73%

Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар

Компанияда ҒЗТКЖ-ны басқару жөніндегі қызмет «KEGOC» АҚ тапсырысы бойынша орындалатын ҒЗТКЖ-ны ұйымдастыруға, жоспарлауға, есепке алуға, орындалуын бақылауға және қабылдауға бірыңғай талаптарды белгілейтін тиісті ішкі құжаттармен регламенттеледі. ҒЗТКЖ міндеттерді айқындаудан бастап әзірлеме нәтижелерін Компанияның практикалық қызметінде пайдаланудан болатын нақты әсерді бағалау мен есепке алуға дейінгі бүкіл өмірлік циклді қамтитын процесс ретінде қарастырылады.

Компанияда ҒЗТКЖ жүргізу «KEGOC» АҚ Даму жоспарына және «KEGOC» АҚ Инновациялық-технологиялық саясатына сәйкес Компанияның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған.

Компанияда ҒЗТКЖ-ны ұйымдастыру кезіндегі негізгі мақсаттар:

  • ҒЗТКЖ-ны Компанияның инновациялық-технологиялық дамуы үшін олардың басымдығы мен өзектілігін ескере отырып жоспарлау мен орындау процестерін құру, жүйелеу және дамыту;
  • ғылыми-техникалық өнімді әзірлеуге және пайдалануға байланысты процестердің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
  • өндірістік және бизнес-процестердің тиімділігі мен сапасын арттыру үшін ҒЗТКЖ нәтижелерін енгізу;
  • нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізуді мониторингтеу.

«KEGOC» АҚ технологиялық дамуының негізгі бағыттары:

  • инновациялар;
  • ҒЗТКЖ;
  • рационализаторлық және өнертапқыштық қызмет.

«KEGOC» АҚ-ның соңғы 5 жылдағы технологиялық даму көрсеткіштері

2021 2022 2023 2024 2025
Жалпы шығындар, млн теңге, оның ішінде: 236,97 3,72 15,09 56,75 14,31
Инновациялар 215,50 – – – –
ҒЗТКЖ 19,80 – – 43,55 –
Рационализаторлық қызмет 1,67 3,72 15,09 13,20 14,31
Ғылыми-зерттеу қызметімен айналысатын жұмыскерлердің саны, адам 26 26 26 26 26

Іске асырылған техникалық-экономикалық зерттеулер (ТЭЗ), ғылыми-зерттеу (ҒЗЖ) және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар (ТКЖ) жобалары

№ Жобаның атауы Іске асыру жылдары
1 ОКГТ бар 500 кВ ЭБЖ-дегі электр энергиясы шығындарын төмендету жөніндегі ҒЗЖ 2017–2020
2 ҒЗТКЖ «Қазақстан Республикасы ҰЭЖ-нің 500-220 кВ статикалық және динамикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жүйелік электр станцияларының ҚАР баптауларының тиімділігін зерттеу» 2018–2022
3 WAMS синхрофазорлық өлшеулері негізінде WACS автоматикасының алгоритмдерін әзірлеу мен оны құру жөніндегі ТЭЗ 2019–2020
4 «Батыс ЖЭТ» электр жабдығы оқшаулауының ластану факторлары мен көзін айқындау жөніндегі ҒЗЖ 2021
5 Қазақстан Республикасы БЭЖ үшін электр энергиясын жинақтағыштарды қолдану мүмкіндігі жөніндегі ТЭЗ 2021
6 Цифрлық ҚС технологиялары жөніндегі ТЭЗ 2021
7 Қазақстан Республикасы БЭЖ-інде реактивті қуатты өтеу үшін FACTS құрылғыларын таңдау жөніндегі ТЭЗ 2021–2022
8 Микропроцессорлық релелік қорғаныс және автоматика құрылғылары бар ҚС-да бақылау кабельдерінің экрандаушы қабықтарын жерге қосу қажеттігі жөніндегі ТЭЗ 2023–2024
9 Сымдарды ластанудан тазалауға арналған роботты әзірлеу жөніндегі ТКЖ 2025–2026
10 Әуе желілерінің сымдарына су мен мұздың жабысуын болдырмайтын гидрофобты-су итергіш жабындардың зертханалық прототипін әзірлеу жөніндегі ТКЖ 2025–2026

