73%

Біздің адамдар

GRI 2-12, GRI 2-13

2025 жылғы негізгі көрсеткіштер

Кадрлардың тұрақсыздығы көрсеткіші

7,21 %

Әлеуметтік тұрақтылық индексінің (SRS) өсуі

88%

2025 жылғы 1 сәуірден бастап лауазымдық жалақылар/тарифтік мөлшерлемелер көтерілді

филиалдардың негізгі жұмыскерлеріне

15 %

автомұнаралар, автогидрокөтергіштер мен автомобиль крандарының машинистеріне

20 %

қалған жұмысшыларға

10 %

Атқарушы дирекция жұмыскерлеріне – қызметті бағалау нәтижелері бойынша

филиалдардың инженерлік-техникалық және әкімшілік-басқару персоналына

10 %

БҰҰ ТДМ-ге қосқан үлес

Персоналды басқару саласындағы негізгі құжаттар

  • «KEGOC» АҚ-ның 2023–2032 жж. Даму жоспары (Стратегиясы)
  • Мінез-құлық (іскери әдеп) кодексі
  • «KEGOC» АҚ Кадр саясаты
  • Персоналды оқыту мен дамыту жөніндегі стандарт
  • Персоналды іздеу мен іріктеу қағидалары
  • Жұмыскерлердің қызметін бағалау қағидалары
  • Таланттарды басқару қағидалары
  • Персоналға еңбекақы төлеу мен сыйлықақы беру қағидалары
  • Жұмыскерлерге әлеуметтік қолдау көрсету қағидалары

Адами капитал «KEGOC» АҚ-ның негізгі әлеуметтік құндылығы және Компанияның тұрақты дамуының негізі болып табылады. Жұмыскерлердің кәсіби әлеуетін қалыптастыру, дамыту және сақтау өндірістік қызметтің сенімділігіне, еңбек қауіпсіздігіне және Компанияның ұзақ мерзімді тиімділігіне тікелей әсер ететін стратегиялық басымдық ретінде қарастырылады. «KEGOC» АҚ-ның кадр саясаты қауіпсіз әрі қолайлы жұмыс ортасын құруға, персоналдың құзыреттерін, тартылуы мен әлеуметтік тұрақтылығын дамытуға, сондай-ақ кәсіби және мансаптық өсу үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған.

Адами ресурстарды тиімді басқару ресурстарды оңтайлы бөлуді, еңбекті ынталандырудың әділ жүйесін, жұмысқа орналастыру процестерінің ашықтығын, жұмыскерлердің мансаптық өсуі мен кәсіби дамуын қамтамасыз етеді.

Кадр саясатының негізгі бағыттары:

  • персоналды іздеу мен іріктеу;
  • оқыту мен дамыту;
  • қызметті бағалау;
  • сыйақы;
  • өндірістік қатынастарды дамыту;
  • әлеуметтік қолдау;
  • корпоративтік мәдениетті дамыту;
  • HR-процестерді жетілдіру.

Персонал құрылымы

Кадр саясатының мақсаттарының бірі – портфельді тиімді басқаруды қамтамасыз ету шеңберінде адами ресурстарды проактивті жоспарлау. HR көрсеткіштерін, зерттеу нәтижелерін, қажеттіліктерді жинау мен талдауды, инвестициялық бағдарламаны және т.б. талдау негізінде персонал саны мен персоналға арналған шығыстар қысқа мерзімді және орта мерзімді кезеңдерге жоспарланады.

GRI 2-7, GRI 2-8

Компания жұмыскерлерінің тізімдік саны (ЕҰ-ны ескере отырып) 2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 4 472 адамды, аутстаффинг – 282 адамды құрады. Персонал саны соңғы екі жыл бойы іс жүзінде тұрақты болып қалды. Жұмыс күшінің ішінде 77 %-ын құрайтын ерлер басым. Жұмыскерлердің жалпы санынан 46 %-ы мамандар, 72 %-ы жоғары білімді. Жас құрамы бойынша жұмыскерлердің 57 %-ы 31-40 және 41-50 жас топтарына жатады, тағы 23 %-ы – 51-60 жас аралығында. Жұмыскерлердің басым көпшілігі – 98 %-ы – тұрақты.

«KEGOC» АҚ жұмыскерлерінің құрылымы

Жұмыскерлердің санаттар бойынша құрылымы, %

Жұмыскерлердің гендерлік белгісі бойынша құрылымы, %

Жұмыскерлердің жұмыспен қамту түрі бойынша құрылымы, %

Жұмыскерлердің жасы бойынша құрылымы, %

Жұмыскерлердің жұмыс өтілі бойынша құрылымы, %

Жұмыскерлердің ұлты бойынша құрылымы, %

Жұмыскерлердің өңірлер бойынша құрылымы, %

Жұмыскерлердің білімі бойынша құрылымы, %

*ең төмен жалақы деңгейі деп «Энергоинформ» АҚ еншілес ұйымы технигінің лауазымдық айлықақысы көзделеді.

«KEGOC» АҚ-ның 2025 жылғы тұрақты және уақытша жұмыскерлерінің саны, адам

GRI 2-7

Бөлімше Уақытша жұмыскерлер* Тұрақты жұмыскерлер Барлығы
Барлығы Ерлер Әйелдер Барлығы Ерлер Әйелдер
Ақмола ЖЭТ 559 468 91 0 0 0 559
Ақтөбе ЖЭТ 269 219 50 5 1 4 274
Алматы ЖЭТ 459 390 69 16 9 7 475
Шығыс ЖЭТ 291 240 51 3 1 2 294
Батыс ЖЭТ 259 210 49 3 0 3 262
Сарыбай ЖЭТ 420 340 80 0 0 0 420
Солтүстік ЖЭТ 375 281 94 6 0 6 381
Орталық ЖЭТ 411 340 71 8 4 4 419
Оңтүстік ЖЭТ 429 365 64 6 2 4 435
ЖО ҰДО 112 71 41 2 1 1 114
Атқарушы дирекция 345 179 166 22 14 8 367
«Энергоинформ» АҚ 469 314 155 3 1 2 472
Барлығы 4 398 3 417 981 74 33 41 4 472

