Миссиясы мен құндылықтары
Компанияның көрегендігі – «Энергетикалық ауысу жағдайында болашақтың энергетикалық жүйесі мен нарығын өзгертуге ықпал ететін, экономиканың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз ететін және инфрақұрылымды жоспарлау мен таза энергияны дамыту арқылы тұрақты электр энергетикалық жүйенің дамуына үлес қосатын Қазақстан Республикасы БЭЖ Жүйелік операторы».
Компанияның миссиясы – Қазақстан Республикасы энергожүйесінің сенімділігін, қолжетімділігін және озық дамуын қамтамасыз ету.
Даму жоспары (Стратегия) Компанияның ұзақ мерзімді тұрақты дамуына бағытталған, энергетикалық ауысуға байланысты жаһандық трендтердің әсерін және ЖЭК-ті энергетикалық жүйеге интеграциялауды ескереді, экономиканы декарбонизациялауға және елдегі экономикалық өсуді қамтамасыз етуге байланысты процестерді, Қазақстан Республикасында орта мерзімді перспективада электр энергиясы мен қуат тапшылығының туындауы жөніндегі мәселелерді шешу қажеттігін, заманауи инновациялық және цифрлық технологияларды енгізуді, ҒЗТКЖ-ны, ESG қағидаттарына адалдықты көздейді.
Компанияның корпоративтік құндылықтары
Әділдік пен адалдық
- Біз әркімнің пікірін естиміз және күрделі мәселелерді ашық талқылай отырып шешім қабылдаймыз
- Біз өзімізге алған міндеттемелерді орындаймыз, сөзімізде тұрамыз
- Біз этикалық тұрғыдан әрекет етеміз
Сын-қатер мен даму
- Біз тиімділікті арттырудың жаңа жолдарын іздейміз және бастамаларды қолдаймыз
- Біз үздік тәжірибелерді ескере отырып үнемі жетіліп әрі дамып отырамыз
- Біз кез келген қиындықты еңсеріп, қойылған мақсаттарға қол жеткіземіз
Бірлік пен жауапкершілік
- Біз компанияға, қоғамға және қоршаған ортаға зиян келтіруге жол бермейміз
- Біз дербес жауапкершілікті өзімізге аламыз және шешім қабылдаймыз
- Біз бір-бірімізге көмектесеміз әрі сенеміз, тәжірибе мен біліммен бөлісеміз
Дәстүр мен құрмет
- Біз компанияның мүдделерін жеке мүдделерден жоғары қоямыз және мүдделер қайшылығына жол бермейміз
- Біз адамдарға құрметпен қараймыз және компанияда қол жеткізілгеннің бәрін бағалаймыз
- Біз компанияның нормаларын, қағидалары мен құндылықтарын бөлісеміз әрі ұстанамыз