2025 жылы «Самғау» Ғылыми-технологиялық бастамалар орталығы бастаған «Samruk Innovation Hub» конкурсы шеңберінде мынадай ҒЗТКЖ жобаларын іске асыру басталды:

  • Әуе желілерінің сымдарына су мен мұздың жабысуын болдырмайтын гидрофобты-су итергіш жабындардың зертханалық прототипін әзірлеу – «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ.
  • Сымдарды ластанудан тазалауға арналған роботты әзірлеу – «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті» КЕАҚ.

Сондай-ақ 2025 жылы ҒЗТКЖ қызметі шеңберінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық қаржыландыруын алуға мынадай ҒЗЖ жобалары бойынша конкурстық өтінімдер берілді:

  • Электр энергиясын үлкен қашықтыққа тасымалдау кезіндегі шығындарын азайтудың техникалық әдістерін зерттеу және әзірлеу – «Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ-пен ынтымақтастықта.
  • ЖЭК-тің өсуі жағдайында энергожүйеде инерцияны ұстап тұру үшін оларға қойылатын талаптарды әзірлеу – «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ-пен ынтымақтастықта.

Рационализаторлық және өнертапқыштық қызмет

Рационализаторлық және өнертапқыштық қызмет (РӨҚ) «KEGOC» АҚ-да және оның еншілес ұйымында рационализаторлық және өнертапқыштық қызметті ұйымдастыру қағидаларына» сәйкес жүзеге асырылады.

РӨҚ-тың негізгі артықшылығы – осы процеске әрбір жұмыскердің қатысу мүмкіндігі, бұл өз кезегінде идеяның пайда болуынан іске асырылуына дейінгі уақытты барынша қысқартуға және Компания жұмыскерлерінің барынша көп санын қамтуға мүмкіндік береді.

РӨҚ шеңберінде Компанияның басқа бөлімшелерінде қолдануға болатын идеялар айқындалады және ұсынысты ауқымдау үшін жағдай қамтамасыз етіледі. РӨҚ-ты ұйымдастыру кезіндегі негізгі мақсаттар:

  • РӨҚ-ты жандандыру және Компания мен ЕҰ жұмыскерлерінің көпшілік техникалық шығармашылығын одан әрі дамыту;
  • РӨҚ-ты моральдық және материалдық ынталандыру арқылы Компания мен ЕҰ жұмыскерлерінің өз еңбегінің нәтижелеріне мүдделілігін арттыру.

2025 жылы 17 өтінім рационализаторлық деп танылды және рационализаторлық ұсыныстар үшін 14,312 млн теңге сомасында сыйақы төленді.

2013–2025 жылдар кезеңінде «KEGOC» АҚ-да барлығы 295 рационализаторлық ұсыныс тіркелді.

«KEGOC» АҚ-да 2013–2025 жылдар кезеңінде тіркелген рационализаторлық ұсыныстар


Инновациялар

Әлемдік үрдіске сәйкес «KEGOC» АҚ-да заманауи инновациялық және цифрлық технологиялар саласындағы жұмыс жалғасуда, оның негізі – желі объектілерін интеллектуалды басқарудың әртүрлі элементтерін (өлшеу, мониторинг, бақылау және басқару жүйелерін) енгізу, олардың базасында «Smart Grid» деп аталатын жаңа буын электр желілерін құруға болады.