*уақытша жұмыскерлер деп Компанияға уақытша бос лауазымдарға қабылданған жұмыскерлер көзделеді (ішкі ауысуларды қоспағанда)

«KEGOC» АҚ жұмыскерлерінің 2025 жылғы лауазым санаттары бойынша саны, адам

Бөлімше Жұмыскерлердің жалпы саны Оның ішінде
Басшылар Мамандар Жұмысшылар
Ақмола ЖЭТ 559 70 201 288
Ақтөбе ЖЭТ 274 46 105 123
Алматы ЖЭТ 475 64 197 214
Шығыс ЖЭТ 294 44 127 123
Батыс ЖЭТ 262 44 92 126
Сарыбай ЖЭТ 420 56 158 206
Солтүстік ЖЭТ 381 52 139 190
Орталық ЖЭТ 419 58 161 200
Оңтүстік ЖЭТ 435 61 164 210
ЖО ҰДО 114 26 88 0
Атқарушы дирекция 367 83 284 0
«Энергоинформ» АҚ 472 87 359 26
Барлығы 4 472 691 2 075 1 706

«KEGOC» АҚ жұмыскерлерінің 2025 жылғы гендерлік бөлінуі бойынша саны, адам

Бөлімше Жұмыскерлердің гендерлік белгісі бойынша құрылымы
Ерлер Әйелдер Барлығы
Ақмола ЖЭТ 468 91 559
Ақтөбе ЖЭТ 220 54 274
Алматы ЖЭТ 399 76 475
Шығыс ЖЭТ 241 53 294
Батыс ЖЭТ 210 52 262
Сарыбай ЖЭТ 340 80 420
Солтүстік ЖЭТ 281 100 381
Орталық ЖЭТ 344 75 419
Оңтүстік ЖЭТ 367 68 435
ЖО ҰДО 72 42 114
Атқарушы дирекция 193 174 367
«Энергоинформ» АҚ 315 157 472
Барлығы 3 450 1 022 4 472

«KEGOC» АҚ жұмыскерлерінің 2025 жылғы жас құрылымы бойынша саны, адам

Бөлімше Барлығы Оның ішінде (жыл)
30-ға дейін 31-40 41-50 51-60 61-ден жоғары
адам % адам % адам % адам % адам %
Ақмола ЖЭТ 559 82 15 154 28 153 27 148 26 22 4
Ақтөбе ЖЭТ 274 38 14 132 48 40 15 52 19 12 4
Алматы ЖЭТ 475 87 18 166 35 112 24 94 20 16 3
Шығыс ЖЭТ 294 47 16 109 37 56 19 74 25 8 3
Батыс ЖЭТ 262 61 23 88 34 60 23 34 13 19 7
Сарыбай ЖЭТ 420 51 12 107 25 117 28 117 28 28 7
Солтүстік ЖЭТ 381 57 15 117 31 78 20 108 28 21 6
Орталық ЖЭТ 419 58 14 114 27 110 26 116 28 21 5
Оңтүстік ЖЭТ 435 66 15 113 26 109 25 121 28 26 6
ЖО ҰДО 114 24 21 34 30 37 32 18 16 1 1
Атқарушы дирекция 367 23 6 130 35 130 35 69 19 15 4
«Энергоинформ» АҚ 472 62 13 172 36 110 23 102 22 26 6
Барлығы 4 472 656 14 1 436 32 1 112 25 1 053 24 215 5

«KEGOC» АҚ жұмыскерлерінің 2025 жылғы жұмыс өтілі бойынша саны, адам

Бөлімше Барлық жұмыс істейтіндер Оның ішінде
1 жылға дейін % 1-ден 3 жылға дейін % 3-тен 5 жылға дейін % 5-тен 10 жылға дейін % 10-нан 15 жылға дейін % 15-тен 20 жылға дейін % 20 жылдан астам %
Ақмола ЖЭТ 559 32 5,7 48 8,6 63 11,3 111 19,9 98 17,5 92 16,5 115 20,6
Ақтөбе ЖЭТ 274 20 7,3 25 9,1 30 10,9 39 14,2 49 17,9 46 16,8 65 23,7
Алматы ЖЭТ 475 26 5,5 38 8,0 42 8,8 98 20,6 84 17,7 79 16,6 108 22,7
Шығыс ЖЭТ 294 16 5,4 15 5,1 18 6,1 62 21,1 59 20,1 46 15,6 78 26,5
Батыс ЖЭТ 262 8 3,1 22 8,4 33 12,6 59 22,5 36 13,7 50 19,1 54 20,6
Сарыбай ЖЭТ 420 17 4,0 42 10,0 47 11,2 73 17,4 58 13,8 61 14,5 122 29,0
Солтүстік ЖЭТ 381 28 7,3 55 14,4 32 8,4 62 16,3 56 14,7 53 13,9 95 24,9
Орталық ЖЭТ 419 29 6,9 48 11,5 37 8,8 63 15,0 74 17,7 57 13,6 111 26,5
Оңтүстік ЖЭТ 435 19 4,4 28 6,4 38 8,7 60 13,8 69 15,9 63 14,5 158 36,3
ЖО ҰДО 114 6 5,3 10 8,8 12 10,5 28 24,6 15 13,2 23 20,2 20 17,5
Атқарушы дирекция 367 15 4,1 28 7,6 29 7,9 53 14,4 60 16,3 82 22,3 100 27,2
«Энергоинформ» АҚ 472 59 12,5 66 14,0 47 10,0 105 22,2 65 13,8 61 12,9 69 14,6
Барлығы 4 472 275 6,1 425 9,5 428 9,6 813 18,2 723 16,2 713 15,9 1 095 24,5

