73%

Сатып алу практикасы

GRI 2-6

«KEGOC» АҚ-да ақпараттық ашықтық, айқындылық, тең құқықтылық және адал бәсекелестікті дамыту қағидаттарына негізделген тиімді сатып алу жүйесі құрылған.

2025 жылы Компанияның сатып алу қызметі Қордың Директорлар кеңесі бекіткен «Самұрық-Қазына» АҚ-ның және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) 50 %-ы және одан көбі тікелей немесе жанама түрде меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тиесілі ұйымдардың сатып алуды жүзеге асыру тәртібіне сәйкес жүзеге асырылды.

Сатып алу қызметінің басымдықтары:

  • сатып алынатын өнімді өндіретін, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы ұйымдарының тізілімінде тіркелген, мүгедектігі бар тұлғаларды (оның ішінде мүгедектігі бар жеке кәсіпкерлерді) қамтитын ұйымдардан тауарларды сатып алу;
  • сатып алынатын тауардың тауар өндірушілерінен, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қазақстандық тауар өндірушілерінің тізілімінде тұрғандардан тауарлар сатып алу;
  • білікті әлеуетті жеткізушілер арасында сатып алуды жүзеге асыру.

Сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті жеткізушілерді алдын ала біліктілік іріктеу моделі қолданылады, яғни жоғарыда көрсетілген тәртіпке сәйкес айқындалған біліктілік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан әлеуетті жеткізушілерді сауалнама жүргізу мен аудит арқылы бағалау процесі.

GRI 2-24

Алдын ала біліктілік іріктеуді жүргізу кезінде әлеуетті жеткізушілер мынадай өлшемшарттар бойынша бағаланады:

  • құқықтық құрамдас;
  • әлеуетті жеткізушінің шарттық жұмысын ұйымдастыру;
  • әлеуетті жеткізушінің ресурстары;
  • тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің сапасын қамтамасыз ету;
  • жобалар мен тәуекелдерді басқару;
  • еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау;
  • қоршаған ортаны қорғау.

Сондай-ақ сатып алуды жүргізу кезінде «KEGOC» АҚ сатып алынатын тауарлардың тауар өндірушілерін қолдау жөніндегі тәртіпте көзделген шараларды қабылдады.

Компания жүргізетін сатып алуларға мынадай жағдайларда әлеуетті жеткізушілер қатысуға құқылы емес:

  • әлеуетті жеткізуші немесе оның қосалқы мердігері (бірлесіп орындаушысы) не консорциум қатысушысы мемлекеттік сатып алудың адал емес қатысушыларының тізілімінде және (немесе) сатып алудың адал емес қатысушыларының тізілімінде, және (немесе) «Самұрық-Қазына» АҚ-ның сенімсіз әлеуетті жеткізушілерінің (жеткізушілерінің) тізбесінде, және (немесе) оларды банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген борышкерлердің тізімінде тұрса;
  • әлеуетті жеткізуші және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы), және (немесе) олардың басшысы, және (немесе) құрылтайшылары (акционерлері) Қазақстан Республикасының «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңында белгіленген тәртіппен терроризм мен экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне немесе жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілсе;
  • әлеуетті жеткізуші тіркелген орны салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін жеңілдікті салық салынатын мемлекеттердің тізбесіне енгізілген мемлекет немесе аумақ болып табылатын заңды тұлға болса.

Осыған байланысты сатып алу рәсімдерін жүргізу кезінде әлеуетті жеткізушілер Тәртіпте белгіленген шектеулердің бар-жоғы тұрғысынан тексеріледі.

GRI 2-25, GRI 2-26

«KEGOC» АҚ сатып алу рәсімдерін жүргізетін тұлғалардың әрекеттерімен келіспеген жағдайда әлеуетті жеткізушілердің өтініштер мен шағымдар беру құқығын іске асыруды қамтамасыз етеді.

Барлық өтініштер белгіленген тәртіппен, баяндалған дәйектерді міндетті түрде талдай отырып қаралады. Қарау нәтижелері бойынша өтініш берушілерді кейіннен хабардар ете отырып, шағымдарды растау не қабылдамау туралы негізделген шешімдер қабылданады.

Жеткізушілермен өзара іс-қимылдың ыңғайлылығы үшін сатып алу рәсімдері тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізушілердің көп санын тартуды және сатып алу қызметінің тиімділігін арттыруға ықпал ететін бәсекелік ортаны қамтамасыз ететін «Самұрық-Қазына» АҚ-ның электрондық сатып алу порталы (www.zakup.sk.kz) арқылы жүргізіледі.

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның сатып алу порталында (www.zakup.sk.kz), сондай-ақ www.kegoc.kz сайтында «Сатып алу» бөлімінде «KEGOC» АҚ-ның тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың өзекті Жылдық жоспары және тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың Ұзақ мерзімді жоспары жарияланады.