Осы жаһандық трендтер шеңберінде «Қазақстан Республикасы электр энергетикасы саласын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында» «Интеллектуалды энергожүйе» құру жөніндегі индикатор белгіленді. Бұл жүйе деректерді жинау мен өңдеуді, энергожүйелерді орталықсыздандырылған басқаруды, ЖЭК-ті қоса алғанда үлестірілген генерацияны интеграциялауды, синхрофазорлық өлшеулер негізінде шешімдер қабылдауды және FACTS құрылғыларын енгізуді қамтамасыз етеді. Тұжырымдаманы іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі елдің отын-энергетикалық кешенінің (ОЭК) барлық құрылымдары үшін технологиялар архитектурасын әзірледі.

2025 жылы ЖЭК-ті интеграциялау кезінде электр энергиясын жинақтау жүйелерінің БЭЖ-ді реттеуге әсерін зерттеу үшін China Power International Development Limited, China Power International Holding Limited және «Қазақстанның жаңартылатын энергетика қауымдастығы» ЗТБ-мен «ҚР БЭЖ-іне электр энергиясын сақтау жүйелерін енгізу» пилоттық жобасын іске асыру жалғастырылды. Пилоттық жоба шеңберінде қуаты 3,45 МВт және сыйымдылығы 7,72 МВт·сағ электр энергиясын жинақтау жүйесін орнату жоспарлануда.


ОЭК-тің цифрлық ақпараттық жүйелерінің архитектурасы

2025 жылы мынадай пилоттық жобаларды іске асыру жөніндегі жұмыстар басталды:

  1. Ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдана отырып электр қондырғыларын диагностикалау және технологиялық бұзылуларды болжау;
  2. Күштік трансформаторлардың, автотрансформаторлардың және шунттаушы реакторлардың техникалық жай-күйін мониторингтеудің орталықтандырылған жүйесін әзірлеу.

SASB IF-EU-420a.2

Компанияда SCADA, ЖҚАР, ААОЖ, WAMC, WACS, ЭЭКЕАЖ, МБЖ, ТОБЖ, ЭТНЖ, БАЖ сияқты ақпараттық жүйелер енгізілді. Олардың ішінде ЭЭКЕАЖ технологиясының 100 % енгізілуін ерекше атап өткен жөн.

«KEGOC» АҚ «Smart Grid» Интеллектуалды энергожүйе тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде ОЭК-тің цифрлық ақпараттық жүйелерінің архитектурасына сәйкес келетін өндірістік процестерді цифрландырудың үш негізгі бағытын айқындады:

  1. Өндірістік операцияларды басқару (MOM) – өндірістік операциялардың сенімділігі мен тиімділігін арттыруға, бос тұрып қалуды барынша азайтуға және ресурстарды оңтайландыруға бағытталған.
  2. Өндірісті басқару жүйелері (MES) – энергожүйелерді басқаруды және процестерді мониторингтеуді қоса алғанда, өндірістік процестерді нақты уақытта мониторингтеуді, есепке алуды және басқаруды қамтамасыз етеді.
  1. Технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелері (ТПАБЖ) – қосалқы станциялар, релелік қорғаныс, диагностика және аварияға қарсы автоматика жүйелерін қоса алғанда, технологиялық процестерді автоматтандыру және бақылау.

Жоғарыда көрсетілген үш бағыт бойынша 2025 жылы SCADA/EMS жүйесін жаңғырту, синхрондалған WAMS технологиялары негізінде мониторинг жүйесін енгізу (2-кезең) жөніндегі жобаларды іске асыру жалғастырылды және WACS басқару жүйесін кеңейту жөніндегі жобаны іске асыру басталды. Аталған жобалар диспетчерлік басқарудың тиімділігін және ҚР БЭЖ жұмыс режимдерінің байқалуын арттыруға, ҚР БЭЖ-нің тұрақтылық қорларын мониторингтеуді және жай-күйін бағалауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ аварияға қарсы басқару функцияларын кеңейтуге мүмкіндік береді.