«KEGOC» АҚ жұмыскерлерінің 2025 жылғы ұлттық құрамы бойынша құрылымы, адам

Бөлімше Барлығы Қазақтар Орыстар Немістер Украиндар Беларустар Өзбектер Кәрістер Татарлар Басқалар*
Саны, адам % Саны, адам % Саны, адам % Саны, адам % Саны, адам % Саны, адам % Саны, адам % Саны, адам % Саны, адам %
Ақмола ЖЭТ 559 427 76,4 78 14,0 9 1,6 14 2,5 3 0,5 1 0,2 0 0,0 6 1,1 21 3,8
Ақтөбе ЖЭТ 274 242 88,3 17 6,2 3 1,1 8 2,9 0 0,0 0 0,0 1 0,1 2 0,7 1 0,4
Алматы ЖЭТ 475 432 90,9 33 6,9 1 0,2 0 0,0 0 0,0 0 0,0 1 0,2 0 0,0 8 1,7
Шығыс ЖЭТ 294 222 75,5 65 22,1 2 0,7 3 1,0 0 0,0 0 0,0 0 0,0 2 0,7 0 0,0
Батыс ЖЭТ 262 246 93,9 12 4,6 0 0,0 1 0,4 0 0,0 0 0,0 0 0,0 2 0,8 1 0,4
Сарыбай ЖЭТ 420 219 52,1 146 34,8 10 2,4 31 7,4 2 0,5 0 0,0 2 0,5 5 1,2 5 1,2
Солтүстік ЖЭТ 381 274 71,9 74 19,4 5 1,3 10 2,6 2 0,5 0 0,0 0 0,0 8 2,1 8 2,1
Орталық ЖЭТ 419 285 68,0 75 17,9 13 3,1 14 3,3 5 1,2 0 0,0 6 1,4 9 2,1 12 2,9
Оңтүстік ЖЭТ 435 327 75,2 56 12,9 0 0,0 7 1,6 0 0,0 29 6,7 11 2,5 4 0,9 1 0,2
ЖО ҰДО 114 83 72,8 19 16,7 1 0,9 5 4,4 2 1,8 1 0,9 0 0,0 2 1,8 1 0,9
Атқарушы дирекция 367 333 90,7 18 4,9 2 0,5 3 0,8 0 0,0 0 0,0 3 0,8 7 1,9 1 0,3
«Энергоинформ» АҚ 472 323 68,4 97 20,6 13 2,8 14 3,0 2 0,4 8 1,7 1 0,2 8 1,7 6 1,3
Барлығы 4 472 3 413 76,3 690 15,4 59 1,3 110 2,5 16 0,4 39 0,9 25 0,6 55 1,2 65 1,5

*«басқалар» мәні бойынша мыналар көзделеді: әзербайжандар, армяндар, қырғыздар, түріктер, ұйғырлар және өзге де ұлттар.

«KEGOC» АҚ басшы жұмыскерлерінің 2025 жылғы ұлттық құрамы бойынша құрылымы, адам

Ұлты Саны, адам Барлық басшы лауазымдардағы үлесі. кіші, орта және жоғары басшылықты қоса (%)
Қазақтар 538 77,86
Орыстар 101 14,62
Немістер 7 1,01
Украиндар 18 2,60
Беларустар 1 0,14
Өзбектер 5 0,72
Кәрістер 5 0,72
Татары 9 1,30
Басқалар 7 1,01
Барлығы 691

«KEGOC» АҚ жұмыскерлерінің 2025 жылғы білім санаты бойынша саны, адам

Бөлімше Барлығы Оның ішінде
жоғарғы арнаулы орта орта
Ақмола ЖЭТ 559 339 60,6 167 29,9 53 9,5
Ақтөбе ЖЭТ 274 183 66,8 61 22,3 30 10,9
Алматы ЖЭТ 475 324 68,2 105 22,1 46 9,7
Шығыс ЖЭТ 294 180 61,2 82 27,9 32 10,9
Батыс ЖЭТ 262 186 71,0 60 22,9 16 6,1
Сарыбай ЖЭТ 420 280 66,7 70 16,7 70 16,7
Солтүстік ЖЭТ 381 234 61,4 88 23,1 59 15,5
Орталық ЖЭТ 419 251 59,9 112 26,7 56 13,4
Оңтүстік ЖЭТ 435 328 75,4 89 20,5 18 4,1
ЖО ҰДО 114 114 100,0 0 0,0 0 0,0
Атқарушы дирекция 367 367 100,0 0 0,0 0 0,0
«Энергоинформ» АҚ 472 421 89,2 51 10,8 0 0,0
Барлығы 4 472 3 207 71,7 885 19,8 380 8,5

«KEGOC» АҚ жұмыскерлерінің құрылымы, адам

GRI 405-1

Көрсеткіш Барлығы Үлес ӘБП ӨП Басшылар Басшылықтағы үлес
Тізімдік саны 4 472 100 % 474 3 998 691 100 %
Жыныс Ерлер 3 450 77,1 % 142 3 308 609 88,1 %
Әйелдер 1 022 22,9 % 332 690 82 11,9 %
Ұлттық белгісі бойынша топтар Қазақтар 3 413 76,3 % 405 3 008 538 77,9 %
Орыстар 690 15,4 % 42 648 101 14,6 %
Украиндар 110 2,5 % 5 105 18 2,6 %
Татары 55 1,2 % 5 50 9 1,3 %
Немістер 59 1,3 % 5 54 7 1,0 %
Басқалар 145 3,2 % 12 133 18 2,6 %
Жас топтары 30 жасқа дейін 656 14,7 % 21 635 39 5,6 %
30-дан 50 жасқа дейін 2 548 57,0 % 326 2 222 452 65,4 %
50 жастан жоғары 1 268 28,4 % 127 1 141 200 28,9 %

2025 жылғы лауазым санаттары бойынша жұмыскерлердің гендерлік арақатынасы

Лауазым санаттарының атауы Жалпы саны, адам Ерлер Әйелдер Ерлер, % Әйелдер, %
Барлық деңгейдегі басшылар 691 609 82 88,1 % 11,9%
Кіші деңгейдегі басшылар (CEO-3) 649 578 71 89,1 % 10,9 %
Орта деңгейдегі басшылар (CEO-2) 42 31 11 73,8 % 26,2 %
Жоғары деңгейдегі басшылар 11 9 2 81,8 % 18,2 %
«өндірістік персонал» санатындағы басшылар 588 557 31 94,7 % 5,3 %
«әкімшілік персонал» санатындағы басшылар 103 52 51 50,5 % 49,5 %
STEM жұмыскерлері 2 030 1 539 491 75,8 % 24,2 %

GRI 202-2

Жергілікті халықтан (Қазақстан Республикасының азаматтары) жалданған жоғары дәрежелі басшылардың (Директорлар кеңесінің және «KEGOC» АҚ Басқармасының мүшелері) жалпы үлесі 2025 жылғы 31 желтоқсанда 100%-ды құрайды.

