Мүдделер қайшылығы
GRI 2-15
Іскерлік этика кодексіне және «KEGOC» АҚ лауазымды тұлғалары мен жұмыскерлерінің мүдделер қайшылығын реттеу саясатына сәйкес жұмыскердің өз лауазымдық міндеттерін тиімді орындауының қажетті шарттарының бірі жұмыскердің, сондай-ақ Компанияның лауазымды тұлғаларының мүдделер қайшылығына жол бермеуі болып табылады, мұндай қақтығысы туындаған жағдайда оны ашып көрсету және реттеу қажет.
Компанияның лауазымды тұлғалары мен жұмыскерлері 2025 жылы мүдделер қайшылығы жағдайларына жол берген жоқ:
- олардың өз міндеттерін тиісінше орындауына жеке мүдделерінің әсер етуі мүмкін болатын жағдайлар туындаған жоқ;
- шешімдерді бейтарап қабылдауға әсер ететін немесе әлеуетті түрде әсер етуі мүмкін мүдделер қайшылығы бар жағдайлар болған жоқ;
- мүдделілігі бар лауазымды тұлғалар мұндай шешімдерді талқылауға және қабылдауға қатысқан жоқ.
Превентивті шара (алдын алу) ретінде «KEGOC» АҚ-ның лауазымды тұлғалары мен жұмыскерлерінің мүдделер қайшылығын реттеу жөніндегі саясатқа сәйкес ықтимал мүдделер қайшылығын ашу туралы декларация нысаны қолданылады. 2025 жылы Директорлар кеңесінің құзыретіндегі мүдделілік бар мәмілелерді жасасу мәселелері бойынша талқылау мен дауыс беруге тек тәуелсіз директорлар ғана қатысты, бұл туралы Директорлар кеңесі отырыстарының хаттамаларында тиісті жазбалар жасалды. Есепті жылы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ филиалдары мен «Батыс транзит» АҚ арасында жабдыққа жедел және пайдалану қызметін көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға арналған 3 (үш) шартқа жалпы сомасы 446,3 млн теңгеге қол қою арқылы жасалуына мүдделілік бар мәмілелерді жасасу туралы шешімдер қабылдады.
2025 жылы «KEGOC» АҚ-ның 1 (бір) ірі мәмілесі жасалды: 2024 жылы «Building and construction» ЖШС, «Энергетика ғылыми-инжинирингтік орталығы» ЖШС-мен бірлесіп «EIS Corporation» ЖШС құрамындағы консорциуммен бұрын жасалған шартқа күрделі салымдарды игеру сомаларын қайта бөлуді көздейтін қосымша келісім.