Даму жоспары (Стратегия)
GRI 2-12, 2-22, 2-23, 2-24
«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасы электр энергетикалық жүйесінің негізгі инфрақұрылымдық операторы болып табылады және елдің энергетикалық қауіпсіздігі мен тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуде жүйеқұраушы рөл атқарады. Компания қызметінің ауқымы мен маңыздылығы мемлекеттің, қоғамның, бизнестің, жұмыскерлер мен инвесторлардың мүдделерінің теңгеріміне бағытталған ұзақ мерзімді стратегияны қалыптастыру мен іске асыру кезінде жоғары жауапкершілікті айқындайды.
Компанияның стратегиясы саладағы құрылымдық өзгерістер, электр энергиясын тұтынудың өсуі және технологиялық ортаның күрделенуі жағдайында Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің сенімді, тұрақты және бейімделгіш жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Стратегиялық контекст және сыртқы факторлар
«KEGOC» АҚ стратегиясын қалыптастыру мен іске асыру әлемде және Қазақстан Республикасында электр энергетикасы мен инфрақұрылымдық компаниялардың дамуына әсер ететін негізгі сыртқы факторларды ескере отырып жүзеге асырылады, оның ішінде:
- энергетикалық ауысу және экономиканы декарбонизациялау;
- жаңартылатын энергия көздерінің үлесінің өсуі және генерация сипатының өзгеруі;
- экономикалық өсу мен электрлендіру салдарынан электр жүктемелерінің артуы;
- энергожүйелерді басқаруды цифрландыру және киберқауіпсіздіктің маңыздылығын арттыру;
- инвесторлар, халықаралық қаржы институттары мен қоғам тарапынан тұрақты даму, қоршаған ортаны қорғау және адам құқықтарын сақтау бөлігіндегі талаптардың күшеюі.
Аталған үрдістер жаңа сын-қатерлерді қалыптастырады әрі бір мезгілде энергожүйені жаңғырту мен оның тұрақтылығын арттыру үшін мүмкіндіктер жасайды.
Стратегиялық басқару және Директорлар кеңесінің рөлі
«KEGOC» АҚ-ның 2023–2032 жылдарға арналған Даму жоспарын (Стратегиясын) Компанияның Директорлар кеңесі бекітті. Директорлар кеңесі стратегиялық басымдықтарды қалыптастыруды қадағалайды, энергожүйенің даму сценарийлерін, негізгі тәуекелдер мен инвестициялық шешімдерді қарайды, сондай-ақ тұрақты даму қағидаттарын Компания қызметіне интеграциялауды бақылайды.
Стратегияны әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары, ұлттық басымдықтар мен мемлекеттік бағдарламалар, елдің халықаралық міндеттемелері, соның ішінде адам құқықтары мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы міндеттемелері, сондай-ақ мүдделі тараптардың үміттері мен мүдделері ескерілді. Стратегия басқарудың барлық деңгейлерінде басқарушылық шешімдер қабылдау үшін негіз болып табылады және Компания дамуының ұзақ мерзімді сабақтастығын қамтамасыз етеді.
Стратегияны іске асырудың негізгі факторлары
«KEGOC» АҚ Стратегиясын табысты іске асыру мынадай өзара байланысты факторларға негізделеді:
- активтер мен инвестициялық жобаларды басқаруға портфельдік тәсілді енгізуді қоса алғанда, операциялық және инвестициялық тиімділікті арттыру;
- электр энергетикасы саласының трансформациялануына, соның ішінде энергетикалық көшуге, ЖЭК-ті дамытуға, цифрландыруға және жасанды интеллектті енгізуге, процестерді автоматтандыруға, сондай-ақ ақпараттық және киберқауіпсіздік шараларын күшейтуге бейімделу;
- жауапкершілік, тұрақтылық және инновация мәдениетін қалыптастыруға бағытталған адами капиталды дамыту және корпоративтік ойлауды трансформациялау.
Стратегияның негізінде жатқан құндылықтар мен қағидаттар
«KEGOC» АҚ-ның стратегиялық шешімдері корпоративтік құндылықтарға және бизнесті жауапты жүргізу қағидаттарына, оның ішінде айқындылыққа, есеп берушілікке, адам құқықтарын құрметтеуге, қауіпсіздік басымдығына және ұзақ мерзімді тұрақтылыққа бағдарлануға сүйене отырып қабылданады. Бұл қағидаттар Компанияның корпоративтік басқару, тәуекелдерді басқару, инвестициялық жоспарлау және операциялық қызмет жүйесіне интеграцияланған.
Стратегиялық сын-қатерлер және ден қою басымдықтары
Стратегиялық талдау мен SWOT-талдаудың нәтижелері Компанияның қызметіне және орта мерзімді әрі ұзақ мерзімді перспективада стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге мынадай негізгі сын-қатерлер топтары әсер ететінін көрсетті:
- Инфрақұрылымның сенімділігі мен дамуы: жүктемелердің болжамды өсуін ескере отырып Ұлттық электр желісінің өткізу қабілетінің жеткіліксіздігі, электр желілерінің тозу дәрежесінің артуы және осыған байланысты активтердің істен шығу тәуекелдері.