«KEGOC» АҚ-ның 2025 жылғы персонал динамикасы

«KEGOC» АҚ-ны 2025 жылы тастап кеткен жұмыскерлердің Компаниядағы жұмыс өтілі

EU14

«KEGOC» АҚ-ның кадрлар тұрақсыздығы

* Тұрақсыздық көрсеткіші «Самұрық-Қазына» АҚ әдістемесі бойынша есептелген, оған сәйкес есепке тек өз тілегі бойынша жұмыстан босатылған жұмыскерлердің саны ғана алынады. Тұрақсыздықты есептеу кезінде мынадай жұмыскерлер ескерілмейді: «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы шегінде тараптардың еркіне байланысты емес мән-жайлар бойынша, жұмыс берушінің бастамасы бойынша, еңбек шартының мерзімі өткен соң, санды қысқарту кезінде, еңбек шартын тоқтату кезінде, жұмыскердің сайланбалы жұмысқа (лауазымға) ауысуына немесе оны лауазымға тағайындауға байланысты еңбек шартын бұзу кезінде жұмыстан босатылғандар.

EU14

«KEGOC» АҚ-да 2025 жылғы кадрлар тұрақсыздығының қорытынды мәні белгіленген «10 %-дан жоғары емес» шекті мәні кезінде 7,21 %-ды құрады. Бұл ретте ерлер арасындағы кадрлар тұрақсыздығы 7,86 %, әйелдер арасында – 5,08 %-ды құрады. 2025 жылы Компанияны тастап кеткен ерлердің орташа жұмыс өтілі 13,8 жыл (357 адам), әйелдердің – 13,6 жыл (89 адам) болды.

Зейнеткерлікке шығуға құқылы «KEGOC» АҚ жұмыскерлерінің үлесі

GRI EU15

Көрсеткіш Барлығы ӘБП ӨП
2026–2030 жылдар кезеңінде зейнеткерлікке шыға алады (таяудағы 5 жыл ішінде) 10,50 0,60 9,86
2026–2035 жылдар кезеңінде зейнеткерлікке шыға алады (таяудағы 10 жыл ішінде) 21,50 1,59 19,88
Бөлімше Барлығы, адам 2026–2030 жж. кезеңінде зейнеткерлікке шыға алатын жұмыскерлердің саны 2026–2035 жж. кезеңінде зейнеткерлікке шыға алатын жұмыскерлердің саны зейнеткерлікке шыға алатын жұмыскерлердің %-ы
Барлығы Оның ішінде Барлығы Оның ішінде кезеңде кезеңде
ӘБП ӨП ӘБП ӨП 2026–2030 жж. 2026–2035 жж.
Ақмола ЖЭТ 559 69 2 67 137 4 133 12,3 24,5
Ақтөбе ЖЭТ 274 29 1 28 72 5 67 10,6 26,3
Алматы ЖЭТ 475 40 1 39 92 1 91 8,4 19,4
Шығыс ЖЭТ 294 33 2 31 63 4 59 11,2 21,4
Батыс ЖЭТ 262 28 0 28 42 2 40 10,7 16,0
Сарыбай ЖЭТ 420 67 3 64 120 5 115 16,0 28,6
Солтүстік ЖЭТ 381 55 1 54 115 4 111 14,4 30,2
Орталық ЖЭТ 419 57 1 56 112 4 108 13,6 26,7
Оңтүстік ЖЭТ 435 51 1 49 119 4 115 11,5 27,4
ЖО ҰДО 114 8 – 8 17 – 17 7,0 14,9
Атқарушы дирекция 367 28 14 14 66 38 29 7,9 18,0
«Энергоинформ» АҚ 472 3 0 3 5 1 4 0,6 1,1
Барлығы 4 472 468 27 441 960 71 889 10,5 21,5

Персоналды іздеу мен іріктеу

Тиісті біліктіліктегі жұмыскерлерді тарту, олардың тартылуын арттыру және еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету үшін Компания мынадай элементтерден тұратын жұмыс беруші ұсынысын қалыптастырады:

  • бірегей тәжірибе: әрбір жұмыскердің алдында кәсіби тәжірибе алу және Компанияның дамуына үлес қосу мүмкіндігі ашық, осылайша өзінің нарықтық құнын арттырады;
  • әлеуметтік маңыздылық: әрбір жұмыскер Компанияның дамуына өзінің жеке үлесін қосады;
  • бәсекелі жұмыс жағдайлары: нарықтық бағдарларды ескере отырып сыйақы, оқыту мен дамыту мүмкіндіктері, әлеуметтік жеңілдіктер;
  • корпоративтік құндылықтар: Компанияның қызметі жұмыскерлердің өнімді жұмысы мен өзін-өзі жүзеге асыруы үшін қолайлы орта құруға ұмтылыста құндылықтарға негізделеді.

Персоналды іздеу мен іріктеу біліктілік деңгейі, кәсіби, іскерлік және жеке қасиеттері бойынша қойылатын талаптарға сәйкес келетін неғұрлым лайықты кандидаттарды тағайындауға бағытталған. Кандидаттарды таңдау меритократия, ашықтық пен объективтілік қағидаттарын сақтай отырып конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. Тең жағдайларда басымдық Компанияның ішкі кандидаттарына беріледі.

