73%

Директорлар кеңесінің қызметі туралы есеп

GRI 2-13

Директорлар кеңесі Акционерлердің жалпы жиналысына есеп береді, Қазақстан Республикасының заңнамасымен және (немесе) «KEGOC» АҚ Жарғысымен Акционерлердің жалпы жиналысының және (немесе) Басқарманың құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешуді қоспағанда, Компанияға стратегиялық және жалпы басшылықты және Басқарманың қызметіне бақылауды қамтамасыз етеді.

GRI 2-12, GRI 2-13

Компания Жарғысына сәйкес, Директорлар кеңесі Компания қызметінің бағыттарын айқындайды, сондай-ақ мақсаттарды, міндеттерді, жобаларды және оларға қол жеткізу индикаторларын белгілей отырып, даму стратегияларын бекітеді. Даму стратегиясын әзірлеу/актуалдау барысында Директорлар кеңесі стейкхолдерлердің негізгі топтарының болжалдары  мен қауіптенуін түсіну үшін олармен тұрақты кездесулер мен консультациялар өткізіп тұрады. Директорлар кеңесі Компанияның даму стратегиясының іске асырылуын, сондай-ақ мақсаттар мен индикаторларға, соның ішінде тұрақты даму саласында қол жеткізілуін тоқсан сайын есептерді қарау арқылы мониторингтейді.

Акционерлердің жалпы жиналысы Директорлар кеңесінің мүшелерін кандидаттардың құзыреттерін, дағдыларын, жетістіктерін, іскерлік беделі мен кәсіби тәжірибесін ескере отырып, айқын әрі ашық рәсімдер негезінде сайлайды. Корпоративтік басқару кодексіне және Компанияның ішкі құжаттарына сәйкес ESG қағидаттарына сәйкес ұзақ мерзімді құнды арттыру үшін Директорлар кеңесінде жынысы, тілі, нәсілдік тиесілігі, азаматтығы, дінге қатынасы немесе гендерлік бірегейлігі бойынша қысым көрсетудің немесе кемсітудің кез келген түрін болдырмай, жеткілікті әртүрлілікті қамтамасыз ету қажет. Бұл ретте Компанияның Директорлар кеңесі құрамындағы әйелдердің ұсынылатын саны Директорлар кеңесі мүшелерінің жалпы санының кемінде отыз пайызын құрайды.

Директорлар кеңесінің құрамына жекелеген акционерлердің, Басқарманың және өзге де мүдделі тараптардың ықпалынан тыс тәуелсіз әрі объективті шешімдер қабылдау үшін жеткілікті кәсіпқойлық пен дербестікке ие тәуелсіз директорлар сайланады.

Директорлар кеңесінің мүшелері 3 (үш) жылдан аспайтын мерзімге сайланады, кейіннен қызметтің қанағаттанарлық нәтижелері болған жағдайда тағы үш жылға дейінгі мерзімге қайта сайлануы мүмкін. Директорлар кеңесінің жекелеген мүшелерін немесе оның толық құрамын жаңа мерзімге қайта сайлау кезінде олардың Директорлар кеңесі қызметінің тиімділігіне қосқан үлесі ескеріледі.

Директорлар кеңесінің құрамына қатарынан алты жылдан асатын мерзімге сайланудың кез келген мерзімі (мысалы, екі үшжылдық мерзім) Директорлар кеңесінің құрамын сапалы жаңарту қажеттігін ескере отырып, ерекше қарауға жатады.

Тәуелсіз директор Директорлар кеңесінің құрамына қатарынан 9 (тоғыз) жылдан астам сайлана алмайды. Ерекше жағдайларда 9 (тоғыз) жылға дейінгі мерзімге сайлауға жол беріледі, бұл ретте Директорлар кеңесінің осындай мүшесін сайлау және мұндай тәуелсіз директордың Директорлар кеңесіне ықпалы шешім қабылдаудың тәуелсіздігіне осындай факторды сайлау қажеттілігін егжей-тегжейлі түсіндіре отырып, жыл сайын жүзеге асырылуға тиіс.

Директорлар кеңесі мүшелерінің сабақтастығы Компанияның ішкі құжаттарымен реттеледі. 2025 жылғы 26 наурызда Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің Сабақтастық жоспарын қалыптастыру жөніндегі регламентті бекітіп, Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитетке тиісті жоспарды әзірлеуді тапсырды. 2026 жылғы 2 ақпанда Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің Сабақтастық жоспарын бекітті.


Тәуелсіз директорларды іріктеу өлшемшарттары

Тәуелсіз директор жекелеген акционерлердің, Басқарманың және өзге де мүдделі тараптардың ықпалынан тыс тәуелсіз әрі объективті шешімдер қабылдау үшін жеткілікті кәсіпқойлық пен дербестікке ие болуы тиіс.

Тәуелсіз директорлар тәуелсіздіктің барлық заңнамалық өлшемшарттарына сәйкес келеді, олардың мәртебесі, өкілеттіктері, құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының, Жарғының, Кодекстің және «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі туралы ереженің талаптарымен қатаң регламенттелген.

Компания Қазақстан Республикасының заңнамасының, KASE және AIX қор биржалары қағидаларының, Корпоративтік басқару кодексінің талаптарына негізделген директорлардың тәуелсіздігін айқындаудың кешенді өлшемшарттарын қолданады.

