Басқарма
GRI 2-13
«KEGOC» АҚ-ның ағымдағы қызметін алқалы атқарушы орган болып табылатын Басқарма басқарады. Ол «KEGOC» АҚ-ның басқа органдардың құзыретіне жатпайтын қызметі мәселелері бойынша шешімдер қабылдайды.
Басқарма Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңына, «KEGOC» АҚ Жарғысына, Корпоративтік басқару кодексіне және «KEGOC» АҚ Басқармасы туралы ережеге сәйкес әрекет етеді.
Компанияның Басқарма Төрағасын тағайындау (сайлау) және өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату Акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне жатады. Басқарманың сандық құрамын, өкілеттік мерзімін айқындау, Басқарма мүшелерін (Төрағадан басқа) сайлау, сондай-ақ олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне жатады және айқындылық, әлеуетті, кәсіпқойлық пен құзыреттілікті бағалаудың объективтілігі қағидаттарына негізделеді. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ Басқармасының құрамын 5 (бес) адам болып белгіленді. Олардың 100%-ы Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылады.
Басқарма құрамы
(2025 жылғы 31 желтоқсан)
Айтжанов
Нәби Еркінұлы
«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы, 2023 жылғы тамыздан бастап Басқарма мүшесі
1980 жылы дүниеге келген, Қазақстан Республикасының азаматы, саладағы жұмыс өтілі – 23 жыл.
Білімі:
- С. Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университеті «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша (1997–2002 жж.), Халықаралық бизнес академиясы, Іскерлік әкімшілендіру магистрі (2012 ж.).
Соңғы бес жылдағы жұмыс тәжірибесі:
- 2023 ж. қазіргі уақытқа дейін – «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы;
- 2010–2023 жж. – «Қазақстан коммуналды жүйелері» ЖШС Бас директоры.
«KEGOC» АҚ-дағы функциялары: «KEGOC» АҚ қызметіне жалпы басшылық жасау, Компанияда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; Компанияның экономикалық, техникалық және ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
«KEGOC» АҚ-ның және оның еншілес және тәуелді ұйымдарының акцияларына иелік етпейді.
Жазықбаев
Бақытхан Медеғалиұлы
«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, 2017 жылғы ақпаннан бастап Басқарма мүшесі
1968 жылы дүниеге келген, Қазақстан Республикасының азаматы, саладағы жұмыс өтілі – 22 жыл.
Білімі:
- Т. Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясы, «Маркетинг және коммерция» мамандығы (1994 ж.), С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, «Электр энергетикасы» мамандығы (2004 ж.).
Соңғы бес жылдағы жұмыс тәжірибесі:
- 2021 ж. бастап қазіргі уақытқа дейін – «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары;
- 2018–2021 жж. – «KEGOC» АҚ Өндіріс жөніндегі басқарушы директоры;
- 2017–2018 жж. – «KEGOC» АҚ Өндірістік активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры.
«KEGOC» АҚ-дағы функциялары: өндірістік активтерді пайдалану, жөндеу және оларға қызмет көрсету, ҚР БЭЖ-інің сенімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету, қосалқы станциялардың релелік қорғаныс пен автоматтандыру құралдарын пайдалану мен жаңғырту, өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету, іске асырылатын стратегиялық жобаларды басқару, ИТК-нің сенімді жұмыс істеуі мен дамуы, филиалдармен және еншілес ұйыммен жұмыс.
«KEGOC» АҚ-ның және оның еншілес және тәуелді ұйымдарының акцияларына иелік етпейді.
Сафуани
Төлеген Есенқұлұлы
Құқықтық сүйемелдеу, HR және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор, 2017 жылғы маусымнан бастап Басқарма мүшесі
1979 жылы дүниеге келген, Қазақстан Республикасының азаматы, саладағы жұмыс өтілі – 17 жыл.
Білімі:
- Қазақ мемлекеттік заң академиясы, «Құқықтану» мамандығы (1996-2000 жж.), Қазақ технология және бизнес университеті, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы (2010–2012 жж.).
Соңғы бес жылдағы жұмыс тәжірибесі:
- 2017 жылдан қазіргі уақытқа дейін – «KEGOC» АҚ құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директоры.
«KEGOC» АҚ-дағы функциялары: Компанияның қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуы мен орындалуын бақылау; кінәраттық-талап қою жұмысы, тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау, қызметтің үздіксіздігі жүйелерін енгізу мен жетілдіру, тәуекел-мәдениетін қалыптастыру, кадр саясатын жетілдіру мен іске асыруды қамтамасыз ету, нысаналы корпоративтік мәдениетті дамыту мен әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу, IR (өндірістік қатынастар) дамыту процесін қамтамасыз ету, мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл функцияларын дамыту, жұмыскерлердің ұжымның қоғамдық өміріне қатысу мәселелерін үйлестіру.