2025 жылдың желтоқсанында «Синхрондалған WAMS технологиялары негізінде мониторинг жүйесін енгізу (2-кезең)» жобасы бойынша жұмыстар толық аяқталды. Жоба шеңберінде WAMS-тың 59 бақыланатын қосылысы (ЖЭТ-дің 7 филиалында 21 қосалқы станцияда) қосылды. Жүйені кеңейту синхрондалған векторлық өлшеулердің қосымша құрылғыларынан дұрыс деректер алу есебінен Қазақстан БЭЖ диспетчерлік басқаруының тиімділігін арттыруға, сондай-ақ Қазақстан БЭЖ-нің жай-күйін бағалауды және тұрақтылық қорын мониторингтеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Жасанды интеллект технологиялары

Жасанды интеллект (ЖИ) технологиялары энергожүйелердің цифрлық трансформациясының негізгі элементіне айнала отырып, энергетика саласы үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. ЖИ ЖЭК-ті интеграциялау, энергожүйені басқару процестерінің күрделенуі және энергиямен жабдықтаудың сенімділігін арттыру қажеттігі сияқты өзекті міндеттерді шешудің тиімді құралы ретінде көрінеді.

Жасанды интеллект технологияларын енгізу жөніндегі стратегиялық қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында «KEGOC» АҚ-да 2025 жылы Компанияның ЖИ-бастамаларын қалыптастыру мен іске асырудың кезең-кезеңмен жасалатын тәсілін айқындайтын Жол карталары әзірленіп, бекітілді.

«KEGOC» АҚ-ның жасанды интеллектіні қолдана отырып жобаларды іске асыру жөніндегі бекітілген Жол картасына сәйкес (Директорлар кеңесі отырысының 2025 жылғы 26 қыркүйектегі хаттамасы, № 10 көшірме) Ұлттық электр желісінің сенімділігін арттыруға, оның жұмыс режимдерін оңтайландыруға, технологиялық шығындарды азайтуға және интеллектуалды басқару технологияларын енгізуге бағытталған 7 негізгі ЖИ-жобадан тұратын портфель қалыптастырылды.

Жұмыс істеу сенімділігі мен тиімділігін арттыру
№ Жол картасы (ЖК) бойынша кодтық атауы Жобаның атауы Мақсаты Іске асыру кезеңі Құны, млн теңге Әсер түрі
1 Digital Substation Astana Астана қ. сыртқы электрмен жабдықтау схемасын күшейту.
Электр желілік объектілерін салу
Электр желілерінің сенімділігін арттыру 2026-2028 71,20
(ТЭН әзірлеу)
Экономикалық
2 Power Flow Optimization (PLEXOS, ЖҚАР) ҰЭЖ-дегі электр қуаты ағындарын оңтайландыру (PLEXOS, ОЖ ЖҚАР-ге реттегішті енгізу) ҰЭЖ арқылы тасымалдау кезінде электр энергиясының шығындарын азайту 2026-2027 «KEGOC» АҚ Сәулет комитетінің шешімі бойынша Экономикалық
3 WACS New Controller WACS басқару жүйесін кеңейту Апатқа қарсы басқарудың тиімділігін арттыру 2026-2027 758,8 Экономикалық
4 WACS Capacity Forecast WACS негізінде ең жоғары рұқсат етілген ағындарды болжау 2026-2028 «KEGOC» АҚ Сәулет комитетінің шешімі бойынша Экономикалық
5 Жүйелік оператордың SCADA-сы SCADA/EMS жүйесін жаңғырту Диспетчерлік басқарудың тиімділігін арттыру 2023-2026 3 525,0 Сапалық
6 ЖҚАР New Connections ОЖ ЖҚАР-ге қосымша реттеу ресурстарын қосу Электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін басқару процесіне қуатты реттеудің жаңа маневрлік ресурстарын қосу 2026-2029 Станциялар тарапындағы шығындар Елдік экономикалық
7 CORE GRID AI ЖИ (Жасанды интеллект) платформасы Өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру 2026-2030 748,0 Жанама экономикалық

Сонымен бір мезгілде «KEGOC» АҚ-ның жасанды интеллект саласындағы жобалары «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Түрлендірулер бағдарламасының Жол картасына енгізілді, оның шеңберінде Компанияның 5 ЖИ-жобасы бекітілді.

