Электр энергиясының балансы
2025 жылы Қазақстан Республикасы бойынша электр энергиясын өндіру 123 110,9 млн кВт·сағ, 2024 жылмен салыстырғанда 5 195,5 млн кВт·сағ-қа немесе 4,4%-ға ұлғайды.
Бұл ретте өндірудің артуы/азаюы мынадай ірі электр станцияларында орын алды:
Электр энергиясын өндіру көлемдерінің шамасындағы өзгерістер
| Электр станциялары | Электр энергиясын өндірудің ұлғаю/азаю көлемі | |
|---|---|---|
| млн кВт·сағ | % | |
| Екібастұз МАЭС-1 |
|
9,0 |
| «Жамбыл МАЭС» АҚ |
|
22,7 |
| «Топар» МАЭС» ЖШС |
|
12,3 |
| «Qarmet» АҚ (АМТ) ЖЭО-2 |
|
11,7 |
| «Kazakhmys Energy» ЖШС Жезқазған ЖЭО |
|
19,9 |
| «СевКазЭнергоПетропавловск» АҚ |
|
7,8 |
| «Қазхром» ТҰК АҚ Ақтөбе ферроқорытпа зауытының электр станциясы (ГТҚ) |
|
20,9 |
| «АлЭС» АҚ Алматы ЖЭО-2 |
|
3,7 |
| «АлЭС» АҚ Алматы ЖЭО-1 |
|
25,4 |
| «Kazakhmys Energy» ЖШС Балқаш ЖЭО |
|
7,9 |
| «ЕЭК» АҚ |
|
0,5 |
| «Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ |
|
13,2 |
| «Қазақстан алюминийі» АҚ ЖЭО-1 |
|
16,5 |
| «Павлодарэнерго» АҚ ЖЭО-3 |
|
5,8 |
| «АлЭС» АҚ Алматы ЖЭО-3 |
|
7,8 |
| «3-Энергоорталық» АҚ |
|
2,0 |
2025 жылы ЖЭС-те электр энергиясын өндірудің 3 273,0 млн кВт·сағ-қа (+3,7 %), ГТЭС-те 1 568,8 млн кВт·сағ-қа (+13,2 %) және ЖЭК-те (КЭС, ЖЭС, БГҚ) 1 083,3 млн кВт·сағ-қа (+16,9 %) артуы байқалды.
Жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) секторы тұрақты өсімді көрсетіп, Қазақстан Республикасының электр энергетикасындағы ең қарқынды дамып келе жатқан бағыттардың біріне айналуда. ЖЭК объектілерінде электр энергиясын өндіру көлемдері жыл сайын артып келеді, бұған «жасыл» энергетиканы дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар мен бастамаларды іске асыру ықпал етеді.
Төмен көміртекті дамудың халықаралық мақсаттарына адалдық шеңберінде Қазақстан Республикасы 2013 жылғы мамырда «Жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасын бекітіп, өршіл мақсат қойды: 2050 жылға қарай балама және жаңартылатын энергия көздерінің үлесі елдің энергобаланс құрылымында 50 %-ға жетуге тиіс. Осы Тұжырымдамаға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі ЖЭК үлесі бойынша кезең-кезеңмен нысаналы көрсеткіштер айқындалған:
- 2020 жылға қарай 3 %,
- 2025 жылға қарай 6 %,
- 2030 жылға қарай 10 %,
- 2050 жылға қарай 50 % (балама көздер мен ЖЭК-ті қоса алғанда).
2025 жылдың қорытындысы бойынша (ҰДО ЖО деректері бойынша) Қазақстан Республикасында жиынтық белгіленген қуаты 3 746,3 МВт болатын 170 ЖЭК объектісі жұмыс істеді:
- 62 ЖЭС объектісі, қуаты – 2 071,0 МВт;
- 51 КЭС объектісі, қуаты – 1 353,0 МВт;
- 56 ГЭС объектісі, қуаты – 321,2 МВт;
- 1 БиоЭС объектісі, қуаты – 1,1 МВт.