- Энергожүйенің теңгерімі мен икемділігі: орта мерзімді перспективада электр энергиясы мен қуаттың күтілетін тапшылығы, жаңартылатын энергия көздерін дамыту және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығын енгізу.
- Технологиялық даму мен қауіпсіздік: энергожүйені басқаруды одан әрі цифрландыру мен автоматтандыру, сондай-ақ киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды күшейту қажеттігі.
- Инвестициялар мен қаржыландыру: инвестициялық жобалардың жаңартылған портфелін іске асыру және ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін ең тиімді әрі қолжетімді қаржыландыру көздерін тарту.
- Компанияның институционалдық рөлі: «KEGOC» АҚ-ның электр энергетикасы саласын басқаруға жаңа тәсілдерді қалыптастыруға және электр энергиясы нарығының моделін (дизайнын) дамытуға белсенді қатысу қажеттігі.
Бұл сын-қатерлерді Компания тек тәуекел көздері ретінде ғана емес, сонымен бірге тұрақтылықты арттыру, технологиялық жаңару және «KEGOC» АҚ-ның елдің негізгі инфрақұрылымдық операторы ретіндегі рөлін нығайту ынталандырушылары ретінде де қарастырады.
Стратегиялық сабақтастық
2025 жылы «KEGOC» АҚ 2023–2032 жылдарға арналған Стратегияны іске асыруды жалғастырып, оны операциялық, инвестициялық және басқарушылық қызметке практикалық интеграциялауды, сондай-ақ Компанияның Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласының тұрақты дамуына қосатын үлесін дәйекті түрде күшейтуді қамтамасыз етеді.
Осыған байланысты Компанияның 2023–2032 жылдарға арналған Даму жоспарында (Стратегиясында) үш стратегиялық мақсат айқындалған:
1-стратегиялық мақсат.
Энергетикалық ауысу жағдайында Қазақстан Республикасы БЭЖ-нің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету (ҰЭЖ СЕНІМДІЛІГІ МЕН ДАМУЫ).
Міндеттер
- Қазақстан Республикасының БЭЖ (Біртұтас электр энергетикалық жүйесі) жүйелік операторының функцияларын орындау;
- Қазақстан Республикасының ҰЭЖ-ін (Ұлттық электр желісін) озық дамыту, ЖЭК-ті (Жаңартылатын энергия көздерін) 19 % деңгейінде тиімді интеграциялау;
- интеллектуалды энергия жүйесін (Smart Grid) қалыптастыру үшін заманауи инновациялық және цифрлық технологияларды, жасанды интеллектіні енгізу.
Мақсаттарға қол жеткізудің негізгі индикаторлары
- GA
- AIT
2-стратегиялық мақсат.
ESG қағидаттарына сәйкес тұрақты дамуды қамтамасыз ету (ТҰРАҚТЫ ДАМУ).
Міндеттер
- көміртек ізін азайту;
- адами капиталды дамыту;
- корпоративтік басқаруды жетілдіру;
- кәсіби қауіпсіздік жүйесін жетілдіру.
Мақсаттарға қол жеткізудің негізгі индикаторлары
- LTIFR
- ESG-рейтинг
3-стратегиялық мақсат.
Таза активтердің құнын арттыру (ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ).
Міндеттер
- қаржылық тұрақтылықты нығайту;
- Компанияның оң имиджін қалыптастыру мен ұстап тұру;
- халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
Мақсаттарға қол жеткізудің негізгі индикаторлары
- TSR
- EBITDA margin
«KEGOC» АҚ стратегиясы 2023–2032
Қазақстан Республикасының электр энергетикалық жүйесінің сенімді және тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету
«KEGOC» АҚ стратегиясы елдің энергетикалық қауіпсіздігіне, энергия жүйесінің тұрақтылығына және саланың құрылымдық өзгерістеріне бейімделуге бағытталған
Энергетикалық көшу және декарбонизация
ЖЭК (ВИЭ) өсімі
Тұтыну мен электрлендірудің өсуі
Цифрландыру және киберқауіпсіздік
ESG саласындағы күтулер
Директорлар кеңесі
2023–2032 жылдарға арналған стратегия
Тәуекелдер мен сценарийлер
Инвестициялар
Тұрақты даму
Сенімді инфрақұрылым
Өткізу қабілеті және тозуы.
Баланс және икемділік
ЖЭК және теңгерімдеуші нарық
Цифрландыру және қауіпсіздік
Автоматтандыру және киберқауіпсіздік
Тиімді инвестициялар
Портфель және қаржыландыру
Институционалдық рөл
Нарық моделі және дамуы
Қауіпсіздік
Адам құқықтары
Экология
Ашықтық
Адами капитал
Ұзақ мерзімді құндылықтар
Энергетикалық қауіпсіздік
Тұрақты энергия жүйесі
Сенім және серіктестік
Сенім және серіктестік
(Барлық стратегиялық жобаларға қолданылады)
Стратегия ҚР заңнамасын, халықаралық міндеттемелерді және мүдделі тараптардың күтулерін ескере отырып іске асырылады.