«Энергоинформ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады.
«KEGOC» АҚ-ның және оның еншілес және тәуелді ұйымдарының акцияларына иелік етпейді.
Қонақбаева
Эльвира Бақытқызы
Стратегия және тұрақты даму жөніндегі басқарушы директор, 2022 жылғы 17 қаңтардан бастап Басқарма мүшесі
1987 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматшасы, салада жұмыс өтілі – 3 жыл.
Білімі:
- Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты (КИМЭП), «Экономика» мамандығы бойынша (2003–2007 жж.).
Соңғы бес жылдағы жұмыс тәжірибесі:
- 2022 ж. қазіргі уақытқа дейін – «KEGOC» АҚ Стратегия және тұрақты даму жөніндегі басқарушы директоры;
- 2015–2022 жж. – «Самұрық-Қазына» АҚ Корпоративтік басқару департаментінің аға менеджері, Корпоративтік басқару департаментінің директоры.
«KEGOC» АҚ-дағы функциялары: «KEGOC» АҚ даму стратегиясын және стратегиялық әрі операциялық ҚНК-ні әзірлеу, актуалдау және іске асыру, тұрақты даму мақсаттары мен көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету, корпоративтік басқару, тұрақты дамуды басқару жүйесі мен ESG деңгейін ұстап тұруды бақылауды қамтамасыз ету, ESG қағидаттарын ескере отырып бизнес-процестерді талдау мен үздіксіз жетілдіру, ESG-бастамаларды, төмен көміртекті даму бағдарламасын және климаттық бағдарламаны іске асыру, БМЖ нәтижелілігі, автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесінің жұмысын дамыту мен сүйемелдеу, жұртшылықпен байланысты қозғайтын коммуникациялар саласындағы жұмыс.
«KEGOC» АҚ-ның және оның еншілес және тәуелді ұйымдарының акцияларына иелік етпейді.
Әкімбаева
Айгүл Ермекбайқызы
Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор, 2022 жылғы мамырдан бастап Басқарма мүшесі
1978 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматшасы, салада жұмыс өтілі – 16 жыл.
Білімі:
- Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті «Қаржы және несие, Банк ісі» мамандығы бойынша (1999 ж.), «Мирбис» Мәскеу халықаралық бизнес жоғары мектебі» мемлекеттік емес білім беру мекемесінің Халықаралық бизнес университеті, Іскерлік әкімшілендіру магистрі (2009 ж.).
Соңғы бес жылдағы жұмыс тәжірибесі:
- 2022 ж. қазіргі уақытқа дейін – «KEGOC» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры;
- 2021–2022 жж. – «Самұрық-Энерго» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі бірлескен басқарушы директоры;
- 2008–2021 жж. – «Самұрық-Энерго» АҚ департамент директоры.
«KEGOC» АҚ-дағы функциялары: «KEGOC» АҚ-ның қаржы-экономикалық қызметі; ұзақ мерзімді өзгерістерді болжау мен бизнесті дамытудың жаңа мүмкіндіктерін анықтау, қысқа, орта және ұзақ мерзімді бизнес-жоспарлар, теңгерімдер мен ақша қаражаты ағындарының болжамдары, тарифтік саясат; инвесторлармен өзара қарым-қатынас; Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен, Қазақстан қор биржасымен, банктермен, сақтандыру ұйымдарымен, рейтингтік агенттіктермен, аудиторлық компаниялармен және басқа да қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық; «KEGOC» АҚ акцияларының KASE, AIX ресми тізімінде болу процесіне басшылық жасау мен оны үйлестіру; «KEGOC» АҚ-ның шоғырландырылған аудиттелген жылдық қаржылық есептілігі.
«KEGOC» АҚ-ның және оның еншілес және тәуелді ұйымдарының акцияларына иелік етпейді.
Басқарманың қызметі туралы есеп
Басқарма қызметінің негізгі қағидаттары – акционерлердің мүдделерін барынша сақтау, адалдық, адал ниеттілік, кәсіпқойлық, байыптылық, объективтілік, парасаттылық пен тұрақтылық.
2025 жылы «KEGOC» АҚ Басқармасының 32 отырысы өткізілді, оларда 153 мәселе қаралды.
Басқарма жанындағы комитеттер
Алдын ала қарау, алқалы шешімдер қабылдау және «KEGOC» АҚ Басқармасына жетекшілік ететін мәселелер бойынша ұсынымдар дайындау мақсатында Компанияда консультативтік-кеңесші органдар жұмыс істейді:
- Инвестициялық комитет;
- Тәуекелдер жөніндегі комитет;
- Бюджеттік комитет;
- Кадрлық даму жөніндегі комитет;
- Дебиторлармен және кредиторлармен жұмыс жөніндегі комитет;
- Тауарлық-материалдық қорлармен жұмыс жөніндегі комитет.