73%

Менеджментті бағалау және сыйақы

GRI 2-18

2025 жылы тәуелсіз кәсіби ұйымды тарта отырып, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің және оның комитеттерінің, Директорлар кеңесі Төрағасының, мүшелерінің және Корпоративтік хатшысының 2024 жылға арналған қызметіне тәуелсіз бағалау жүргізілді.

Бағалау 2024 жылдың қорытындысы бойынша «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің жұмысын жетілдіру үшін Директорлар кеңесі Төрағасының, оның мүшелерінің және Корпоративтік хатшының негізгі жауапкершілік салаларына кешенді талдау алу мақсатында жүргізілді.

Бағалаудың нәтижелері Директорлар кеңесі мүшелерінің, Төрағаның, Директорлар кеңесі мүшелерінің және «KEGOC» АҚ Корпоративтік хатшысының стратегиялық басқару мен бақылаудың алқалы органы ретіндегі жұмысының тиімділік дәрежесін, олардың қызметінің «KEGOC» АҚ-ны дамыту, қойылған қаржы-экономикалық нәтижелерге қол жеткізу және оның құнын арттыру қажеттіліктеріне қаншалықты сәйкес келетінін бағалауды айқындайды.

Тәуелсіз бағалау қорытындысы бойынша бағалаудың әрбір бөлімі бойынша орташа балл айқындалды:

  1. Директорлар кеңесін бағалау нәтижелері бойынша қорытынды рейтинг қалыптастырылды – 93 %, «АА» деңгейіндегі рейтинг;
  2. Аудит жөніндегі комитетті бағалау нәтижелері бойынша қорытынды рейтинг қалыптастырылды – 100 %, «ААА» деңгейіндегі рейтинг;
  3. Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитетті бағалау нәтижелері бойынша қорытынды рейтинг қалыптастырылды – 100 %, «ААА» деңгейіндегі рейтинг;
  4. Стратегия, корпоративтік және тұрақты даму жөніндегі комитетті бағалау нәтижелері бойынша қорытынды рейтинг – 100 %, «ААА» деңгейіндегі рейтинг қалыптастырылды;
  5. Директорлар кеңесінің Төрағасын бағалау нәтижелері бойынша қорытынды рейтинг қалыптастырылды – 100 %, «ААА» деңгейіндегі рейтинг;
  6. Аға тәуелсіз директорды бағалау нәтижелері бойынша қорытынды рейтинг қалыптастырылды – 80 %, «BBB» деңгейіндегі рейтинг;
  7. Корпоративтік хатшыны бағалау нәтижелері бойынша қорытынды рейтинг – 100 %, «ААА» деңгейіндегі рейтинг қалыптастырылды.

Әрбір өлшемшартты Бағалау нәтижелері бойынша Директорлар кеңесінің, оның комитеттерінің, Директорлар кеңесі мүшелерінің қорытынды рейтингі «АА» деңгейінде немесе 94 %-ды құрайды.

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі мен оның комитеттерінің, Төрағасының, Директорлар кеңесі мүшелерінің және Корпоративтік хатшысының қызметін бағалау қағидаларына сәйкес директорлардың ешқайсысы сауалнамаға қатысуды қоспағанда, өз қызметін бағалау процесіне тартылған жоқ.

GRI 2-20

Акционерлердің жалпы жиналысы бекіткен «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің құрамын қалыптастыру, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы беру және шығыстарды өтеу қағидаларына сәйкес директорлардың сыйақысы екі бөліктен тұрады: жылдық тіркелген сыйақы және Директорлар кеңесі комитеттерінің күндізгі отырыстарында төрағалық еткені немесе оларға қатысқаны үшін қосымша сыйақы, бұл ретте Акционерлердің жалпы жиналысының 2020 жылғы 26 маусымдағы шешіміне сәйкес директорларға Кеңекомитеттерінің күндізгі отырыстарына қатысқаны үшін қосымша сыйақы төлеу уақытша тоқтатылады.

Акционерлердің жалпы жиналысының ұсынысын қалыптастыру мақсатында Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитет тиісті талдау жүргізуді ескере отырып, Директорлар кеңесіне Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақының мөлшері, оны айқындау тәртібі мен төлеу шарттары бойынша ұсынымдар әзірлейді. Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитет мүшелерінің көпшілігін тәуелсіз директорлар құрайды.

GRI 2-19

Директорға Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі комитеттерінің отырыстарына шығумен, тұрақты тұратын жерден тыс өткізілетін кеңестерге шығумен байланысты шығыстар өтеледі: жол жүру, оның ішінде трансфер, тұру, тәуліктік, Қазақстан Республикасында телефон байланысы (ұялы байланысты қоспағанда), Қазақстан Республикасында сканерлеу, ксерокөшіру, факс, басып шығару, құжаттарды басып шығару, интернет желісіне қол жеткізу қызметтері, курьерлік және пошта қызметі. «KEGOC» АҚ Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес, 2025 жылы Директорлар кеңесінің бірде-бір мүшесі өз сыйақысына байланысты шешімдер қабылдауға қатысқан жоқ.

GRI 2-18, GRI 2-19, GRI 2-20

Басқарма Төрағасы мен мүшелерінің еңбекақы төлеу жүйесі лауазымдық қызметақыны және жыл қорытындысы бойынша жұмыс нәтижелері бойынша сыйақыны қамтиды. «KEGOC» АҚ-ның жыл қорытындысы бойынша жұмынәтижелері бойынша сыйақы аудиттелген қаржылық есептілік негізінде қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері бекітілгеннен кейін «KEGOC» АҚ бюджетінде осы мақсаттарға көзделген ақша қаражаты шегінде төленеді. Сыйақы төлеудің негізгі шарты – есепті жыл үшін шоғырландырылған қорытынды пайданың болуы.

Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша Басқарма Төрағасы мен мүшелерінің қызметін бағалау кезінде уәждемелік ҚНК қолданылады. Олар «KEGOC» АҚ-ның стратегиялық мақсаттарын «KEGOC» АҚ-ның бизнес-процестері/қызмет бағыттары бойынша нақты көрсеткіштерге каскадтау арқылы, «KEGOC» АҚ Басқармасының әрбір мүшесі үшін ҚНК карталары түрінде әзірленеді. Уәждемелік ҚНК корпоративтік және функционалдық ҚНК болып бөлінеді, бұл ретте нысаналы мәндерді «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі бекітеді.

Басшы жұмыскерлердің уәждемелік ҚНК орындалуына тоқсан сайын мониторинг жүргізіледі. Есепті жыл аяқталғаннан кейін барлық деңгейлердегі ҚНК-ның нақты мәндері есептеледі.

Қазақстандағы меншік құрылымы мен реттеуге байланысты KEGOC акцияларға негізделген ұзақ мерзімді бағдарламаларды қолданбайды. Дегенмен, Компания стратегиялық және ESG-көрсеткіштерді (ESG-рейтинг, несиелік рейтинг, басым инвестициялық жобаларды іске асыру) бас директордың жылдық негізгі тиімділік көрсеткіштерінің (ҚНК) жүйесіне интеграциялай отырып, акционерлердің ұзақ мерзімді мүдделеріне бағдарлануды қамтамасыз етеді. Мұндай тәсіл қысқа мерзімді бағалау мен тұрақты дамудың ұзақ мерзімді мақсаттары арасындағы теңгерімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Негізгі уәждемелік ҚНК

1-стратегиялық мақсат 2-стратегиялық мақсат 3-стратегиялық мақсат
GA (Grid Availability – желінің қолжетімділігі, жылына %-бен) Өндірістік қауіпсіздік бойынша кешенді көрсеткіш (LTIFR, ҚМҚА) EBITDA margin
ЭЖЖ мен ҚС-дағы технологиялық бұзылулардың саны «KEGOC» АҚ әлеуметтік тұрақтылық деңгейі TSR
Басым инвестициялық жобаларды іске асыру «KEGOC» АҚ ESG қағидаттарын жетілдіру жөніндегі Жоспардың іс-шараларын орындау Жоспарлау сапасы
Компания объектілеріндегі жөндеу жұмыстарының физикалық көлемдерін орындау ESG-рейтинг Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштерінің нысаналы мәндеріне қол жеткізу
Компанияның күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайындық паспортын уақтылы алуы Кадрлар тұрақсыздығы Кредиттік рейтинг

Негізгі мотивациялық ҚНК Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша сыйақы алу құқығы тәртіптік жаза қолданылған кезеңді қоспағанда, есепті кезеңде тиісті лауазым бойынша іс жүзінде жұмыс істеген Басқарма мүшелерінде болды.

2025 жылдың қорытындысы бойынша корпоративтік ҚНК-ның нысаналы мәндеріне қол жеткізілді.

2025 жылы Директорлар кеңесінің мүшелері тарапынан сыйақылардан немесе болашақ сыйақылардан бас тарту туралы уағдаластық фактілері болған жоқ. Осылайша, негізгі басқарушылық персоналдың сыйақысы және онымен байланысты барлық басқа да шығыстар (салықтар, аударымдар, ауру парақтары, демалыс ақысы, материалдық көмек және т.б.), аудиттелген шоғырландырылған қаржылық есептіліктегі жалақы бойынша шығыстардың құрамына енгізілген, 2025 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін 716,74 млн теңгені құрады.

Басқарма мүшелерінің ESG-ҚНК

Аталған көрсеткіштер (KPI) басшы құрамды ынталандыру жүйесіне енгізілген және сыйақының ауыспалы бөлігінің (жылдық сыйақының) мөлшеріне тікелей әсер етеді. ESG саласындағы KPI, сондай-ақ «KEGOC» АҚ инвестициялық жобаларын іске асыру бөлігінде ЖЭК-ті интеграциялау жөніндегі KPI климаттық KPI болып табылады және KEGOC менеджменті үшін климаттық ынталандырулар (climate-related incentives) ретінде қызмет етеді, шығарындыларды азайту және климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

Басшы құрамды ынталандыру жүйесінде тұрақты даму мен климаттық аспектілерді басқару мәселелеріне ерекше назар аударылады. 2025 жылға бекітілген уәждемелік ҚНК қатарында ESG саласындағы мынадай көрсеткіштер көзделген:

  1. «ESG қағидаттарын сақтау жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау» климатқа теріс әсерді басқару, климаттық тәуекелдерді төмендету, сондай-ақ экологиялық бастамаларды іске асыру саласындағы бірқатар іс-шараларды орындауды көздейді;
  2. «Басым инвестициялық жобаларды іске асыру» ЖЭК-тен генерацияның өсіп келе жатқан көлемдерін энергожүйеге тиімді интеграциялауды қамтамасыз етуге бағытталған, олардың үлесі 2050 жылға қарай 50 % деңгейінде күтіледі.

Бұл бастамалар «KEGOC» АҚ-ның Қазақстан Республикасының 2060 жылға қарай көміртекті бейтараптыққа қол жеткізуіне қосқан үлесі болып табылады.