Инвестициялық қызмет
Ел экономикасының тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін жалпы электр энергетикасы саласын, оның ішінде электр желілік инфрақұрылымды озыңқы дамыту қажет.
Компания тиімділікті арттыру, ҰЭЖ жұмысының сенімділігі мен желілердің өткізу қабілетін ұлғайту мақсатында ауқымды инвестициялық жобаларды іске асыруды белсенді түрде жалғастыруда. Бұл жобалар ЖЭК-ті (генерациясының тұрақсыздығымен ерекшеленетін күн және жел электр станциялары) дамыту үшін жағдай жасауды, ірі ЖЭК объектілерінің қуатын беруді қамтамасыз ету үшін тиісті электр желілік құрылысты ескере отырып іске асырылады.
Сонымен қатар жобалар маңызды әлеуметтік мәнге ие – құрылыс-монтаж жұмыстарын (ҚМЖ) жүргізу уақытында қосымша жұмыс орындары құрылады. Бұл өз кезегінде экономиканың нақты секторының дамуына, халықтың жұмыспен қамтылуы мен әл-ауқатының артуына, бюджеттерге салықтық аударымдардың ұлғаюына оң әсер етеді.
2025 жылы Компания мынадай ірі инвестициялық жобаларды іске асырады:
«KEGOC» АҚ-ның 2025 жылғы инвестициялық жобалары
Батыс Қазақстан энергожүйесін Қазақстан БЭЖ-імен біріктіру. Электр желілік объектілерді салу.
Жобаның мақсаты
Батыс аймақтың тұтынушыларын электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыру және электр энергиясы мен қуат теңгерімсіздіктерін өтеу үшін Батыс аймақтың маневрлік генерациясын іске қосу мақсатында Батыс аймақты ҚР аумағы бойынша Қазақстан БЭЖ-нің негізгі бөлігімен біріктіру үшін ұзындығы 604,3 км Қарабатан ТП – Үлке ҚС 500 кВ ӘЖ салу
Қаржыландыру көзі
Жоба меншікті қаражат және ҚДБ мен ЕҚДБ-ның қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылады.
Жобаны іске асыру мәртебесі
Жоба бойынша жұмыс өндірісінің кестесіне сәйкес құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.
Аяқталу мерзімі
2027 жылғы 31 желтоқсан.
Қазақстан Республикасы БЭЖ Оңтүстік аймағының электр желісін күшейту.
Жобаның мақсаты
Оңтүстік аймақтың тұтынушыларын электрмен жабдықтаудың сенімділігін қамтамасыз ету және Оңтүстік аймақ облыстары арасындағы электр байланысын күшейту үшін Қазақстан Республикасы аумағы бойынша БЭЖ Оңтүстік аймағының электр энергетикалық жүйесін күшейту.
Қаржыландыру көзі
Жоба меншікті қаражат және Азия Даму Банкінің қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылады.
Жобаны іске асыру мәртебесі
Жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жұмыс өндірісінің кестесіне сәйкес жүргізілуде.
Аяқталу мерзімі
2027 жылғы 30 маусым.
Инвестициялық жобалар портфелін қалыптастыру кезінде «KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасы БЭЖ электр энергиясы мен қуатының болжамды балансын әзірлеуге және жыл сайын өзектендіруге негізделген сценарийлік тәсілді пайдаланады. Бұдан басқа, климаттың өзгеру тәуекелдері, атап айтқанда ТЖ тәуекелінің туындауына әкелетін табиғи факторлар (су тасқыны, дауыл, жер сілкінісі, эпидемиялар) ескеріледі.
Электр желісінің сенімділігін қамтамасыз ету және қысқа мерзімді перспективада бірінші дәрежелі авариялар мен істен шығулардың туындау негізгі тәуекелін барынша азайту мақсатында Компания ҰЭЖ-ді дамытуға бағытталған мынадай инвестициялық жобаларды іске асыруды жоспарлайды:
1. «KEGOC» АҚ филиалдарының 220-500 кВ ӘЖ реконструкциясы, II кезең.
Жобаның мақсаты – нормативтік қызмет мерзіміне жеткен қолданыстағы ЭБЖ-ні, сондай-ақ қызмет мерзімі таяу жылдарда нормативтікке жететін ӘЖ-ні реконструкциялау арқылы Қазақстан Республикасы ҰЭЖ жұмысының сенімділігін арттыру.