Директор оның объективтілігі мен пайымдауларының тәуелсіздігіне әсер етуі мүмкін мән-жайлар болмаған кезде тәуелсіз деп танылады, оның ішінде ол:

  • Компанияның немесе Топ ұйымдарының жұмыскері болып табылмайтын және соңғы бес жыл ішінде болмаған және соңғы үш жыл ішінде Компанияда басшы лауазымды атқармаған болса;
  • Компанияның не оның үлестес тұлғаларының үлестес3 тұлғасы болып табылмайтын және Директорлар кеңесіне сайланғанға дейін үш жыл ішінде мұндай қатынастарда болмаған, яғни:
    – Компанияның ірі тұтынушыларымен, жеткізушілерімен немесе өзге де контрагенттерімен байланысты емес;
    – Компаниямен жеке қызметтер көрсетуге арналған шарттары жоқ және жоғары басшылық құрамына кірмейді;
    – Компанияда немесе Топ ұйымдарында атқарушы директор лауазымын атқаратын тұлғаның отбасы мүшесі болып табылмайды;
    – Компанияның кеңесшісі немесе консультанты болып табылмайды және мұндай қызметтерді көрсететін ұйымдармен байланысты емес;
    – айқас директорлық лауазымдарды атқармайды және тәуелсіздікке әсер етуі мүмкін басқа директорлармен елеулі байланыстары жоқ.
  • Компанияның немесе оның үлестес ұйымдарының лауазымды тұлғаларымен бағыныстылық қатынастарымен байланысты емес және Директорлар кеңесіне сайланғанға дейінгі үш жыл ішінде мұндай қатынастарда болмаған;
  • соңғы үш жыл ішінде Компаниямен елеулі іскерлік қатынастары жоқ және болмаған (тікелей не Компаниямен мұндай қатынастары бар ұйымның серіктесі, акционері, директоры немесе аға жұмыскері ретінде қатысу арқылы);
  • соңғы үш жыл ішінде директор сыйақысынан басқа Компаниядан қосымша сыйақы алмаған және қызмет нәтижелеріне байланысты сыйақы бағдарламаларына, опциондық бағдарламаларға немесе зейнетақы схемаларына қатыспайды;
  • белгіленген кезең ішінде Компанияның сыртқы аудиторының директоры, серіктесі немесе жұмыскері болып табылмайтын және болмаған және Директорлар кеңесіне сайланғанға дейінгі үш жыл ішінде Компания аудитіне қатыспаған; елеулі акционерді білдірмейді және Директорлар кеңесіне сайланғанға дейінгі үш жыл ішінде Компания органдарының отырыстарында акционердің өкілі болмаған;
  • елеулі акционердің өкілі болып табылмайды және Директорлар кеңесіне сайланғанға дейінгі үш жыл ішінде Компания органдарының отырыстарында акционердің өкілі болмаған;
  • мемлекеттік қызметші болып табылмайды;
  • қатарынан тоғыз жылдан астам уақыт Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылмайды;
  • оның тәуелсіздігіне әсер етуі мүмкін өзге де мән-жайлары немесе мүдделер қайшылығына қатысы жоқ болса тәуелсіз деп танылады.

Сайлану кезінде тәуелсіз директорлар өздерінің тәуелсіздігі туралы өтініштерге қол қояды.

Директорлар кеңесі мүшелерінің құқықтары мен міндеттері «KEGOC» АҚ Жарғысында айқындалған.

3 Үлестес тұлғалар – өздеріне берілген өкілеттіктер шеңберінде бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда, бір-бірінің (тұлғалардың бірінің) шешімдерін тікелей және (немесе) жанама түрде айқындай алатын және (немесе) оларға, оның ішінде жасалған мәміле күшіне қарай әсер ете алатын жеке немесе заңды тұлғалар.

ҚР заңнамасына сәйкес үлестес тұлғаларға мыналар жатады:
- ірі акционерлер, құрылтайшылар немесе қатысушылар;
- ұйымдардың лауазымды тұлғалары;
- жақын туыстар;
- АҚ ірі акционері, ЖШС құрылтайшысы немесе қатысушысы бақылайтын заңды тұлғалар;
- еншілес ұйымдар және т.б.

GRI 2-14

Директорлар кеңесі Компанияны басқару және атқарушы органның қызметіне бақылау жасау үшін жеткілікті өкілеттіктерге ие, өз функцияларын Жарғыға сәйкес орындайды және мынадай мәселелерге ерекше назар аударады:

  1. даму жоспарын (стратегияны) және ESG-мақсаттарын интеграциялауды айқындау (бағыттар мен нәтижелер);
  2. іс-шаралар жоспарының (бизнес-жоспардың) негізгі қызмет көрсеткіштерін қою және мониторингтеу;
  3. тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйелерінің тиімді жұмыс істеуін ұйымдастыру және қадағалау;
  4. Директорлар кеңесінің құзыреті шеңберінде ірі инвестициялық жобалар мен басқа да негізгі стратегиялық жобаларды тиімді іске асыруды бекіту және мониторингтеу;
  5. атқарушы органның басшысы мен мүшелерін сайлау, оларға сыйақы беру, сабақтастықты жоспарлау және олардың қызметін қадағалау;
  6. корпоративтік басқару мен этика;
  7. Компанияда Корпоративтік басқару кодексінің және ішкі құжаттардың ережелерін сақтау.

Директорлар кеңесінің мүшелері акционерлер алдындағы фидуциарлық міндеттерді және қабылданатын шешімдерді қоса алғанда, Директорлар кеңесі мүшесінің міндеттерін орындау, өз қызметінің тиімділігі, әрекеті және/немесе әрекетсіздігі үшін дербес жауапты болады. Әртүрлі пікірлер болған кезде Директорлар кеңесінің төрағасы Компанияның мүдделеріне сай келетін шешім қабылдау үшін Директорлар кеңесінің жекелеген мүшелері айтатын барлық қолайлы нұсқалар мен ұсыныстардың қаралуын қамтамасыз етеді.

Директорлар кеңесінің мүшелері өздерінің әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) келтірілген зиян үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Компания мен Акционерлердің жалпы жиналысы алдында жауапты болады, оның ішінде мыналардың нәтижесінде келтірілген залалдар үшін:

  1. жаңылыстыратын немесе біле тұра жалған ақпарат ұсыну;
  2. заңмен белгіленген ақпаратты ұсыну тәртібін бұзу.

