73%

Корпоративтік этика

Корпоративтік этика – жұмыскерлерімізді біріктіретін негізгі элемент.

Корпоративтік этиканың мақсаты – жұмыскерлердің бірыңғай ұжым шеңберіндегі өзара қарым-қатынастарын реттеу және ол жалпы қабылданған адами құндылықтар негізінде қалыптасады:

  • құзыреттілік пен кәсібилікке (Компания жұмыскерлерінің сапалы білімінің, жұмыс тәжірибесінің, шешім қабылдау қабілетінің, өзінің кәсіби деңгейін арттыруға ұмтылысының болуы);
  • адалдық пен бейтараптыққа (ұйым қызметіндегі, оның іскерлік беделін сақтаудағы және жеке мүдделер мен кәсіби қызмет арасындағы қақтығыстарды болдырмаудағы маңызды аспект);
  • жауапкершілікке – Компаниямыз қызметінің сапасына кепілдік ретінде;
  • адам тұлғасын құрметтеуге («KEGOC» АҚ-ның әрбір жұмыскері нәсіліне, тіліне, саяси және діни нанымдарына, жынысына, ұлттық және мәдени тиесілігіне қарамастан, өзіне адал және әділ қарым-қатынас жасалуына құқылы);
  • қауіпсіздікке, ол коммерциялық құпияны сақтауға ұмтылумен және зиянсыз әрі қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етумен сипатталады.

Мінез-құлық кодексі

GRI 2-23, GRI 2-24

Компанияның барлық жұмыскер, оның ішінде жоғары буын басшылары орындауға міндетті құжат – Мінез-құлық кодексі (іскерлік этика кодексі), ол әрбір жұмыскер күнделікті қызметінде басшылыққа алуы тиіс практикалық қағидалар жиынтығы болып табылады. Мінез-құлық кодексі корпоративтік этика мен іскерлік мінез-құлықтың жалпы қабылданған нормалары және корпоративтік басқарудың үздік практикаларын айқындайтын құжаттар негізінде әзірленген. Мінез-құлық кодексі Компанияның барлық құрылымдық бөлімшелеріне, филиалдарына және еншілес ұйымдарына қолданылады. Компанияның барлық жұмыскерлері, оның ішінде лауазымды тұлғалар Мінез-құлық кодексінің ережелерімен жұмысқа қабылданған кезде және оған өзгерістер енгізілген кезде тұрақты түрде таныстырылады.

Компанияда Директорлар кеңесіне есеп беретін Омбудсмен өз жұмысын жалғастыруда, оның міндеттерінің бірі жұмыскерлер мен лауазымды тұлғалардың Мінез-құлық кодексін сақтауын қамтамасыз ету және оның ережелерін түсіндіру болып табылады. Омбудсмен жұмысының негізгі қағидаттары – тәуелсіздік, бейтараптық және әділдік, құпиялылық және бейресмилік.

Омбудсмен 9 филиалға, оның ішінде олардың аумақтық бөлімшелеріне барды.

Жұмыс орнындағы кемсітушілік пен қысым көрсету мәселелері бойынша барлық филиал жұмыскерлері, оның ішінде Оңтүстік ЖЭТ, Алматы ЖЭТ, Ақмола ЖЭТ, Орталық ЖЭТ, Ақтөбе ЖЭТ, Шығыс ЖЭТ, Сарыбай ЖЭТ, Солтүстік ЖЭТ, Батыс ЖЭТ қосалқы станцияларының жұмыскерлері және «Энергоинформ» АҚ филиалдарының жұмыскерлері үшін кездесулер мен тренингтер өткізілді.

