73%

«KEGOC» АҚ басқару құрылымы

«KEGOC» АҚ Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес корпоративтік басқару қағидаттары:

  • органдар арасында міндеттерді нақты бөлуге негізделген корпоративтік басқарудың тиімді жүйесі;
  • акционерлердің құқықтарын қорғау және сақталуын қамтамасыз ету;
  • акционерлер үшін тең жағдайлар;
  • тұрақты даму және корпоративтік басқарудағы мүдделі тараптардың рөлі;
  • ақпаратты ашу және айқындылық;
  • «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі мен Басқармасының тиімділігі.

«KEGOC» АҚ басқару құрылымы

GRI 2-9

Акционерлік капитал

GRI 2-1

2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Компанияның жарияланған және орналастырылған акцияларының саны – 275 294 118 дана, оның ішінде:

  • «Самұрық-Қазына» АҚ тұлғасындағы ірі акционерге 234 000 001 акция (85 %) тиесілі;
  • «БЖЗҚ» АҚ-ға 19 064 908 акция (6,9 %) тиесілі;
  • миноритарлық акционерлерге 22 227 819 акция (8,1 %) тиесілі2;
  • «KEGOC» АҚ-ның сатып алынған акциялары 1 390 дананы (0,0005 %) құрайды.

«KEGOC» АҚ акциялары екі алаңда орналастырылған – «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) және «Астана» Халықаралық қаржы орталығының биржасы (AIX). 2025 жыл ішінде Компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан көп пайызына иелік ететін акциялар мен акционерлер бойынша елеулі мәмілелер мен өзгерістер болған жоқ.

  1. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдарға теңестірілген Компанияның лауазымды тұлғаларына (Директорлар кеңесі мен Басқарманың Төрағасы мен мүшелеріне) Компанияның акцияларына иелік етуге тыйым салынады (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1500000410).

2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша «KEGOC» АҚ акционерлерінің құрылымы

«KEGOC» АҚ акцияларының 2025 жылғы құны*, теңге

«KEGOC» АҚ акцияларының 2025 жылғы сауда-саттық көлемдерінің динамикасы*, млн теңге

* Деректер көзі – KASE (www.kase.kz).