Басқарушылық шешімдер қабылдаумен байланысты тәуекелдерді барынша азайту және акционерлердің мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылы Директорлар кеңесі мүшелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты (D&O) қолданылды. Бұл шарт Директорлар кеңесінің мүшелерін өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде жол берілген қасақана емес қателіктер немесе олқылықтарға байланысты үшінші тұлғалардың ықтимал талап қоюларынан сақтандыру қорғауын қамтамасыз етеді. Мұндай сақтандырудың болуы корпоративтік басқарудың халықаралық стандарттарына сәйкес келеді және Компанияның басқару органдары құрамына, оның ішінде тәуелсіз директорларды қоса алғанда, жоғары білікті кәсіби мамандарды тартуға ықпал етеді.

«KEGOC» АҚ Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес Директорлар кеңесінің мүшелері Директорлар кеңесінің, оның комитеттерінің отырыстарына қатысуға және оларға дайындалуға жеткілікті уақыт бөлуге міндетті, осыған байланысты төрттен астам заңды тұлғада Директорлар кеңесінің мүшесі лауазымын қатар атқаруға жол берілмейді, Директорлар кеңесі төрағасы лауазымын қатар атқаруға тек екі заңды тұлғада ғана жол беріледі (Директорлар кеңесі мүшесінің өзге заңды тұлғаларда лауазымдарды атқаруына Директорлар кеңесінің мақұлдауын алғаннан кейін жол беріледі).


Директорлар кеңесінің құрамы

GRI 2-11

№ Т.А.Ә. Лауазымы Мәртебесі Комитеттердегі мүшелік Сайланған/өкілеттігі тоқтатылған күні
1. Ернат Құдайбергенұлы Бердіғұлов Директорлар кеңесінің төрағасы «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерінің өкілі – 10.03.2022 ж./
28.04.2025 ж.
2. Нұрлан Қаршығаұлы Жақыпов Директорлар кеңесінің төрағасы «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерінің өкілі – 28.04.2025 ж.
3. Қаныш Тәңірбергенұлы Молдабаев Директорлар кеңесінің мүшесі Өкілі мүдделерінің «Самұрық-Қазына» АҚ СКТДК төрағасы 31.07.2023 ж.
4. Мирас Қапарғалиұлы Қияқов Директорлар кеңесінің мүшесі «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерінің өкілі ТСК мүшесі 02.05.2024 ж.
5. Нұрлан Заманбекұлы Аханзарипов Директорлар кеңесінің мүшесі Аға тәуелсіз директор ТСК Төрағасы, АК және СКТДК мүшесі 26.06.2020 ж.
6. Марат Тұрғанбекұлы Дұлқайыров Директорлар кеңесінің мүшесі Тәуелсіз директор СКТДК және АК мүшесі 31.07.2023 ж.
7. Дамир Серкбайұлы Сүентаев Директорлар кеңесінің мүшесі Тәуелсіз директор АК Төрағасы, ТСК мүшесі 18.07.2022 ж.
8. Нәби Еркінұлы Айтжанов Директорлар кеңесінің мүшесі Басқарма Төрағасы – 31.07.2023 ж.

«KEGOC» АҚ Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының 2025 жылғы 28 сәуір (№ 37 хаттама) шешімімен:

  • «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі Ернат Құдайбергенұлы Бердіғұловтың «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі және төрағасы ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды;
  • Жақыпов Нұрлан Қаршығаұлы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі және төрағасы болып сайланды.

2025 жылғы 31 желтоқсанда Директорлар кеңесінің құрамына 7 директор кіреді.

Директорлар кеңесінің мүшелері туралы мәліметтер
(2025 жылғы 31 желтоқсандағы Директорлар кеңесінің құрамы)

GRI 2-9

Жақыпов
Нұрлан Қаршығаұлы

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі

GRI 2-11

1978 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматы

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына алғаш рет 2025 жылғы 28 сәуірдегі «KEGOC» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының шешімімен (№ 37 хаттама) «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

«KEGOC» АҚ-ның және оның еншілес ұйымдарының акцияларына иелік етпейді.

Білімі:

  • 1996–2004 жж. – Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты (ММХҚИ), экономика мамандығы бойынша бакалавр және магистр дәрежелері, халықаралық экономикалық қатынастар факультеті. Экономика ғылымдарының кандидаты (PhD).

Жұмыс тәжірибесі:

  • 04/2024 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы;
  • 09/2020–04/2023 жж. – «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company» Басқарма төрағасы;
  • 07/2019–09/2020 жж. – Rothschild & Co компаниясының Қазақстандағы өкілі (ИНВЕСТ БАНК РОТШИЛЬД И КО);
  • 12/2017–03/2019 жж. – «Астана» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы;
  • 03/2016–12/2017 жж. – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Даму және инвестициялар жөніндегі басқарушы директоры –Басқарма мүшесі;
  • 12/2012–03/2016 жж. – Инвестициялық банкинг департаментінің атқарушы директоры. UBS Bank (UBS Bank) Астанадағы өкілдігінің басшысы.

Қоса атқаратын жұмысы және Директорлар кеңесіндегі мүшелігі:

  • «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы;
  • «Эйр Астана» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі;
  • Қазақстан Республикасы Су спорты федерациясының президенті.

Аханзарипов
Нұрлан Заманбекұлы

Аға тәуелсіз директор, Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитеттің төрағасы, Стратегия, корпоративтік және тұрақты даму жөніндегі комитеттің және Аудит жөніндегі комитеттің мүшесі

1965 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматы

Сертификатталған тәуелсіз директор (Cert IoD) Institute of Directors, UK.

Алғаш рет «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының 2020 жылғы 26 маусымдағы шешімімен (№ 18 хаттама) «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына «KEGOC» АҚ тәуелсіз директоры болып сайланды.

«KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының 2021 жылғы 27 сәуірдегі (№ 21 хаттама) және 2024 жылғы 2 мамырдағы (№ 35 хаттама) шешімдерімен «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, аға тәуелсіз директоры болып сайланды.

«KEGOC» АҚ-ның және оның еншілес ұйымдарының акцияларына иелік етпейді.