GRI 2-16, GRI 2-25

Өткізілген іс-шаралардың нәтижелері бойынша жұмыскерлерге «KEGOC» АҚ жұмыскерлерінің этикалық нормалар мен мінез-құлық қағидаларын сақтау қажеттілігі туралы түсіндірмелер берілді. Мінез-құлық кодексінің (іскерлік этика кодексінің) мақсаттары мен міндеттері түсіндірілді, коммуникация арналары жеткізілді (Омбудсменнің, АРӘЕҚБД, «КПМГ Такс энд Эдвайзори» ЖШС тәуелсіз компаниясы қызмет көрсететін жедел желінің, Нысана колл-орталығының телефондары), әлеуметтік-еңбек дауларын шешу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді – Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 22-бабы «Жұмыскерлердің негізгі құқықтары мен міндеттері» және 23-бабы «Жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері» ережелері түсіндірілді, әлеуетті жанжалдардың алдын алу және оларды болдырмау бойынша Компанияның ішкі нормативтік құжаттары мен рәсімдеріне («KEGOC» АҚ мүдделер қайшылығын реттеу саясаты») түсіндірмелер берілді.

Жұмыс Компания жұмыскерлері мен лауазымды тұлғалары арасында Мінез-құлық кодексінде (іскерлік этика кодексінде) бекітілген, ұжымдағы жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес келетін өзара қарым-қатынастың корпоративтік мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдесу мақсатында жүргізілді. Бұдан басқа, жоғарыда аталған филиалдарға барған кезде еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындары, жұмыскерлердің демалыс орындары қаралды.

2025 жылы Компания «KEGOC» АҚ-да кадрлық әкімшілендіру» қағидаларына сәйкес жаңадан қабылданған жұмыскерлермен «KEGOC» АҚ Мінез-құлық кодексінің (іскерлік этика кодексінің) ережелері бойынша бейімдеу курстарын өткізді (52 жұмыскер). Бейімдеу курсы барысында ұйым стандарттарының ережелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді:

  • бастамашыл хабарлау саясаты («Жедел желі»);
  • алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты;
  • лауазымды тұлғалар мен жұмыскерлердің  мүдделер қайшылығын реттеу саясаты.

Сондай-ақ 2025 жылы Омбудсмен:

  • адам құқықтары бойынша тәуекелдерге проактивті ден қою және омбудсмендер, тұрақты даму/ESG, HR және әлеуметтік бағыт мәселелері жөніндегі жұмыскерлер арасында тиісті сақтық рәсімін енгізу бойынша тренингтен өтті;
  • «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобындағы ішкі коммуникациялар және сатып алу қызметі жөніндегі форумға қатысты;
  • «Жасанды интеллект негіздері мен құралдары» тақырыбы бойынша оқудан өтті;
  • «Корпоративтік омбудсмендерге арналған медиация және келіссөздер» тақырыбы бойынша оқудан өтті.

Жұмыскерлердің өтініштерін қарау тәртібі «KEGOC» АҚ Омбудсмені туралы ережемен реттеледі, оған сәйкес Омбудсмен белгіленген тәртіппен жұмыскерлерден, лауазымды тұлғалардан, Ішкі аудит қызметінің басшысынан, Комплаенс қызметінен өтінішті қарау үшін қажетті ақпаратты, материалдар мен түсіндірмелерді сұратуға және алуға құқылы. Өтінішті қарауға қабылдағаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш беруші өз құқықтарын қорғау және/немесе мінез-құлық нормаларының бұзылуын және/немесе мінез-құлық нормаларын бұза отырып қабылданған шешімдерді немесе әрекеттерді (әрекетсіздікті) жою үшін пайдалануға құқылы тәсілдер мен құралдарды түсіндіреді. Сондай-ақ Омбудсмен өтінішті осындай өтініштерді шешу құзыретіне кіретін Компания органдарына беруге міндетті.

GGRI 2-26

2025 жылы «KEGOC» АҚ Омбудсменіне 6 өтініш түсті.

Бұл ретте болжамды бұзушылықтар туралы 6 өтініштің 1-і Мінез-құлық кодексін сақтамаумен, 2-і – адам құқықтарымен, 3-і – өзге де мәселелермен байланысты.

Әрбір өтініш бойынша мұқият тергеулер жүргізілді, олардың нәтижелерімен өтініш берушілер таныстырылды. Бұл ретте өтініштердегі адам құқықтарының бұзылуы туралы ақпарат расталмады және 2025 жылы Компания жұмыскерлері тарапынан еңбек заңнамасының талаптарын сақтамау туралы талап-арыз беру жағдайлары тіркелмеді.