2025 жылы 2 ЖЭК объектісінде қуат ұлғайтылып, жиынтық қуаты 707,7 МВт болатын 13 жаңа ЖЭК объектісі пайдалануға берілді.
2025 жылдың қорытындысы бойынша ЖЭК объектілері өндірген электр энергиясының көлемі (ҰДО ЖО деректері бойынша) 8,65 млрд кВт·сағ (ЖЭС – 5 400,7 млн кВт·сағ; КЭС – 2 074,6 млн кВт·сағ; ГЭС – 1 175,1 млн кВт·сағ; БиоЭС – 1,8 млн кВт·сағ) немесе электр энергиясын өндірудің жалпы көлемінен 7,0 % құрады, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 14,5 %-ға өсуді білдіреді.
2025 жылы ЖЭК объектілерінің электр энергиясын өндіруі жөніндегі ақпарат
| Көрсеткіштер | Өлшем бірліктері | 2025 жыл үшін |
|---|---|---|
| Белгіленген қуат, оның ішінде: | МВт | 3 746,3 |
| жел электр станциялары | МВт | 2 071,0 |
| шағын ГЭС | МВт | 321,2 |
| Күн электр станциялары | МВт | 1 353,0 |
| биоэлектр станциялары | МВт | 1,1 |
| Электр энергиясын өндіру, оның ішінде: | млн кВт·сағ | 8 652,2 |
| жел электр станциялары | млн кВт·сағ | 5 400,7 |
| шағын ГЭС | млн кВт·сағ | 1 175,1 |
| Күн электр станциялары | млн кВт·сағ | 2 074,6 |
| биоэлектр станциялары | млн кВт·сағ | 1,8 |
| ЖЭК өндіретін электр энергиясының электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі үлесі | % | 7,0 |
| ЖЭК объектілерінің электр энергиясын өндіруінің 2025 жылы 2024 жылмен салыстырғандағы өсуі – 14,5%-ды құрайды | ||
«KEGOC» АҚ өз қызметін тек электр энергиясын жеткізу саласында ғана жүзеге асырады. ЕО таксономиясына сәйкес, электр энергиясын жеткізу мен бөлу, егер олар жаңартылатын энергия көздерімен байланысты болса, тұрақты деп жіктелуі мүмкін. 2025 жылы Қазақстан Республикасының энергетикалық теңгеріміндегі ЖЭК үлесі 7,0 %-ды құрады. Осыны негізге ала отырып, KEGOC тұрақты кірісті жеткізілген электр энергиясының жалпы көлеміндегі ЖЭК үлесіне пропорционалды түрде есептеді: 2025 жылғы тұрақты кіріс 27,8 млрд теңгені құрады. Осылайша, KEGOC кірістерінің бір бөлігі ЕО таксономиясының критерийлеріне сәйкес «тұрақты кіріс» ретінде біліктіліктен өтеді (бағаланады). Компания сонымен қатар ЖЭК-ті одан әрі интеграциялауға және энергия жүйесінің тұрақтылығын арттыруға бағытталған цифрлық жобаларды (Smart Grid, WAMS, WACS, CSPA) іске асыруда.