Білімі:

  • 1991 ж. – Шәкәрім атындағы Семей технологиялық университеті, бухгалтер-экономист, есеп және аудит;
  • 1995 ж. – KIMEP MBA, Іскери әкімшілік ету магистрі;
  • 2015 ж. – Қ. И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, геология және пайдалы қазбаларды барлау.

Соңғы бес жылдағы жұмыс тәжірибесі:

  • 2019–2021 жж. – «PLANETCARE MANAGEMENT» ЖШС Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары.

Қоса атқаратын жұмысы және Директорлар кеңесіндегі мүшелігі:

  • «ҚазТрансГаз» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Тәуелсіз директор;
  • «QazaqGaz» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Тәуелсіз директор.

Дұлқайыров
Марат Тұрғанбекұлы

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры, СКТДК және АК мүшесі

1947 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматы

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының 2023 жылғы 31 шілдедегі шешімімен (№ 32 хаттама) Директорлар кеңесінің мүшесі, Тәуелсіз директор ретінде сайланды.

2024 жылғы 2 мамырдағы (№ 35 хаттама) «KEGOC» АҚ акционерлерінің Жалпы жиналысының шешімімен «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор ретінде сайланды.

«KEGOC» АҚ-ның және оның еншілес ұйымдарының акцияларына иелік етпейді.

Білімі:

  • 1965–1972 жж. – Г. И. Носов атындағы Магнитогорск тау-кен металлургиялық институты, өнеркәсіптік кәсіпорындарды, қалаларды және ауыл шаруашылығын электрмен жабдықтау мамандығы бойынша біліктілігі инженер-электрик.

Алматы Энергетика және Байланыс Университетінің құрметті профессоры, ҚР мен ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі

Соңғы бес жылдағы жұмыс тәжірибесі:

  • 04/2015 бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР Инженер-энергетиктер одағының Бас директоры.

Қоса атқаратын жұмысы және Директорлар кеңесіндегі мүшелігі:

  • «Алматинская электр станциялары (АлЭС)» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

Сүентаев
Дамир Серкбайұлы

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры, Аудит жөніндегі комитеттің төрағасы, Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитеттің мүшесі

1984 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматы

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының 2022 жылғы 18 шілдедегі шешімімен (№ 28 хаттама) Директорлар кеңесінің мүшесі, Тәуелсіз директор ретінде сайланды.

«KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының 2024 жылғы 2 мамырдағы шешімімен (№ 35 хаттама) «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры болып сайланды.

«KEGOC» АҚ-ның және оның еншілес ұйымдарының акцияларына иелік етпейді.

Білімі:

  • 2001–2006 жж. – Қазақ мемлекеттік заң академиясы, Мамандығы құқықтану, Алматы қ.;
  • 2006–2008 жж. – Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, экономика бакалавры, Алматы қ.;
  • 2012–2014 жж. – РФ Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы, инновациялық-технологиялық бизнес факультеті, МВА «Инновациялық және жобалық менеджменті», Мәскеу қ.;
  • 2018–2022 жж. – Ұлыбритания Директорлар институты, IoD Chartered Director бағдарламасы, Лондон.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіз директорлар қауымдастығының, Ресей Федерациясының, Қазақстан Республикасының Ішкі аудиторлар институтының мүшесі, Украинаның корпоративтік басқару кәсіби қауымдастығының тізіліміне енгізілген және Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Соңғы бес жылдағы жұмыс тәжірибесі:

  • 08/2021 ж. қазіргі уақытқа дейін – «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Президенті;
  • 2023–2024 жж. – «Астана медицина университеті» КЕАҚ тәуелсіз директоры;
  • 2019–2022 жж. – «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ / «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ тәуелсіз директоры, Кадрлар жөніндегі комитеттің төрағасы;
  • 2019–2024 жж. – «Екібастұз МАЭС-2» АҚ тәуелсіз директоры;
  • 2018–2020 жж. – «КОРЭМ» АҚ (Электр энергиясы мен қуатының қазақстандық операторы) тәуелсіз директоры;
  • 2016–2023 жж. – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ тәуелсіз директоры, Аудит жөніндегі комитеттің төрағасы, бұған дейін – Стратегия жөніндегі комитеттің төрағасы.

Қоса атқаратын жұмысы және Директорлар кеңесіндегі мүшелігі:

  • «Жолаушылар тасымалы» АҚ / «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры.

МОЛДАБАЕВ
Қаныш Тәңірбергенұлы

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің СКТДК төрағасы

1963 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматы

«KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының 2021 жылғы 27 сәуірдегі шешімімен (№ 21 хаттама) «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып алғаш рет сайланды.

Акционерлердің жалпы жиналысының 2021 жылғы 24 қарашадағы (№ 25 хаттама), 2023 жылғы 31 шілдедегі (№ 32 хаттама) және 2024 жылғы 2 мамырдағы (№ 35 хаттама) шешімдерімен «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі болып сайланды.

«KEGOC» АҚ-ның және оның еншілес ұйымдарының акцияларына иелік етпейді.

Білімі:

  • 2016–2020 жж. – іскери әкімшілік ету докторы, Doctor of Business Administration (DBA), Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы;
  • 2003–2004 жж. – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы, мемлекеттік қызмет менеджері;
  • 1999–2002 жж. – Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, экономист-заңгер;
  • 1981–1987 жж. – Павлодар индустриалды институты, инженер-электрик.

Халықаралық сертификаттау – IPMA Level B.

Сертификатталған Директор (Certificate in Company Direction IoD) Institute of Directors, UK.

Соңғы бес жылдағы жұмыс тәжірибесі:

  • 11/2021–07/2023 жж. – «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы;
  • 04/2021–11/2021 жж. – «Самұрық-Қазына» АҚ Энергетика және тау-кен активтері дирекциясының директоры;
  • 04/2019–04/2021 жж. – «Самұрық-Қазына» АҚ – «Энергетика» секторының жетекшісі;
  • 09/2018–04/2019 жж. – «Қазақстан атом электр станциялары» АҚ Бас директорының орынбасары.