Білікті мамандарды іздеу мен іріктеу үшін көздер мен әдістер мыналар болуы мүмкін:

  • таланттар пулы;
  • ішкі кандидаттар (Компанияның/еншілес ұйымдардың жұмыскерлері);
  • «Самұрық-Қазына» АҚ тобының жұмыскерлері;
  • «Samruk Qyzmet» бірыңғай онлайн рекрутинг платформасында қалыптастырылған кандидаттардың электрондық дерекқоры;
  • түрлі кәсіби бағыттар бойынша кандидаттардың түйіндемелерін жинау мен талдау арқылы қалыптастырылған мамандардың электрондық базасы;
  • «Самұрық-Қазына» АҚ эгидасымен іске асырылатын жас мамандарды дамыту/таланттарды басқару бағдарламалары түлектерінің электрондық базасы;
  • веб-сайтта, салалық қауымдастықтарда, әлеуметтік желілерде хабарландыру орналастыру;
  • іскерлік байланыстарды, ұсынымдарды пайдалану;
  • рекрутинг компанияларын тарту.

«KEGOC» АҚ-ның бос лауазымдарына персоналды іздеу мен іріктеу «Samruk Qyzmet» рекрутинг платформасын пайдалана отырып жүзеге асырылады. Кандидаттарды түйіндеме бойынша қарау мен алдын ала іріктеу (скрининг) кезінде кандидаттардың бос лауазымдардың біліктілік талаптарына міндетті түрде сәйкестігіне бақылау қамтамасыз етіледі. Есепті жылы 238 бос орын жарияланды. Есепті кезеңде өткізілген конкурстық рәсімдердің нәтижелері бойынша 175 сыртқы кандидат қабылданды, 38 бос орын ішкі кандидаттармен жабылды. Ішкі кандидаттармен толтырылған бос орындардың пайызы – 15,97 %-ды құрады.

«KEGOC» АҚ-ның бос лауазымдарына персоналды іздеу мен іріктеу көрсеткіштері

2021 2022 2023 2024 2025
Жалданған жұмыскерлердің жалпы саны 451 551 543 403 420
Таланттар пулы 19 21 12 13 16
Ішкі кандидаттар 17 34 61 33 38
Рекрутинг компанияларын тарту, оның ішінде «Samruk Qyzmet» рекрутинг кандидаттарының электрондық дерекқоры 107 192 170 143 238
оның ішінде СЕО-1 деңгейіндегі лауазымдарға кандидаттардың құзыреттерін бағалау мен сұхбат жүргізуді қолдана отырып 3 4 1 2 0
Ішкі кандидаттармен жабылған бос орындар 15,9 17,7 35,9 23,1 15,97
1 адамға шаққандағы сұхбат жүргізуге арналған шығындар, млн теңге 0,65 0,42 0,43 0,50 0
Жас мамандарды дамыту/таланттарды басқару бағдарламалары түлектерінің электрондық базасы 0 3 0 0 0
Әртүрлі кәсіби бағыттар бойынша үміткерлердің түйіндемелерін жинақтау және талдау арқылы қалыптастырылған мамандардың электрондық базасы 308 301 247 221 245

Мотивация жүйесі

Компания жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына, Ұжымдық шартқа, еңбек шарттарына, еңбекақы төлеу мен сыйлықақы беру жөніндегі ішкі құжаттарға сәйкес жүргізіледі.

Еңбекақы төлеу мен мотивация жүйесі тұрақты және ауыспалы бөліктерді, әлеуметтік төлемдерді, сондай-ақ материалдық емес ынталандыруды қамтиды.

Ашықтық, айқындылық, ішкі әділдік пен сыртқы бәсекеге қабілеттілік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, Компания жұмыскерлердің еңбегін тану жүйесін, жұмыс нәтижелеріне қол жеткізгені үшін көтермелеу жүйесін және Компания мен жұмыскерлердің мүдделерінің теңгерімін сақтау үшін еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіреді. Бұл бағытты іске асыру үшін мынадай тәсілдер қолданылады:

  • салалар мен өңірлер бөлінісінде еңбек нарығындағы жалақы деңгейі мен оның үрдістерін тұрақты талдау;
  • жалақы деңгейін Компанияның мақсаттары мен қаржы-экономикалық мүмкіндіктеріне сәйкес ұстап тұру;
  • Компаниядағы және тұтастай еңбек нарығындағы өзекті жағдайды ескере отырып, жұмыскерлерге еңбекақы төлеу жүйесін түсіндіру үшін ашық және айқын коммуникациялар;
  • жұмыскерлердің жалақы деңгейін айқындауға сараланған тәсілді сақтау. Әрбір бөлімше мен жұмыскердің Компания қызметінің нәтижесіне қосқан үлесі бойынша сыйақы жүйесінің сараланған тәсілі;
  • әкімшілік-басқару және өндірістік персонал арасындағы еңбекақы төлеудегі алшақтықты қысқарту, төмен жалақы алатын жұмыскерлердің жалақысын арттыру.

Компанияда ӘБП мен инженерлік-техникалық персонал үшін «Hay Group» әдістемесіне негізделген грейдтік еңбекақы төлеу жүйесі қолданылады. Бұл еңбекақы төлеу жүйесі біліктілікті, жұмыс өтілін, сондай-ақ жауапкершілік деңгейін ескере отырып, жалақыға шолуды және Компанияның қаржы-экономикалық мүмкіндіктерін ескере отырып, лауазымдық деңгейлер схемасын құруға мүмкіндік берді.

Компанияда ерлер мен әйелдердің еңбегіне тең сыйақы, сондай-ақ елдің барлық өңірлерінде орналасқан «KEGOC» АҚ филиалдарында ерлер мен әйелдердің еңбегіне ақы төлеуді айқындаудағы бірыңғай тәсіл көзделген. Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету мақсатында ерлер мен әйелдердің еңбекақы деңгейіне тұрақты негізде талдау мен мониторинг жүргізіледі.

«KEGOC» АҚ жұмыскерлерінің 2025 жылғы лауазымдық айлықақылары Қазақстан Республикасында белгіленген ең төмен жалақыдан асып түсті.