№ Жол картасы (ЖК) бойынша кодтық атауы Жобаның атауы Мақсаты Іске асыру кезеңі Құны, млн теңге
1 Computer Vision Өндірістік жұмыстардың видеоматериалдарын талдау Жарақаттану деңгейін төмендету және қауіпті жағдайлар мен іс-қимылдарға жедел әрекет етуді арттыру 2027-2028 482
2 VR технологиялары Оқыту үшін виртуалды шындық технологияларын қолдану Өндірістік қызмет процестерін жетілдіру 2027-2028 285
3 ЖЭК ЖЭК-тен электр энергиясын өндіруді болжау (пилоттық жоба) ЖЭК өндірісін жоспарлау дәлдігін арттыру 2024-2026 АДБ гранты
4 Сұранысты басқару Сұранысты басқару және электр энергиясын тұтынуды талдау (пилоттық жоба) Электр энергиясын тұтынуды басқару тиімділігін арттыру 2025-2027 ЕҚДБ гранты
5 Smart GIS Геоақпараттық жүйені жаңғырту Активтерді басқару тиімділігін арттыру 2026-2029 1 038

«KEGOC» АҚ-да ЖИ-бастамаларды іске асыру Жол картасы шеңберінде кезең-кезеңмен жүзеге асырылады және үш өзара байланысты кезеңді көздейді:

  • нормативтік, әдіснамалық және архитектуралық негізді қалыптастыру;
  • ЖИ-шешімдерді енгізу және тәжірибелік пайдалану;
  • ЖИ-ді негізгі бизнес- және өндірістік процестерге ауқымдау мен интеграциялау.

Аталған тәсіл жасанды интеллект технологияларын жүйелі әрі басқарылатын түрде енгізуді, сондай-ақ жасанды интеллектіні дамыту мәселелері бойынша Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен кеңесте берілген тапсырмаларды (2025 жылғы 11 тамыз) расталған экономикалық әсері бар ЖИ-ді енгізудің практикалық мысалдарын көрсету бөлігінде орындауды қамтамасыз етеді.

2025 жылы «KEGOC» АҚ Даму жоспарын (Стратегиясын) және Жол картасын іске асыру мақсатында мынадай жобалар шеңберінде ЖИ технологияларын интеграциялау жөніндегі іс-шаралар жалғастырылды:

  1. SCADA жүйесін жаңғырту. Сатысы: іске қосу-баптау жұмыстарын орындау. Электр энергиясын өндіру мен тұтынуды болжау, ауа райы деректері мен энергожүйенің жұмыс режимдерін талдау негізінде электр энергиясының технологиялық шығынын болжау бойынша болжамдық аналитика бөлігінде қолданылатын ЖИ технологиялары;
  2. WACS басқару жүйесін кеңейту. Сатысы: бекітілген жобалау-сметалық құжаттама. Қазақстан БЭЖ-нің қауіпті режимдерін сәйкестендіру бөлігінде; тұтыну мен генерацияның жоспарлы сальдосынан ауытқуларға байланысты АНМ-нен САОН іске асырылатын орынды автоматты түрде таңдау бөлігінде қолданылатын ЖИ технологиялары;
  3. ҰЭЖ-дегі электр қуаты ауысымдарын оңтайландыру (Plexos, ОЖ ЖҚАР-ге реттегішті енгізу). 2025 жылдың соңында коммерциялық ұсынысты сұрату және жобаны іске асыруға қойылатын техникалық талаптарды бекіту жөніндегі жұмыстар басталды. Шешім қабылдау автономдылығы бөлігінде қолданылатын ЖИ технологиялары ЖИ негізіндегі сараптамалық жүйе көмегімен станциялардың жүктелуін/жүксіздендірілуін оңтайландыруға, белгілі бір өңірлердің шығындарын оңтайландыруға қатысатын станциялар топтарын бөлуге мүмкіндік береді.