Қоса атқаратын жұмысы және Директорлар кеңесіндегі мүшелігі:

  • «ЖЭК жөніндегі ҚЕО» ЖШС Бақылау кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
  • «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

Қияқов
Мирас Қапарғалиұлы

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі, Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитеттің мүшесі

1990 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматы

Алғаш рет «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының 2024 жылғы 2 мамырдағы шешімімен (№ 35 хаттама) «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі болып сайланды.

«KEGOC» АҚ-ның және оның еншілес ұйымдарының акцияларына иелік етпейді.

Білімі:

  • 2008–2012 жж. – Алматы энергетика және байланыс университеті (Электр энергетикасы, Техника және технология бакалавры), Алматы;
  • 2012–2014 жж. – Алматы энергетика және байланыс университеті, (Электр энергетикасы, техника және технология магистрі);
  • 2015–2017 жж. – Almaty management university, Экономика және бизнес бакалавры.

Қазақстан Республикасының құрметті энергетигі.

Соңғы бес жылдағы жұмыс тәжірибесі:

  • 02/2024 жылы бастап қазіргі уақытқа дейін – «Самұрық-Қазына» АҚ Энергетикалық және тау-кен активтері департаменті энергетикалық активтер секторының басшысы;
  • 01/2021–01/2024 жж. – Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) – Инфрақұрылымдық жобалар департаментінің директоры;
  • 08/2019–01/2021 жж. – «Кристалл Менеджмент» АҚ – Жетекші инженер-электрик.

Қоса атқаратын жұмысы және Директорлар кеңесіндегі мүшелігі:

  • «АстанаГаз ҚМГ» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы;
  • «Мойнақ ГЭС» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі;
  • «Qazaq Green Power PLC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

АЙТЖАНОВ
Нәби Еркінұлы

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы

1980 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматы

Алғаш рет «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының 2023 жылғы 31 шілдедегі шешімімен (№ 32 хаттама) «KEGOC» АҚ Басқарма Төрағасы ретінде «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына сайланды.

«KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының 2024 жылғы 2 мамырдағы шешімімен (№ 35 хаттама) «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

«KEGOC» АҚ-ның және оның еншілес ұйымдарының акцияларына иелік етпейді.

Білімі:

  • 1997–2002 жж. – С. Сейфулин атындағы Ақмола аграрлық университеті, Экономика және менеджмент;
  • 2011–2012 жж. – Халықаралық бизнес академиясы, іскери әкімшілік ету магистрі.

Соңғы бес жылдағы жұмыс тәжірибесі:

  • 2010–2023 жж. – «Қазақстан коммуналды жүйелері» ЖШС Бас директоры.

Қоса атқаратын жұмысы және Директорлар кеңесіндегі мүшелігі:

  • Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлерінің Ұлттық палатасы «Атамекен» жанындағы Энергетика комитетінің мүшесі;
  • Қазақстан Электр энергетикалық қауымдастығы Директорлар кеңесінің мүшесі;
  • «KAZENERGY» Мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қазақстандық қауымдастығы» ЗТБ Кеңесінің мүшесі.

GRI 2-10

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының 2024 жылғы 2 мамырдағы шешімімен Директорлар кеңесінің құрамы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің құрамын қалыптастыру, Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы беру және шығыстарды өтеу қағидаларына сәйкес, кандидаттардың іріктеу өлшемшарттарына, біліктілік талаптарына сәйкестігін ескере отырып, үш жылға сайланды. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің әрбір мүшесінің өкілеттік мерзімі тұтастай алғанда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімімен сәйкес келеді. Ол 2027 жылғы мамырда аяқталады. Осылайша, Директорлар кеңесінде болудың орташа мерзімі 2,98 жылды құрайды.

Компания негізгі басқарушылық позицияларда гендерлік теңгерімді арттыру қажеттігін мойындайды және оған қол жеткізу үшін шаралар қабылдайды: әйел-кандидаттарды анықтау мен дамыту, барлық жұмыскерлердің тәлімгерлік пен оқыту бағдарламаларына қатысуы, сондай-ақ басқарушылық командалардың гендерлік құрамын тұрақты мониторингтеу. Бұл бастамалар инклюзивті жұмыс ортасын жасауға және алдағы жылдарда әйелдердің басқаруға және стратегиялық жобаларға қатысуын арттыруға бағытталған. Осылайша, сабақтастық жоспарына енгізілген жұмыскерлердің 20 %-ын әйелдер құрайды.

Директорлар кеңесі құрамының құрылымы

GRI 405-1

Директорлар кеңесінің жас құрылымы, адам

Директорлар кеңесінің тәуелсіздігі, %

Директорлар кеңесінің гендерлік құрылымы, адам

«KEGOC» АҚ Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес Директорлар кеңесінің құрамында ESG қағидаттарына сәйкес ұзақ мерзімді құнды арттыру үшін жеке сипаттамалары, жасы мен гендерлік құрамы бойынша жеткілікті әртүрлілікті қамтамасыз ету ұсынылады. Директорлар кеңесінің құрамындағы әйелдердің ұсынылатын саны Директорлар кеңесі мүшелерінің жалпы санының кемінде отыз пайызын құрайды. 2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі құрамындағы әйелдердің үлесі 0 %-ды құрады. Сонымен қатар, гендерлік теңгерімді қамтамасыз ету шеңберінде «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің жаңартылған сабақтастық жоспары (2026 жылғы 2 ақпанда бекітілген) әйел-кандидаттарды басқарудың әлеуетті резерві құрамына енгізуді көздейді.