«KEGOC» АҚ-да әйелдер сыйақысының ерлер сыйақысына қатынасы*

GRI 405-2

Ерлер Әйелдер
Басшы жұмыскерлер, адам 8 2
Басқарушылық персонал және құрылымдық бөлімшелердің басшылары, адам 576 74
Мамандар мен жұмысшылар, адам 2 783 830
Әйелдер мен ерлердің орташа айлық жалақысының арақатынасы
Басшы жұмыскерлер 1,10
Басқарушылық персонал және құрылымдық бөлімшелердің басшылары 1,12
Мамандар мен жұмысшылар 1,01
Әйелдер мен ерлердің орташа айлық жиынтық жылдық сыйақысының арақатынасы**
Басшы жұмыскерлер 1,51
Басқарушылық персонал және құрылымдық бөлімшелердің басшылары 1,19
Мамандар мен жұмысшылар 1,03

* «KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қызмет атқарады (қызметтің елеулі өңірі), сондықтан көрсеткішті есептеу бүкіл ел деңгейінде жүргізіледі.
** Бір жұмыскердің орташа айлық жиынтық жылдық сыйақысы есептелген жалақы қорының сомасын жұмыскерлердің нақты санына және есепті кезеңдегі айлар санына бөлу арқылы айқындалады. Жалақы қорына мыналар кіреді:

  • тарифтік мөлшерлемелер мен лауазымдық айлықақылар бойынша есептелген жалақы;
  • бір жолғы төлемдер мен сыйлықақылар;
  • жұмыс режимі мен еңбек жағдайларына байланысты өтемақылық төлемдер;
  • жұмыс істелмеген уақыт үшін төлем.

Жұмыскерлердің нақты саны (орташа жалақыны есептеу үшін қабылданатын) – жұмысқа бекітілуі бар жекелеген жұмыскерлер санаттарын (жүктілік пен босануға байланысты, бала күтіміне байланысты демалыстағы тұлғалар және басқалар) шегере отырып, тізімдік құрамдағы жұмыскерлердің саны.

«KEGOC» АҚ жұмыскерлерінің бастапқы деңгейдегі стандартты жалақысының 2025 жылға Қазақстан Республикасында белгіленген ең төменгі жалақыға арақатынасы

Қазақстан Республикасында 2025 жылғы ең төмен жалақы мөлшері, теңге «KEGOC» АҚ-да* 2025 жылғы ең төмен жалақы мөлшері, теңге Ауытқу, %
85 000* 175 000** 105,9

* Қазақстан Республикасының «2025–2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап белгіленген ең төмен жалақы мөлшері.
** ең төмен жалақы деңгейі деп «Энергоинформ» АҚ еншілес ұйымы технигінің лауазымдық айлықақысы көзделеді.

«KEGOC» АҚ-дағы 2025 жылғы орташа жалақы деңгейінің көрсеткіші

Қазақстан Республикасы өнеркәсібінде 2025 жылғы орташа жалақы мөлшері, теңге «KEGOC» АҚ-да* 2025 жылғы орташа жалақы деңгейі, теңге Ауытқу, %
634 737* 1 812 400** 27,99 

* «Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының» ақпараты бойынша.
** «KEGOC» АҚ-ның 2025 жылғы бір айлық орташа жалақысы.

Жұмысшы мамандықтарының экономикалық және әлеуметтік прогрестің негізгі факторы ретіндегі рөлін нығайту мақсатында Мемлекет басшысының Жарлығымен 2025 жыл «Жұмысшы кәсіптері жылы» деп жарияланды. Осы бастама шеңберінде «KEGOC» АҚ-да жұмысшы персоналды қолдау, дамыту және көтермелеу жөніндегі іс-шараларды қамтитын жоспар әзірленіп, бекітілді.

Жоғарыда айтылғанның негізінде және жұмысшы кәсіптерінің беделі мен персоналдың мотивациясын арттыру мақсатында 2025 жылғы 1 сәуірден бастап тарифтік мөлшерлемелер мынадай түрде арттырылды:

  • автомұнаралар мен автогидрокөтергіштердің, автомобиль крандарының машинистеріне – еңбек нарығындағы жоғары сұранысқа байланысты 20 %-ға;
  • қалған жұмысшыларға – 10 %-ға.

Сондай-ақ Компания жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақылары 2025 жылғы 1 сәуірден бастап арттырылды:

  • Атқарушы дирекция жұмыскерлеріне – қызметті бағалау нәтижелері бойынша;
  • филиалдардың инженерлік-техникалық және әкімшілік-басқару персоналына – 10 %-ға;
  • филиалдардың негізгі жұмыскерлеріне – 15 %-ға.

Компанияда ұзақ мерзімді ынталандыру құралдары ретінде жоғары біліктілік деңгейі мен жұмыс нәтижелерін көрсететін жұмыскерлер үшін мансаптық даму перспективаларын, жұмыскерлерді оқыту мен дамытуға инвестицияларды, сондай-ақ жұмыскерлердің еңбегін тану мен жұмыс жетістіктері үшін көтермелеуді көздейтін таланттарды басқару жүйесі жұмыс істейді.

Бұдан басқа, жұмыскерлерді ұзақ мерзімді ынталандыру шаралары ретінде негізгі лауазымдарға мирасқорлар пулына енгізілген жұмыскерлерді MBA, DBA бағдарламалары бойынша ұзақ мерзімді оқуға жібереді.

Әлеуметтік тұрақтылықты қолдау және жұмыскерлерді ынталандыру үшін Қазақстан Республикасының күніне және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай әрбір жұмыскерге салықтар мен басқа да міндетті аударымдарды ұстап қалғаннан кейін 200 мың теңгеден қосымша сыйақылар төленді.

Республика күнін, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін және Энергетик күнін атап өту құрметіне жұмыскерлерді материалдық емес көтермелеу мақсатында 444 жұмыскер мемлекеттік, салалық наградалармен және «KEGOC» АҚ наградаларымен марапатталды.

Есепті жылы наградалармен көтермелеу кезінде және кәсіби әрі спорттық жарыстарда жеңіске жеткен жұмыскерлерге сыйлықақы беру жөніндегі енгізілген практикаға сәйкес 49,0 млн теңге төленді.


GRI 2-24

Жұмыскерлерді әлеуметтік қорғау

Компанияның жұмыскерлерді әлеуметтік қолдау жөніндегі қызметі мынадай ішкі құжаттармен регламенттеледі:

  • Ұжымдық шарт;
  • «KEGOC» АҚ-ның кадр саясаты;
  • Жұмыскерлерге әлеуметтік қолдау көрсету қағидалары;
  • Жұмыскерлердің еңбегін көтермелеу мен тану туралы қағидалар.