Реконструкциялау объектілері ретінде «Ақмола ЖЭТ», «Орталық ЖЭТ», «Шығыс ЖЭТ», «Солтүстік ЖЭТ» филиалдарының балансындағы жалпы ұзындығы 4 236 км 48 ӘЖ 220–500 кВ болады. Жоба бойынша ТЭН әзірленді, «Мемсараптама» РМК-ның оң қорытындысы алынды, ЖСҚ әзірленуде.
2. «KEGOC» АҚ филиалдарының 220–500 кВ ӘЖ реконструкциясы, III кезең.
ҰЭЖ-ді реконструкциялау қажеттігі мынадай себептермен айқындалады:
- бірқатар 220-500 кВ ӘЖ нормативтік қызмет мерзіміне жетуі және одан асуы;
- тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыру, электр энергиясын транзиттеу, электр станцияларының қуатын беру.
Реконструкциялау объектілері ретінде «Алматы ЖЭТ», «Орталық ЖЭТ», «Оңтүстік ЖЭТ» филиалдарының балансындағы жалпы ұзындығы 4 332 км 44 ӘЖ 220-500 кВ болады. Жоба бойынша әзірленген ТЭН-нің мемлекеттік сараптамасы жүргізілуде.
3. Жаңа цифрлық 500 кВ ҚС салумен Астана қ. сыртқы электрмен жабдықтау сұлбасын күшейту: жоба астананы электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға бағытталған, бұл қаланың электр энергиясына өсіп келе жатқан қажеттіліктерін жабуға, сондай-ақ Астана қаласы ауданында жаңа перспективалы тұтынушыларды қосуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жоба бойынша әзірленген ТЭН-нің мемлекеттік сараптамасы жүргізілуде.
4. «Солтүстік-Оңтүстік» тұрақты ток желісін салумен Қазақстан БЭЖ-нің транзиттік әлеуеті мен өткізу қабілетін арттыру: жоба Солтүстік-Оңтүстік транзитінің өткізу қабілетін 2 000 МВт-қа дейін арттыруға, сондай-ақ АЭС пен ЖЭК-ті тиімді интеграциялауға мүмкіндік береді. Жоба сонымен қатар Қазақстанның оңтүстігінің электр энергиясына қажеттіліктерін жабу, ЖЭК-тің елеулі дамуы мен жүктемелердің өсуі жағдайында энергожүйе жұмысының тұрақтылығын арттыру міндеттерін шешеді.
Бұдан басқа, 2035 жылға дейінгі ұзақ мерзімді перспективада «KEGOC» АҚ инвестициялық портфельді ҰЭЖ-ді дамыту жөніндегі мынадай ірі жобалармен толықтыруды қарастырады:
«Алматы облысы мен Жетісу облысының электр желісін дамыту» жобасы: жоба жаңа тұтынушыларды қосуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, гидроэнергетика мен ЖЭК-тің жаңа объектілерін қосу үшін жағдай мен мүмкіндіктер жасайды.
Әзербайжан, Қазақстан және Өзбекстан арасында өңірлік энергетикалық ынтымақтастықты нығайту және трансшекаралық электр энергиясы саудасын ілгерілету мақсатында су асты кабель желісін салуды қамтитын «Жасыл дәліз» жобасын іске асыру жоспарлануда. Жобада энергетикалық жүйелерді біріктіру және жаңартылатын энергияны беру мен сату үшін жасыл дәліз құру көзделген.
Сондай-ақ компанияның жоспарларында Қарағанды ҚС және Астанадан Қарағандыға дейінгі 500 кВ ӘЖ салу сияқты жобаларды іске асыру бар. Жобаның мақсаты – елдің ірі өнеркәсіптік кәсіпорындары шоғырланған Орталық энергетикалық торабын электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыру.
Маневрлік электр станцияларының және ірі ЖЭК объектілерінің қуатын беруді қамтамасыз ету, сондай-ақ энергожүйенің сенімділігін арттыру үшін Қарағанды – Жезқазған – Қызылорда – Шымкент 500 кВ ӘЖ салу жөніндегі жобаны іске асыру жоспарлануда.
АЭС пен ЖЭК объектілерінің қуатын беруді қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қарабатан ҚС – Бейнеу ҚС – Маңғыстау ҚС 500 кВ желілерін салумен Батыс энергетикалық торабын күшейту жөніндегі жобаны іске асыру да жоспарлануда.
Батыс аймақты Қазақстан БЭЖ-імен біріктіру жобасы (2-кезең) Қазақстан энергожүйесін сақина түрінде тұйықтауға және Батыс аймақтың газ генерациясының маневрлігі есебінен ЖЭК-ті теңгерімдеуге мүмкіндік береді әрі перспективада Кавказ – Орталық Азия энергетикалық дәлізін іске асыру үшін жағдай жасайды.