Директорлар кеңесі мүшелерінің құзыреті

Директорлар кеңесінің құзырет матрицасы

GRI 2-9, GRI 2-10
Директорлар кеңесінің мүшелері Жақыпов Н.Қ. Аханзарипов Н.З. Дұлқайыров М.Т. Сүентаев Д.С. Молдабаев К.Т. Қияков М.К. Айтжанов Н.Е.
Саладағы жұмыс өтілі / жалпы жұмыс өтілі, жыл 10/25 23/32 60/60 7/19 33/38 12/13 24/24
Негізгі құзыреттер
Саланы білу
Саладағы өндірістік жұмыс тәжірибесі + − + − + + +
Саланы терең білуі + + + + + + +
Техникалық дағдылары / тәжірибесі + + + − + + +
Арнайы дағдылар мен тәжірибе
Қаржылық сауаттылық + + + + + + +
Қаржы саласындағы терең білім + + − + − + +
Маркетинг саласындағы терең білім + + + + + − +
Әлеуметтік және экологиялық мәселелер бойынша терең білімі + + + + + + +
Басқару және құқықтану саласындағы жұмыс тәжірибесі
Корпоративтік басқару + + + + + + +
Трансформация + + − + + − +
IPO өткізу тәжірибесі + + − + + − +
Стратегияны әзірлеу және іске асыру + + + + + + +
Халықаралық тәжірибе + + − + − − −

* Директорлар кеңесі мүшелерінің құзыреттері көк түспен боялған

Директорлар кеңесі мүшелерінің біліктілік теңгерімі, адам

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырыстары

2025 жылы Директорлар кеңесі 14 отырыс өткізді, оның ішінде 2 (екі) сырттай отырыс, оларда 135 мәселе қаралды.

Корпоративтік басқару кодексінде және Компанияның Директорлар кеңесінің қызметін реттейтін құжаттарда Директорлар кеңесінің отырыстарына міндетті түрде қатысу талаптары және есепті жыл ішінде отырыстардың 50 %-дан азына қатысқан және сырттай дауыс беруге қойылған мәселелердің 50 %-дан азы бойынша бюллетеньдер ұсынған Директорлар кеңесі мүшесінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатуды Акционерлердің жалпы жиналысына ұсыну міндеті белгіленген.

2025 жылы Директорлар кеңесінің отырыстарына қатысу матрицасы

Директорлар кеңесінің мүшелері 31.01.2025 28.02.2025 14.03.2025 26.03.2025 30.04.2025 03.06.2025 01.07.2025 01.08.2025 09.09.2025 26.09.2025 09.10.2025 13.11.2025 18.11.2025 23.12.2025 %
Ернат Құдайбергенұлы Бердіғұлов + + + + өкілеттігі 2025 жылғы 28 сәуірден бастап тоқтатылды 100
Нұрлан Қаршығаұлы Жақыпов
Директорлар кеңесінің төрағасы
2025 жылғы 28 сәуірден бастап ДК Төрағасы болып тағайындалды + + + + + + + + + + 100
Нұрлан Заманбекұлы Аханзарипов
Аға тәуелсіз директор
+ + + + + + + + + + + + + + 100
Марат Тұрғанбекұлы Дұлқайыров
Тәуелсіз директор
+ + + + + + + + + + + + + + 100
Дамир Серкбайұлы Сүентаев
Тәуелсіз директор
+ + + + + + + + + + + + + + 100
Қаныш Тәңірбергенұлы Молдабаев
«Самұрық-Қазына» АҚ өкілі
+ + + + + + + + + + + + + + 100
Мирас Қапарғалиұлы Қияқов
«Самұрық-Қазына» АҚ өкілі
+ + + + + + + + + + + + + + 100
Нәби Еркінұлы Айтжанов
Басқарма Төрағасы
+ + + + + + + + + + + + + + 100
БАРЛЫҒЫ 100

* «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Кияков М.К. еңбек демалысында болуына байланысты Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитеттің және Директорлар кеңесінің 2025 жылғы 17-18 қарашадағы күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жазбаша хабарлама (пікір) ұсынды.

GRI 2-13

2025 жылы Директорлар кеңесінің отырыстарында стратегиялық, қаржы-экономикалық және инвестициялық бағыттағы, корпоративтік басқару мен тұрақты даму, тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау мен аудит, кадр саясаты, еншілес ұйымдардың қызметі мәселелері және өзге де мәселелер қаралды.

2025 жылы Директорлар кеңесі мынадай стратегиялық шешімдер қабылдады:

  • «KEGOC» АҚ-ның «Ақпараттық телекоммуникациялық жүйелер» жаңа филиалы құрылды;
  • «Батыс Қазақстанның энергия жүйесін Қазақстан БЭЖ-імен біріктіру. Электр желілік объектілерді салу» жобасы бойынша «KEGOC» АҚ мен құрамында «Building and construction» ЖШС, «Энергетика» Ғылыми-инжиниринг орталығы» ЖШС-мен бірлесе «EIS Corporation» ЖШС бар консорциум арасындағы ірі мәміле бойынша шартқа қосымша келісім жасалды;
  • Әзірбайжан Республикасы, Қазақстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасында «жасыл» энергияны дамыту және беру жобасын іске асыру шеңберінде «Green Corridor Alliance» ЖШС бірлескен кәсіпорны құрылды .

2025 жылы Директорлар кеңесінің отырыстарында қаралған мәселелер


Директорлар кеңесінің комитеттері

Жекелеген мәселелерді белсенді талқылау және егжей-тегжейлі талдау алаңын құру мақсатында Директорлар кеңесі жанынан 3 (үш) комитет құрылды:

  • Аудит жөніндегі комитет;
  • Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитет;
  • Стратегия, корпоративтік және тұрақты даму жөніндегі комитет.

Аудит жөніндегі комитет

GRI 2-9, GRI 2-10, GRI 2-13

Комитеттің қызметі «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген Аудит жөніндегі комитет туралы ережемен реттеледі.

Комитет өз қызметінде Директорлар кеңесіне толық есеп береді. Комитеттің мүшелерін Директорлар кеңесі сайлады, Комитеттің төрағасы тәуелсіз директор болып табылады, Комитеттің құрамына сондай-ақ Компанияның ірі акционері ретіндегі «Самұрық-Қазына» АҚ-ның саясаттары мен пайымдарын негізге ала отырып Комитетке ұсынымдар беретін дауыс беру құқығы жоқ сарапшы кіреді.