Жұмыскерлер мен лауазымды тұлғалардың барлық өтініштер және олар бойынша қабылданған шаралар туралы Омбудсмен тоқсан сайын Компанияның Директорлар кеңесіне есеп ұсынады.


Адам құқықтарын сақтау

GRI 2-23, GRI 2-24

«KEGOC» АҚ халықаралық деңгейде жарияланған және Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген адам құқықтарын қорғайды және құрметтейді, сондай-ақ жынысына, тіліне, нәсіліне, азаматтығына, дінге көзқарасына, гендерлік сәйкестігіне және өзге де белгілеріне қарамастан, барлық жұмыскерлер үшін тең еңбек жағдайларын жасау тәжірибесін жалғастырады, қысым көрсетудің немесе кемсітудің кез келген нысандарына жол бермейді. «KEGOC» АҚ өз қызметінде балалар еңбегін және мәжбүрлі еңбекті пайдаланбайды. Компанияда адам құқықтарының сақталуына байланысты мәселелерді басқару үшін Омбудсмен және Комплаенс қызметі жауап береді.

2025 жылы «KEGOC» АҚ-да корпоративтік жауапкершілікті нығайту және қызметті адам құқықтары мен бостандықтары саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мақсатында Адам құқықтары саласындағы саясат бекітілді.

«KEGOC» АҚ-ның Адам құқықтары саласындағы саясатының негізгі мақсаты – адам құқықтарын сақтау және адам құқықтары саласындағы халықаралық деңгейде танылған стандарттарды, оның ішінде Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын, БҰҰ-ның бизнес және адам құқықтары жөніндегі басшылық қағидаттарын, Халықаралық еңбек ұйымының қағидаттарын және т.б. ұстану.

Адам құқықтары саласындағы саясаттың негізгі мақсатына сәйкес, «KEGOC» АҚ төмендегі қағидаттарды сақтауға және ілгерілетуге, сондай-ақ олардың бұзылуына әкелуі мүмкін кез келген әрекеттердің немесе практикалардың алдын алуға міндеттенеді:

  • біз адамдарды пайдалану мақсатында оларды тартуды, тасымалдауды, жасыруды немесе қабылдауды қоса алғанда, адам саудасының кез келген нысандарына жол бермейміз;
  • біз жазалау қаупімен немесе мәжбүрлеудің өзге де нысандарымен орындалатын еңбекті қоса алғанда, мәжбүрлі еңбекті пайдалануға жол бермейміз;
  • біз балалар еңбегін, атап айтқанда жұмысқа орналасу үшін заңмен белгіленген ең төменгі жасқа толмаған адамдардың еңбегін пайдалануға жол бермейміз;
  • біз жұмыскерлердің бірлесу бостандығына, оның ішінде кәсіптік одақтар құру және оларға кіру құқығына, сондай-ақ ұжымдық шарттар жасасу және өз мүдделерін қорғау үшін ұжымдық келіссөздер жүргізу құқығына құрметпен қараймыз;
  • біз жынысы, нәсілі, ұлты, жасы, дінге және қоғамдық бірлестіктерге көзқарасы, мүгедектігі, әлеуметтік мәртебесі, тұрғылықты жері, азаматтығы немесе іскерлік қасиеттеріне қатысы жоқ өзге де белгілері бойынша кемсітуге жол бермейміз;
  • біз қандай да бір белгі бойынша кемсітусіз тең құнды еңбек үшін тең сыйақы төлеуді қамтамасыз етеміз;
  • біз қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықты, дербес деректердің қол сұғылмаушылығы мен қорғалуына құқықты қоса алғанда, өзге де адам құқықтарын құрметтейміз және сақтаймыз.

Компания қудалау мен кемсітудің кез келген нысандарына нөлдік төзімділік қағидатын ұстанады.

«KEGOC» АҚ-ның Адам құқықтары саласындағы саясатының қолданылуы өндірістік қызметтің барлық саласына, оның ішінде филиалдардың қызметіне, сондай-ақ мердігерлер мен жеткізушілердің қызметіне қолданылады.