Жоғарыда көрсетілген саясаттар Компанияның барлық жұмыскерлеріне, оның ішінде уақытша қабылданған және толық емес жұмыс уақыты режимінде жұмыс істейтін жұмыскерлерге қолданылады.

Аталған құжаттарға сәйкес «KEGOC» АҚ жұмыскерлеріне мынадай түрдегі әлеуметтік қолдау көрсету көзделеді:

  • материалдық көмек;
  • өтемақылық төлемдер;
  • тұрғын үй мәселелерін шешуге жәрдемдесу.

«KEGOC» АҚ тиімді жұмыс үшін қолайлы жағдайлар жасау және жұмыскерлердің адалдығын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптардан асатын әлеуметтік жеңілдіктер ұсынады.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақы мөлшерін төлеу, жұмыс уақытының күніне 8 сағаттан асатын шамадан тыс ұзақтығынан аулақ болу, жұмыскерлерге тең еңбекке тең ақы төлеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыскерлерге жыл сайынғы демалысты төлеу талаптары меншікті жұмыскерлерге, мердігерлер мен серіктестерге қолданылады.

Компания мыналарды көрсетеді: ақылы жыл сайынғы еңбек демалысын беру кезінде сауықтыруға арналған материалдық көмек, мерейтойлық күнге, бала туылуына байланысты, жұмыскердің, жұмыскер отбасы мүшелерінің және «KEGOC» АҚ-да есепте тұрған зейнеткердің қайтыс болуына байланысты, мүгедектік тобы мен жасына қарамастан жұмыскер мен мүгедек балаларды, бала кезінен мүгедектерді емдеуге ақы төлеуге материалдық көмек. Зейнеткерлік жасындағы жұмыскерлерге зейнеткерлікке шыққан кезде өтемақы төленеді.

«KEGOC» АҚ жұмыскерлеріне Компания қаражаты есебінен медициналық сақтандыру (медициналық қызмет көрсету) ұсынылады. Бағдарлама жұмыскерлердің отбасы мүшелеріне де қолданылады, бұл персоналдың әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыруға, денсаулықты нығайтуға және тұрақты әрі ынталандырылған команда қалыптастыруға ықпал етеді.

Тұрғын үй мәселелерін шешуге жәрдемдесу шеңберінде Компания жұмыскерлерге тұрғын үй жалдау шығыстарын ішінара өтеу түрінде қолдау көрсетеді. Есепті жылы аталған қолдау шарасы 135 жұмыскерге жалпы сомасы 207,6 млн теңгеге ұсынылды.

Компания неке тіркеу, бала туылу, жақын туыстарын жерлеу жағдайларында, мерейтойға (50, 60 жас) байланысты және 6-дан 9 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелейтін әйелдерге, жалғызбасты әкелерге, қамқоршыларға – оқу жылының бірінші басталу күні, бітіруші сынып оқушыларының ата-аналарына – мектеп «соңғы қоңырау» өткізетін күні 1 (бір) күн жалақысы сақтала отырып әлеуметтік демалыстар береді.

Сондай-ақ профилактикалық егулер жүргізу үшін демалыс күндері және 18 жасқа дейінгі мүгедек балалары бар ата-аналарға орташа жалақысы сақтала отырып демалыс күндері беріледі. Есепті жыл ішінде әлеуметтік демалыстар 117 жұмыскерге берілді. Ұжымдық шартқа сәйкес қосымша, еңбек қызметіне байланысты болған жазатайым оқиға нәтижесінде жұмыскердің өміріне келтірілген зиянды өтеу ретінде Компания қаза болған жұмыскердің баласына (балаларына) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туындаған күннен бастап ол (олар) 18 жасқа толғанға дейін ай сайын 1 (бір) ең төмен жалақы мөлшерін төлейді.

Сондай-ақ «KEGOC» АҚ Ұжымдық шартқа сәйкес жүктілік пен босануға байланысты демалыс кезеңінде, сондай-ақ жаңа туған баланы асырап алу (қыз бала асырап алу) кезінде орташа жалақы мен мемлекеттік әлеуметтік төлем арасындағы айырманы өтеу есебінен олардың орташа табысы деңгейін сақтай отырып, жұмыскерлерге қосымша әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етеді.

Еңбек заңнамасына сәйкес жүктілік пен босануға байланысты демалыс босанғанға дейін 70 күнтізбелік күн және босанғаннан кейін 56 күнтізбелік күн (жиынтығында 18 апта) ұзақтығымен беріледі. Босану асқынған немесе екі және одан көп бала туылған жағдайларда босанғаннан кейінгі демалыс 70 күнтізбелік күнге дейін (жиынтығында 20 апта) ұлғайтылады. Жаңа туған баланы (балаларды) асырап алу (қыз бала асырап алу) жағдайында – бала туылған күннен бастап 56 күнтізбелік күн.

Бұдан басқа, Компания жұмыскерге бала үш жасқа толғанға дейін оны күтуге байланысты жалақысы сақталмайтын демалыс береді:

  • ата-ананың таңдауы бойынша – баланың анасына не әкесіне;
  • баланы жалғыз тәрбиелеп отырған ата-анаға; ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы іс жүзінде тәрбиелеп отырған басқа туысқанға не қамқоршыға;
  • жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған (қыз бала асырап алған) жұмыскерге.

Жұмыскер бала үш жасқа толғанға дейін оны күтуге байланысты демалысты толық немесе бөліктермен пайдалана алады. Демалыс уақытында жұмыскердің жұмыс орны (лауазымы) сақталады. Бала үш жасқа толғанға дейінгі демалыс өткенге дейін жұмысқа шыққан жағдайда жұмыскер өзінің ниеті туралы жұмыс берушіні жұмыс басталғанға дейін бір ай бұрын ескертеді. Осылайша, 2025 жылы мұндай демалыс Компанияның 33 жұмыскеріне (1 ер адамға және 32 әйелге) берілді. 2025 жылы бала күтіміне байланысты демалыстан 30 әйел оралды. Еңбек заңнамасына сәйкес 2025 жылы 1,5 жасқа дейінгі балалары бар 2 әйелге немесе баланы анасынсыз тәрбиелеп отырған әкелерге бала (балаларды) емізуге қосымша үзілістер берілді.

