 263 910,63 337 695 412 448,9
негізгі қызметтен түскен кірістер 252 136,38 319 906 397 736,71
қаржылық кірістер 7 576,47 11 886,4 13 337,46
өзге кірістер 4 197,78 5 903,3 1 374,73
Бөлінген экономикалық құн 253 879,87 322 768,5 386 245,1
еңбекақы төлеу шығыстары 33 272,86 37 980,5 48 741,25
мемлекеттік бюджетке салықтар мен алымдар бойынша шығыстар 21 610,03 26 644,8 29 769,76
капитал жеткізушілеріне төлемдер 47 075,04 56 872,9 65 565,01
қайырымдылық және демеушілік көмек 0 1 000,0 200,0
саяси партиялар мен бірлестіктерді қаржыландыру шығыстары * 0 0 0
өзге операциялық шығындар 148 327,37 190 082,4 240 822,42
өзге операциялық емес шығындар 3 594,57 10 187,9 2 076,1
Тоқтатылған қызметтен салық салудан кейінгі жыл ішіндегі пайда 0 0 0
Бөлуге арналған экономикалық құн 10 030,77 14 927,2 25 889,6

* Алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатына сәйкес «KEGOC» АҚ саяси партияларды, кандидаттарды, саяси науқандарды немесе саяси қызметтің өзге де нысандарын тікелей де, еншілес компаниялар арқылы да қаржыландыруға қатыспайды. Компания саяси жарналар мен қайырмалдықтар жасамайды және лоббистік қызмет үшін бөгде ұйымдарды тартпайды. Салалық, техникалық және кәсіби қауымдастықтарға мүшелік тек стандарттарды дамытуға, тәжірибе алмасуға және қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған және саяси ұстанымдарды қолдаумен байланысты емес.

Компания ашықтық, саяси бейтараптық және бизнесті адал жүргізу қағидаттарын ұстанады. Лоббистік қызмет болмағандықтан, қызметті Париж келісімінің мақсаттарына сәйкес келтіру жөніндегі арнайы бағдарламалар талап етілмейді, бұл ретте KEGOC салалық қауымдастықтармен және кәсіби бірлестіктермен өзара іс-қимыл кезінде климаттық талаптарды ескереді.


Баланс талдауы

«KEGOC» АҚ-ның экономикалық баланс көрсеткіштері

Көрсеткіш, млн теңге 2021 2022 2023 2024 2025 2025/2024
Айналымнан тыс активтер 1 019 820 873 933 881 415 960 180 1 016 094 106 %
Айналым активтері 73 397 112 679 120 371 136 886 120 927 88 %
Активтер жиыны 1 093 217 986 612 1 001 785 1 097 066 1 137 021 104 %
Капитал 737 137 653 565 685 719 769 922 796 175 103 %
Ұзақ мерзімді міндеттемелер 310 397 273 570 277 540 289 230 285 840 99 %
Қысқа мерзімді міндеттемелер 45 684 59 477 38 526 37 914 55 007 145 %
Міндеттемелер жиыны 356 080,5 333 047 316 066 327 144 340 847 104 %
Капитал мен міндеттемелер жиыны 1 093 217 986 612 1 001 785 1 097 066 1 137 021 104 %

Компанияның активтері 2025 жылғы 31 желтоқсанда 1 137 021 млн теңгені құрады, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 4 %-ға көп.

Ұзақ мерзімді активтер баланс құрылымының 89,4 %-ын құрайды, олардың басым бөлігі негізгі құралдармен ұсынылған. 2025 жылдың қорытындысы бойынша ұзақ мерзімді активтер 6 %-ға өсіп, 1 016 094 млн теңгені құрады.

Қысқа мерзімді активтер баланстың 10,6 %-ын құрайды. 2025 жылы олар 12 %-ға (немесе 15 959 млн теңгеге) азайып, жыл соңында 120 927 млн теңгені құрады. Төмендеу «Самұрық-Қазына» АҚ купондық облигациялары нәтижесінде өзге де қаржылық активтердің, сондай-ақ кезең соңындағы ақша қаражаты мен оның баламаларының ұлғаюына байланысты.

2025 жылдың соңындағы капитал 796 175 млн теңгені құрады – 2024 жылмен салыстырғанда 3 %-ға немесе 26 253 млн теңгеге өсті; бұл негізінен 2024 жылғы желтоқсанда жүргізілген негізгі құралдарды қайта бағалау және бөлінбеген пайданың өсуі нәтижесінде қалыптасты. Капиталдың баланс құрылымындағы үлесі 70 %-ды құрады.

Жыл қорытындысы бойынша міндеттемелер 340 847 млн теңгені құрады – 2024 жылмен салыстырғанда 4 %-ға немесе 13 703 млн теңгеге ұлғайды. Міндеттемелердің 84 %-ы ұзақ мерзімді, 16 %-ы – қысқа мерзімді. Өзгеріс Халықаралық қайта құру және даму банкінің қарызын жоспарлы өтеуге байланысты қарыздар бойынша міндеттемелердің азаюымен және 2024 жылғы желтоқсанда жүргізілген негізгі құралдарды қайта бағалау салдарынан табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған салық міндеттемесінің 14 057,5 млн теңгеге ұлғаюымен байланысты.

Тұрақты қаржылық нәтижелілік Компанияға негізгі стейкхолдерлер алдындағы міндеттемелерді уақтылы әрі толық көлемде орындауға мүмкіндік береді:

  • жұмыскерлерге жалақы төлеу және әлеуметтік қолдау көрсету бойынша;
  • акционерлерге дивидендтер төлеу бойынша;
  • инвестициялық жобаларды іске асыру және ҰЭТ жұмыс істеуінің сапасы мен сенімділігін арттыру бойынша;
  • жеткізушілермен уақтылы есеп айырысу бойынша;
  • салықтарды төлеу бойынша.

«KEGOC» АҚ-ның табыстылық көрсеткіштері, млрд теңге

3-мақсатты іске асыру индикаторлары

TSR (акционердің жалпы кірістілігі), %
ҚНК атауы 2020 2021 2022 2023 2024 2025
факт факт факт факт факт факт
индикатор 2021 жылғы желтоқсанда айқындалды –10,7 3,44 13,96 12,81
EBITDA, млрд теңге 108,4 93,9 102,5 108,1 131,5 152,6

TSR көрсеткішінің нақты мәніне 2025 жылы Компания акциялары бағасының 1 акцияға 1 555 теңгеге дейін өсуі әсер етті, өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі нақты мән 1 акцияға 1 527 теңге болған, бұл ретте жыл қорытындысы бойынша Компания 1 акцияға 161,9 теңге дивиденд төледі.

EBITDA көрсеткішінің өсуіне реттелетін қызметтердің көлемдері мен тарифтерінің өзгеруі, сондай-ақ Бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алу бағасының өзгеруі негізгі әсер етеді.