Комитеттің барлық мүшелері, оның ішінде практикалық білім мен тәжірибені қоса алғанда, жеткілікті білім мен тәжірибеге ие.

Аудит жөніндегі комитеттің құрамына үш тәуелсіз директор және сарапшы (дауыс беру құқығы жоқ) кіреді.

2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Комитеттің құрамына Комитеттің мынадай мүшелері кірді:

  • Дамир Серкбайұлы Сүентаев – Комитеттің төрағасы, тәуелсіз директор;
  • Нұрлан Заманбекұлы Аханзарипов – Комитеттің мүшесі, аға тәуелсіз директор;
  • Марат Тұрғанбекұлы Дұлқайыров – Комитеттің мүшесі, тәуелсіз директор;
  • Манар Семейқанұлы Оразов – сарапшы (дауыс беру құқығы жоқ).

2025 жылы Аудит жөніндегі комитет мүшелерінің отырыстарға қатысуы

Аудит жөніндегі комитеттің мүшелері 30.01.2025 27.02.2025 26.03.2025 28.04.2025 02.06.2025 30.06.2025 31.07.2025 08.09.2025 08.10.2025 17.11.2025 22.12.2025 %
Дамир Серкбайұлы Сүентаев
Комитет төрағасы, тәуелсіз директор
+ + -* + + + + + + + + 91
Нұрлан Заманбекұлы Аханзарипов
Комитет мүшесі, аға тәуелсіз директор
+ + + + + + + + + + + 100
Марат Тұрғанбекұлы Дұлқайыров
Комитет мүшесі, тәуелсіз директор
+ + + + + + + + + + + 100

* Комитеттің төрағасы Суентаев Д.С. әуе сапары және отырысқа бейнебайланыс арқылы қосылу мүмкіндігінің болмауына байланысты 2025 жылғы 26 наурыздағы Комитет отырысына қатыспады.

GRI 2-13

2025 жылы Комитет 11 күндізгі отырыс өткізіп, онда 61 мәселе қаралды.

Комитет Директорлар кеңесіне ішкі бақылау мен тәуекелдерді басқару, қаржылық есептілік мәселелері бойынша, оның ішінде «KEGOC» АҚ-ның қаржылық есептілігіне аудит жүргізетін сыртқы аудитордың өкілдерімен кездесулер өткізуді қоса алғанда, Ішкі аудит қызметі мен Комплаенс қызметінің қызметі мәселелері бойынша, өзге де мәселелер бойынша, оның ішінде жасалуына мүдделілік бар мәмілелер мен ірі мәмілелерді мақұлдау мәселелері бойынша ұсынымдар берді.

2025 жыл ішінде сыртқы аудитор «RSM Qazaqstan» ЖШС-ның өкілдерімен 2 кездесу өткізілді, оларда 2024 жыл үшін шоғырландырылған қаржылық есептілікке аудит нәтижелері бойынша, 2025 жылдың алты айы үшін аралық шоғырландырылған қаржылық есептілікке аудит нәтижелері бойынша есептер, оның ішінде сыртқы аудитордың тәуелсіздігін растау мәселелері қаралды.

Бұдан басқа, 2025 жыл ішінде Комитеттің мүшелері «KEGOC» АҚ компаниялар тобы үшін қаржылық есептілікке аудит жөніндегі қызметтерді көрсету үшін аудиторлық ұйымды таңдаудың бірыңғай Рәсімін айқындау мен жүзеге асыру стратегиясын айқындау жөніндегі комиссияның отырыстарына қатысты.

2025 жылы Аудит жөніндегі комитеттің отырыстарында қаралған мәселелер, %

Бұл ретте 2025 жылы мәселелерді қарау кезінде Директорлар кеңесінің Комитеттің жекелеген ұсыныстарын/ұсынымдарын ауытқуы тіркелмеді.


Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитет

GRI 2-9, GRI 2-10, GRI 2-13

Комитеттің қызметі Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитет туралы ережемен реттеледі. Комитет өз қызметінде Директорлар кеңесіне толық есеп береді.

Комитеттің барлық мүшелері, оның ішінде практикалық білім мен үлкен тәжірибені қоса алғанда, жеткілікті білім мен тәжірибеге ие.

2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Комитеттің құрамына Комитеттің мынадай мүшелері кірді:

  • Нұрлан Заманбекұлы Аханзарипов – Комитеттің Төрағасы, Аға тәуелсіз директор;
  • Дамир Серкбайұлы Сүентаев – Комитеттің мүшесі, тәуелсіз директор;
  • Мирас Қапарғалиұлы Қияқов – Комитеттің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі;
  • Сырым Сәкенұлы Төтебаев – сарапшы (дауыс беру құқығы жоқ).

2025 жылы Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитеттің отырыстарына қатысу матрицасы

Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитеттің мүшелері 30.01.2025 27.02.2025 26.03.2025 28.04.2025 02.06.2025 30.06.2025 31.07.2025 08.09.2025 08.10.2025 17.11.2025 22.12.2025 %
Нұрлан Заманбекұлы Аханзарипов
Төрағасы, Аға тәуелсіз директор
+ + + + + + + + + + + 100
Дамир Серкбайұлы Сүентаев
тәуелсіз директор
+ + + + + + + + + + + 100
Мирас Қапарғалиұлы Қияқов
өкілі «Самұрық-Қазына» АҚ
+ + + + + + + + + + + 100

GRI 2-13

2025 жылы Комитет 10 күндізгі отырыс өткізіп, онда 37 мәселе қаралды.

