Дивидендтік саясат
«KEGOC» АҚ-ның дивидендтік саясаты Компания мен оның акционерлерінің мүдделерін теңгерімді түрде сақтауға, Компанияның инвестициялық тартымдылығы мен капиталдандырылуын арттыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес акционерлердің құқықтарының қатаң сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Компания капиталдандырудың өсуімен қатар, жыл ішіндегі таза кіріс мөлшері мен Компанияның өндірістік және инвестициялық қызметін дамыту қажеттіліктерін негізге ала отырып, төленетін дивидендтер көлемін ұлғайтуға ұмтылады.
Дивидендтер төлеудің негізгі шарттары:
- есепті кезеңдегі таза пайданың және (немесе) бөлінбеген пайданың болуы;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында және Компанияның дивидендтік саясаты туралы ережесінде көзделген дивидендтер төлеуге шектеулердің болмауы;
- Компанияның Акционерлердің жалпы жиналысының дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдауы.
ХҚЕС-қа сәйкес дайындалған «KEGOC» АҚ-ның шоғырландырылған қаржылық есептілігі негізінде айқындалатын қаржы жылы немесе жарты жыл ішіндегі таза кіріс не бөлінбеген пайда дивидендтер төлеудің көзі болып табылады.
Компанияның Директорлар кеңесі қаржы жылы немесе жартыжылдық үшін таза табысты бөлу тәртібі мен дивидендтер мөлшері туралы ұсынысты дайындау кезінде дивидендтер төлеуге бағытталатын сома таза табыстың кемінде 60 %-ын құрауға тиіс екенін негізге алады. «KEGOC» АҚ-ның жай акциялары бойынша жыл қорытындысы бойынша дивидендтер төлеу туралы шешімді Компанияның жылдық қаржылық есептілігі бекітілгеннен кейін жылдық Акционерлердің жалпы жиналысы қабылдайды.
«KEGOC» АҚ-ның жай акциялары бойынша жартыжылдық қорытындысы бойынша дивидендтер төлеу туралы шешімді тиісті кезең үшін Компанияның қаржылық есептілігіне аудит жүргізілгеннен кейін 3 ай ішінде Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы қабылдай алады. Акционерлердің жалпы жиналысы Директорлар кеңесінің ұсыныстарын қарап, өз қалауы бойынша «KEGOC» АҚ-ның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдайды, «KEGOC» АҚ-ның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін бекітеді, сондай-ақ дивидендтер төлеудің басталу күнін айқындайды.
«KEGOC» АҚ дивидендтерін төлеу
| Дивидендтер есептелген кезең | 2020 | 2021 | 2022 | 2023 | 2024 | 2025 | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| 1-жартыжылдық үшін | 2-жартыжылдық үшін | 1-жартыжылдық үшін | 2-жартыжылдық үшін | 1-жартыжылдық үшін | 2-жартыжылдық үшін | 1-жартыжылдық үшін | 2-жартыжылдық үшін | 1-жартыжылдық үшін | 2-жартыжылдық үшін | 1-жартыжылдық үшін | ||
| Бір акцияға шаққандағы дивиденд мөлшері, теңге | 77,09 | 75,01 | 84,72 | 50,85 | 65,44 | 50,59 | 77,74 | 79,5 | 82,4 | 81,0 | 80,90 | |
| Есептелген дивидендтердің жалпы сомасы, мың теңге | 20 043 293 | 19 502 496 | 22 027 082 | 13 220 929 | 17 014 309 | 13 153 330 | 20 212 292 | 21 885 772 | 22 684 121 | 22 298 711 | 22 271 182 | |
| Дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдаған эмитенттің басқару органының атауы | Акционерлердің жалпы жиналысы | |||||||||||
| Дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданған эмитенттің басқару органы отырысының өткізілген күні, хаттаманың күні мен нөмірі | 2020 жылғы 23 қазан № 19 | 2021 жылғы 27 сәуір № 21 | 2021 жылғы 29 қазан № 24 | 2022 жылғы 26 мамыр № 27 | 2022 жылғы 27 қазан № 29 | 2023 жылғы 2 мамыр № 31 | 2023 жылғы 26 қыркүйек № 34 | 2023 жылғы 2 мамыр № 35 | 2024 жылғы 11 қазан № 36 | 28 сәуір 2025 жылы № 37 | 20 қазан 2025 жылы № 38 | |
| Дивидендтер алуға құқығы бар тұлғалар тізімін жасау күні | 2020 жылғы 29 қазан | 11 мамыр 2021 жылы | 2021 жылғы 8 қараша | 2022 жылғы 7 маусым | 2022 жылғы 15 желтоқсан | 12 мамыр 2023 жылы | 2023 жылғы 26 қыркүйек | 24 мамыр 2024 жылы | 2024 жылғы 28 қазан | 28 мамыр 2025 жылы | 28 қазан 2025 жылы | |