«KEGOC» АҚ Басқармасы осы Адам құқықтары саласындағы саясатты іске асыру және барлық ресурстарды тиімді пайдалану, сондай-ақ оны «KEGOC» АҚ-ның барлық бизнес-процестеріне интеграциялау үшін жауапкершілікті өзіне алады.

2025 жылы комплаенс және этика саласындағы жұмыс нысаналы оқыту және коммуникациялар бағдарламасын іске асыру есебінен айтарлықтай күшейтілді, бұл Компанияның барлық деңгейлерінде адалдықтың тұрақты мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті. Комплаенс қызметі және Омбудсмен, оның ішінде филиалдарға жыл сайынғы бару барысында, Мінез-құлық кодексінің (іскерлік этика кодексінің) ережелері, кемсітудің кез келген түрлеріне жол бермеу, жұмыскерлердің құқықтарын сақтау, этикалық стандарттар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша оқыту және түсіндіру іс-шараларын өткізді, сондай-ақ өтініштер беру қажеттілігі туындаған жағдайда коммуникация арналары еске салынды.

Компанияның еңбек ұжымдарындағы моральдық-психологиялық ахуалды және жұмыскерлердің Мінез-құлық кодексінің (іскерлік этика кодексінің) нормалары мен талаптары туралы хабардарлығын мониторингтеу мақсатында есепті жыл ішінде анонимді сауалнама жүргізу ұйымдастырылды. Компанияның барлық филиалдарындағы жалпы персонал санының 29 %-дан астамын құрайтын 1 000-нан астам адамды қамтыған жұмыскерлер сауалнамасының нәтижелері еңбек құқықтарының сақталуы мен қолайлы корпоративтік мәдениеттің жоғары деңгейін көрсетті: респонденттердің 90 %-ы негізгі аспектілер бойынша оң бағалар берді.

Жұмыскерлердің көпшілігі ұжымдарда қолайлы моральдық-психологиялық ахуал мен өзара сенім атмосферасының бар екенін, сондай-ақ басшылық тарапынан қолдауға сүйене алатынын растады. Тікелей басшылардың қарамағындағы жұмыскерлермен қарым-қатынаста объективтілігі және заңсыз қысымның болмауы атап өтілді. Жұмыскерлер жұмыс үшін маңызды шешімдерді қабылдауға қатысу мүмкіндігі бар екенін, сондай-ақ оларға лауазымдық міндеттер шеңберінен тыс талаптар қойылмайтынын растады. Респонденттердің елеулі бөлігі қолжетімді өтініш беру механизмдері мен жанжалды жағдайларды шешу тәсілдері туралы жеткілікті деңгейде хабардар екенін де көрсетті.

Еңбек қатынастарын басқару және адам құқықтарын сақтау жүйесін жетілдіру мақсатында анықталған 10 % даму аймақтары бойынша Компания Омбудсмені 2025 жылы түзету іс-шараларының жоспарын әзірлеп, іске асырды. Жоспар жұмыскерлердің кері байланыс арналары мен құқықтарды қорғау механизмдері туралы хабардарлығын арттыру, ашық диалог мәдениетін дамыту, сондай-ақ кемсітпеу және әділ қарым-қатынас қағидаттарының сақталуын мониторингтеу жөніндегі шараларды қамтыды. Іс-шараларды іске асыру адам құқықтары саласындағы тәуекелдерге превентивті бақылауды күшейтуге және ішкі рәсімдердің ашықтығын арттыруға мүмкіндік берді.