Есепті кезеңде Директорлар кеңесіне Менеджмент пулының орындалуы мәселелері бойынша; Басқарма мүшелерінің негізгі қызмет көрсеткіштерін және Корпоративтік хатшының, Омбудсменнің мақсат картасын, Басқарманың, Омбудсменнің және Корпоративтік хатшының лауазымдық қызметақылар схемасын қарау; Директорлар кеңесі мүшелерінің біліктілігін арттыру Жоспарын бекіту, Комитеттің жылдық есебі мәселелері және өзге де мәселелер бойынша ұсынымдар берілді. Бұл ретте 2025 жылы мәселелерді қарау кезінде Директорлар кеңесінің ТСК-ның жекелеген ұсыныстарымен/ұсынымдарымен келіспеу фактілері тіркелмеді.

2025 жылы ТСК отырыстарында қаралған мәселелер, %


Стратегия, корпоративтік және тұрақты даму жөніндегі комитет

GRI 2-9, GRI 2-10, GRI 2-13

Комитеттің қызметі Стратегия, корпоративтік және тұрақты даму жөніндегі комитет туралы ережемен реттеледі. Комитет өз қызметінде Директорлар кеңесіне толық есеп береді.

Комитеттің барлық мүшелері, оның ішінде практикалық білім мен елеулі тәжірибені қоса алғанда, жеткілікті білім мен тәжірибеге ие.

2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Комитеттің құрамына кірді:

  • Молдабаев Каныш Танирбергенович – Комитеттің Төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі;
  • Нұрлан Заманбекұлы Аханзарипов – Комитеттің мүшесі, Аға тәуелсіз директор;
  • Марат Тұрғанбекұлы Дұлқайыров – Комитеттің мүшесі, Тәуелсіз директор;
  • Сырым Сәкенұлы Төтебаев – сарапшы (дауыс беру құқығы жоқ).

2025 жылы Стратегия, корпоративтік және тұрақты даму жөніндегі комитеттің отырыстарына қатысу матрицасы

Стратегия, корпоративтік және тұрақты даму жөніндегі комитеттің мүшелері 30.01.2025 27.02.2025 26.03.2025 28.04.2025 02.06.2025 30.06.2025 31.07.2025 08.09.2025 08.10.2025 17.11.2025 22.12.2025 %
Қаныш Тәңірбергенұлы Молдабаев
Төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі
+ + + + + + + + + + + 100
Нұрлан Заманбекұлы Аханзарипов
Аға тәуелсіз директор
+ + + + + + + + + + + 100
Марат Тұрғанбекұлы Дұлқайыров
тәуелсіз директор
+ + + + + + + + + + + 100

GRI 2-13

2025 жылы СКТДК 9 күндізгі отырыс өткізіп, онда 28 мәселе қаралды.

Есепті кезеңде СКТДК Директорлар кеңесіне мынадай негізгі мәселелер бойынша ұсынымдар берді:

  • Іс-шаралар жоспарын (Бизнес-жоспарды), мониторингті және оның орындалуы туралы есепті қарау; ESG қағидаттарын жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарларының орындалуы туралы есептерді қарау; «KEGOC» АҚ Корпоративтік басқару кодексінің қағидаттары мен ережелерінің сақталуы/сақталмауы туралы есепті қарау;
  • «KEGOC» АҚ Корпоративтік басқару кодексінің қағидаттары мен ережелерін сақтау/сақтамау туралы есепті қарау;
  • ірі инвестициялық жобаларды іске асыру туралы;
  • өндірістік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау туралы;
  • «KEGOC» АҚ-ның «Ақпараттық телекоммуникациялық жүйелер» филиалын құру туралы; «Green Corridor Alliance» ЖШС қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысының мәселелері туралы;
  • Компанияның Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар туралы;
  • «KEGOC» АҚ-ның шығаруға жататын стратегиялық емес активтерінің тізбесі туралы;
  • жасанды интеллектіні қолдана отырып жобаларды іске асыру жөніндегі ақпарат;
  • Комитеттің жылдық есебі және өзге де мәселелер.

Бұл ретте 2025 жылы мәселелерді қарау кезінде Директорлар кеңесінің СКТДК-дың жекелеген ұсыныстарымен/ұсынымдарымен келіспеу фактілері тіркелмеді.

2025 жылы Стратегия, корпоративтік және тұрақты даму жөніндегі комитеттің отырыстарында қаралған мәселелер, %


Кәсіби даму

GRI 2-17

2025 жылы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің біліктілігін арттыру Жоспарына сәйкес директорлар кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыруға және басқарушылық дағдыларды дамытуға бағытталған бірқатар іс-шараларға қатысты:

  • 2025 жылғы 27 наурыз – «HR басқару: персоналды іріктеу, бейімдеу, мотивация, аттестаттау, оқыту, грейдтеу және лауазымдарды бағалау»;
  • 2025 жылғы 15 сәуір – Стамбул қаласындағы корпоративтік басқару жөніндегі халықаралық саммит;
  • 2025 жылғы 9 маусым – Алматы қ. KASE алаңында «KEGOC» АҚ Эмитент күні;
  • 2025 жылғы 12 маусым – Астана қ. AIX алаңында «KEGOC» АҚ Эмитент күні;
  • 2025 жылғы 30 маусым – «Директорлар кеңестерінің жұмысындағы АI және нейрожелілер: мүмкіндіктер, тәуекелдер және өзгерістерді басқару арқылы енгізу»;
  • 2025 жылғы 30 шілде – «Акционерлердің құқықтарын қорғау тұрғысынан корпоративтік басқару. Үздік практикалар мен кейстер»;
  • 2025 жылғы 31 қазан – «Тәуекелдерді басқару. Санкциялық, қаржылық және өзге де тәуекелдер»;
  • 2025 жылғы 7 қараша – «Климат, жасанды интеллект және Қазақстан мен Орталық Азияның тұрақты болашағы»;
  • 2025 жылғы 17 қараша – «Жасанды интеллект және болашақтың көшбасшылығы: цифрлық трансформациядағы кадрлық резервтің рөлі»;
  • 2025 жылғы 5 желтоқсан – форсайт-сессия «Болашақтың Директорлар кеңесі».