«KEGOC» АҚ 2025 жылы жүзеге асырған сатып алулар, млрд теңге

«KEGOC» АҚ «Энергоинформ» АҚ БАРЛЫҒЫ
Тауарлар (жақын шетелден, оның ішінде Ресей Федерациясы мен Қырғыз Республикасынан электр энергиясын есепке алмағанда) 34,67 0,25 34,92
Жұмыстар 18,19 0,01 18,2
Қызметтер 15,72 0,42 16,14
Электр энергиясы 68,58 0,68 69,26
БАРЛЫҒЫ 137,16 1,36 138,52

«KEGOC» АҚ өзінің контрагенттері арасында тұрақты даму мен ESG қағидаттарын ілгерілетуге жәрдемдесу үшін БҰҰ Жаһандық шартының ережелеріне және Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) негізделген Жеткізушілердің мінез-құлық кодексін әзірлеп, енгізді.

Кодекс жеткізушілермен жасалатын барлық шарттардың міндетті бөлігі болып табылады және Компанияның жауапты әрі этикалық жеткізу тізбегін қалыптастыруға ұмтылысын көрсетеді. «KEGOC» АҚ-ның барлық жеткізушілері осы Кодекстің ережелерін, оның ішінде мынадай қағидаттарды сақтауға міндетті:

  • өз жұмысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол бермеу;
  • өз жұмыскерлеріне, өкілдеріне және Компаниямен жасалған шарттар бойынша қосалқы мердігерлеріне коммерциялық парақорлық пен сыбайлас жемқорлық сипатындағы өзге де әрекеттер жасауға тыйым салу;
  • заңсыз мәжбүрлі еңбектің барлық нысандарын болдырмау;
  • балалар еңбегін болдырмау;
  • кез келген түрдегі кемсітушілікті, оның ішінде жұмысқа орналастыру мен еңбек қызметіне қатысты кемсітушілікті болдырмау;
  • жұмыскерлердің жұмыс уақыты мен демалысына қатысты нормативтік құқықтық актілерді сақтау;
  • ең төмен жалақы мөлшеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді сақтау;
  • еңбек заңнамасын сақтау.

Кодекс Компанияның жеткізушілерінің мынадай қағидаттарды сақтауы жөніндегі нормаларды қамтиды:

  • Әділ жұмысқа орналастыру практикасы;
  • Этикалық қағидаттар;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі талаптар;
  • Өндірістік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау;
  • Қоршаған ортаны қорғау;
  • Деректердің құпиялылығы мен қауіпсіздігі.

«KEGOC» АҚ ұзақ мерзімді немесе қысқа мерзімді перспективада пайданы барынша арттыруды негізге ала отырып, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға тәсілдерді оңтайландыруға бағытталған және өткен кезеңдердің шығыстарын, болашақ қажеттілікті, жеткізу нарығын және бизнес талаптарын талдау нәтижелері негізінде жасалған тұжырымдарды қамтитын «Самұрық-Қазына» АҚ-ның сатып алу санаттық стратегияларын (ЗКС) іске асыру жөніндегі жұмысты жүргізеді.

2025 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ деңгейінде «IT жабдығы» санаттары бойынша ЗКС іске асырылды.

2025 жылғы өнім берушілердің көрсеткіштері (тауарлар)

Өнім берушілер – тізілім (АБІ)
оның ішінде:
ССС шеңберінде
ССС шеңберінен тыс
шарт бойынша жалпы сома
Жеткізушілер – тізілімде емес (АБІ) 1
оның ішінде:
ССС шеңберінде 1
ССС шеңберінен тыс
шарт бойынша жалпы сома 7 946 250
Өнім берушілер – тізілім (СБЖӨ) 1
оның ішінде:
ССС шеңберінде 1
ССС шеңберінен тыс 0
шарт бойынша жалпы сома 1 925 550
Өнім берушілер – тізілімде емес (СБЖӨ) 1
оның ішінде:
ССС шеңберінде 1
ССС шеңберінен тыс 0
шарт бойынша жалпы сома 6 020 700
GRI 2-6

2025 жылы «KEGOC» АҚ-ның тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудағы елішілік құндылығының үлесі 65 %-ды құрады, оның ішінде:

  • 64 % – тауарларды сатып алуда (жақын шетел елдерінен электр энергиясын жеткізуді есепке алмағанда);
  • 67 % – жұмыстар мен қызметтерді сатып алуда.

«Энергоинформ» АҚ еншілес ұйымы үшін елішілік құндылығы үлесінің көрсеткіштері мынаны құрады:

  • 42,98 % – тауарларды сатып алуда;
  • 99,71 % – жұмыстар мен қызметтерді сатып алуда.