Санат Соңғы үш жыл ішінде бағаланғандардың жалпы санынан % Тәуекелдер анықталған бағаланғандардың жалпы санынан % Тәуекелді төмендету бойынша шаралар қабылданған тәуекелдің %-ы
Меншікті қызмет 29 10 100
Бірінші деңгейдегі мердігерлер мен жеткізушілер 100 0 0
Бірлескен кәсіпорындар жоқ жоқ жоқ

KEGOC адам құқықтарымен байланысты тәуекелдерді жұмсарту жөніндегі іс-шараларды барлық филиалдарда (ЖЭТ) іске асырады. Бұл шаралар еңбекті қорғау бағдарламаларын, тәуекелдердің алдын алу рәсімдерін, мәжбүрлі еңбек, ассоциациялар бостандығы, ұжымдық келіссөздер жүргізу құқығы, еңбек жағдайларын тұрақты бағалау, шағымдарды беру тетіктері, кемсітпеу кепілдіктері мен адам құқықтарының бұзылуының ықтимал тәуекелдерін төмендетуге бағытталған өзге де превентивті іс-әрекеттерді қамтиды. Адам құқықтары саласындағы тәуекелдерді бағалау жұмыскерлер мен мүдделі тараптардың барлық санаттарына, оның ішінде Компанияның өзінің жұмыскерлеріне, әйелдерге, мердігер және бөгде ұйымдардың жұмыскерлеріне, сондай-ақ Компанияның операциялық қызметіне және оның құн жасау тізбегіне тартылған өзге де тұлғаларға таратылады. Компанияда адам құқықтарының бұзылуы анықталмағандықтан, бұл іс-шаралар операциялық тәуекелдер ықтимал түрде туындауы мүмкін барлық объектілерде салдарды жұмсарту жоспарларының функциясын орындайды.

GRI 406-1

Есепті жылы Компания жұмыскерлеріне қатысты кемсітушілік жағдайлары тіркелген жоқ.

Мердігер ұйымдар жұмыскерлерінің құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету

GRI 403-5, GRI 403-7, GRI 403-8, GRI 403-9, EU18

«KEGOC» АҚ бас мердігерлер мен қосалқы мердігерлерде адам құқықтарының сақталуына кешенді тексеру жүргізеді. Есепті кезеңде Мердігерлік ұйымдардың мониторинг жоспары әзірленді және іске асырылуда. Жоспар ықтимал проблемаларды бағалау нәтижелері бойынша әзірленген және «KEGOC» АҚ-мен жасалған шарттарға сәйкес жұмыстарды жүзеге асыратын мердігерлік ұйымдар жұмыскерлерінің құқықтарының сақталуын мониторингтеуге бағытталған. Жоспарда көзделген:

  • функцияаралық жұмыс тобын құру (HR, еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік, сатып алу, құқықтық сүйемелдеу, Омбудсмен);
  • мердігер пайдаланатын және еңбек заңнамасының талаптары мен жұмыскерлердің құқықтарын сақтауға қатысты барлық міндетті тармақтарды қамтитын еңбек шартының үлгілік нысанын әзірлеу;
  • шағымдарды қарау тетігін құру және оның қолданылуын ілгерілету;
  • мердігерлердің еңбекті қорғау және әлеуметтік міндеттемелер саласындағы талаптарды сақтауына тұрақты мониторинг жүргізу және бағалау;
  • мердігер ұйымдардың өндірістік жарақаттану және инциденттер туралы есептілікті ай сайын ұсынуы;
  • ұсынылған деректерді талдау және тәуекел деңгейін тоқсан сайын бағалау;
  • мердігерлермен іріктемелі тексерулер мен бірлескен кеңестер өткізу;
  • бұзушылықтар анықталған жағдайда қосымша нұсқамалар мен оқыту іс-шараларын ұйымдастыру;
  • қажет болған жағдайда түзету іс-шараларын актуалдау және мониторинг рәсімдерін жаңарту.

Адам құқықтарымен байланысты тәуекелдер немесе сәйкессіздіктер анықталған жағдайларда «KEGOC» АҚ салдарды жұмсарту жоспарларын әзірлейді не мердігерлерден түзету жоспарларын дайындауды талап етеді. «KEGOC» АҚ осы жоспарлардың орындалуын кейінгі тексерулер арқылы бақылайды. Бұл процесс KEGOC объектілерінде жұмыс істейтін мердігерлерге (100 %) таратылады.

Осылайша, Компания жеткізу тізбегінде тәуекелдерді басқарудың жүйелі процесін құрады және мердігер ұйымдар жұмыскерлерінің құқықтарын сақтауды бақылауды қамтамасыз етеді.