| 2022 | 2023 | 2024 | 2025 | |
|---|---|---|---|---|
| Тұрақты табыстар, теңге | 9 559 244 112 | 15 128 182 980 | 20 473 979 648 | 27 841 569 839 |
| Жалпы табыс, теңге | 217 255 548 000 | 252 136 383 000 | 319 905 932 000 | 397 736 710 000 |
| Тұрақты табыстардың пайызы | 4,4 % | 6,0 % | 6,4 % | 7,0 % |
Азия Даму Банкімен (АДБ) ынтымақтастық шеңберінде Компанияда ЖЭК өндірісін болжауға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету (ENFOR) енгізілді. Бағдарламалық қамтамасыз ету Жүйелік оператордың генерацияны жоспарлау және болжау жөніндегі құралдар жиынтығын кеңейтеді. ҰДО ЖО филиалында ЖЭК-ті интеграциялау бойынша жүйелі жұмысты қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшенің функциялары түзетілді.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы есепті кезеңдегі электр энергиясын тұтынуы 2024 жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 4 611,0 млн кВт·сағ-қа (3,8 %) артып, 124 606,5 млн кВт·сағ құрады. Солтүстік аймақ бойынша электр энергиясын тұтыну 205,3 млн кВт·сағ-қа (0,3 %), Қазақстанның Батыс аймағы бойынша 2 141,6 млн кВт·сағ-қа (13,2 %), Оңтүстік аймақ бойынша 2 264,1 млн кВт·сағ-қа (8,0 %) артты.
2024 жылмен салыстырғанда электр энергиясын тұтынудың өзгерістері былайша қалыптасты:
2025 жылғы электр энергиясын тұтынудың көлемі 2024 жылмен салыстырғанда
| Тұтынушылар | Электр энергиясын өндірудің ұлғаю/азаю көлемі | |
|---|---|---|
| млн кВт·сағ | % | |
| «Қазхром» ТҰК» АҚ (АФЗ) |
|
4,2 |
| «Қазфосфат» ЖШС |
|
6,6 |
| «Qarmet» АҚ |
|
1,1 |
| «Қазақстан алюминийі» АҚ |
|
1,8 |
| «Kazakhmys Smelting» ЖШС* |
|
0,1 |
| «Қазхром» ТҰК» АҚ Ақсу ФЗ |
|
7,6 |
| «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС (ЖТМ, БТМ, КТМ) |
|
15,6 |
| «Соколов-Сарыбай КӨБ» АҚ |
|
6,8 |
| «Қазмырыш» ЖШС |
|
2,8 |
| «АМӨЗ» ЖШС |
|
4,6 |
| «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ |
|
0,3 |
* Ұлытау облысы бойынша «Kazakhmys Smelting» ЖШС РЭК-ке өтті.
2025 жылы 2024 жылмен салыстырғанда электр энергиясын тұтынудың ең көп өсуі Атырау облысы бойынша 2 032,4 млн кВт·сағ-қа (24,7 %), Алматы облысы бойынша 747,1 млн кВт·сағ-қа (5,9 %), Түркістан облысы бойынша 664,8 млн кВт·сағ-қа (9,6 %), Жамбыл облысы бойынша 646,1 млн кВт·сағ-қа (12,7 %) байқалады.
2025 жылы электр энергиясын тұтыну өндіруден 1 495,6 млн кВт·сағ-қа асып түсті.
Есепті кезеңде Ресей Федерациясымен электр энергиясының сальдо-ауысымы – 2 479,3 млн кВт·сағ (2024 жылы Ресей Федерациясымен – 3 411,1 млн кВт·сағ). Бұл ретте Ресей Федерациясына электр энергиясының экспорты – 2 159,5 млн кВт·сағ (2024 жылы – 1 514,9 млн кВт·сағ). Ресей Федерациясынан электр энергиясының импорты – 4 638,8 млн кВт·сағ (2024 жылы – 4 926,0 млн кВт·сағ). Экспорт пен импорт Ресей Федерациясымен теңгерімдеуші электр энергиясының көлемдерін ескере отырып келтірілген.
Орталық Азиямен сальдо-ауысым – 983,7 млн кВт·сағ (2024 ж. ОА-мен 1 331,0 млн кВт·сағ). Бұл ретте ОА-ға экспорт 1 784,6 млн кВт·сағ құрады (2024 ж. – 1 624,1 млн кВт·сағ). ОА-дан электр энергиясының импорты 800,9 млн кВт·сағ (2024 ж. – 293,1 млн кВт·сағ).