Осылайша, «KEGOC» АҚ-да жұмыскерлерді әлеуметтік қорғауға және ананы қолдауға бағытталған жүктілік пен босануға байланысты ақылы демалыс берудің нақты әрі ашық рәсімдері қамтамасыз етілген.

«KEGOC» АҚ еңбектің қауіпсіз, жайлы және қолайлы жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік саясатты дәйекті түрде дамытады. Компания тұрақты дамуға қойылатын заманауи талаптарды және үздік халықаралық практикаларды ескере отырып, жұмыскерлердің денсаулығын қорғау мен әл-ауқаты саласында іс-шаралар кешенін іске асырады.

Стресті басқару және психоэмоционалдық жай-күйді қолдау бағдарламалары

Жұмыскерлердің психоэмоционалдық денсаулығын нығайту мақсатында Компания стрестік жай-күйлердің профилактикасы және кәсіби күйзелістің алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүргізеді. 2025 жыл ішінде жұмыскерлерге мыналар қолжетімді болды:

  • стресс-менеджмент бойынша оқыту материалдары мен ақпараттық консультациялар;
  • эмоционалдық тұрақтылықты дамыту бағдарламалары;
  • жеке тиімділік пен әл-ауқатты арттыруға бағытталған іс-шаралар.

Бұл бастамалар тұрақты негізде іске асырылады және персоналдың барлық санаттарына қолжетімді.

Бұдан басқа, есепті жылы физикалық денсаулық, дұрыс тамақтану, психология және жеке қаржыны басқарудағы пайдалы білімдер сияқты түрлі тақырыптарда ақпараттық сессиялар өткізу практикасы енгізілді.

Жұмыскерлердің әлеуметтік әл-ауқаты бағдарламасын іске асыру шеңберінде Компанияда физикалық денсаулық, дұрыс тамақтану, психология және жеке қаржыны басқару мәселелері бойынша апта сайынғы ақпараттық сессиялар өткізіледі. Жұмыскерлер «Әйел өзгеріс бастаулы» семинар-тренингіне қатысты.

2025 жылғы шілдеден бастап Компанияда психолог жұмыс істейді. Есепті кезеңде жұмыскерлерді психологиялық сүйемелдеу, оның ішінде топтық тренингтер мен жеке консультациялар өткізу, сондай-ақ ұжымдардың эмоционалдық шиеленісін төмендету және психологиялық жай-күйін тұрақтандыру мақсатында «KEGOC» АҚ «Алматы ЖЭТ», «Батыс ЖЭТ» және «Ақмола ЖЭТ» филиалдарына қызметтік сапарлар қамтамасыз етілді. Жұмыскерлерге СМИЛ әдістемелері мен Шмишек сауалнамасын қолдана отырып психодиагностикалық тексеру жүргізіледі.

Барлығы 31 топтық тренинг іс-шарасы (309 қатысушы), 235 жеке консультация және 268 жұмыскерді психодиагностикалық тестілеу жүргізілді.

Бұл шаралар жұмыстың неғұрлым жайлы жағдайларын жасауға және жұмыскерлердің қанағаттанушылығының жалпы деңгейін арттыруға бағытталған.

Ішкі коммуникацияларды күшейту мақсатында «WhatsApp» мессенджерінде «Online KEGOC» қауымдастығы құрылды, онда HR мәселелері бойынша жаңалықтар мен хабарламалар тұрақты түрде таратылады, сондай-ақ онлайн курстарды тарату үшін топтар құрылды.

2026 жылы жұмыскерлердің әл-ауқатын арттыру жөніндегі шараларды іске асыруды жалғастыру жоспарлануда.

Салауатты өмір салты мәдениетін дамыту

«KEGOC» АҚ жұмыскерлердің денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағдарланған корпоративтік мәдениеттің қалыптасуын қолдайды. 2025 жылы Компания:

  • корпоративтік спорттық іс-шаралар мен жарыстар ұйымдастырды;
  • дене шынықтыру мен спортпен айналысу мүмкіндіктерін ұсынды;
  • салауатты әдеттерді қалыптастыруға және теңгерімді тамақтануды насихаттауға бағытталған іс-шаралар өткізді.

Отбасылық міндеттері бар жұмыскерлерді қолдау

«KEGOC» АҚ еңбек қызметін балаларды тәрбиелеу мен отбасы мүшелерін күтумен қоса атқаратын жұмыскерлерге қолдау көрсетеді.

- Екінші ата-ана үшін демалыс (non-primary caregiver)

KEGOC-та отбасылық міндеттердің тең бөлінуіне және екі ата-ананың да бала күтіміне қатысуына ықпал ететін екінші ата-ана үшін ақылы демалыс көзделген.

Компания жұмыскерге бала үш жасқа толғанға дейін оны күтуге байланысты жалақысы сақталмайтын демалыс береді:

  1. ата-ананың таңдауы бойынша – баланың анасына не әкесіне;
  2. баланы жалғыз тәрбиелеп отырған ата-анаға;
  3. ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы іс жүзінде тәрбиелеп отырған басқа туысқанға не қамқоршыға;
  4. жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған (қыз бала асырап алған) жұмыскерге.

Бала үш жасқа толғанға дейін оны күтуге байланысты жалақысы сақталмайтын демалыс жұмыскердің оның ұзақтығын көрсете отырып және баланың туылу фактісін растайтын туу туралы куәлікті немесе басқа құжатты ұсына отырып жасаған жазбаша өтініші негізінде беріледі.

Жұмыскер бала үш жасқа толғанға дейін оны күтуге байланысты демалысты толық немесе бөліктермен пайдалана алады.

Бала үш жасқа толғанға дейін оны күтуге байланысты жалақысы сақталмайтын демалыс уақытында жұмыскердің жұмыс орны (лауазымы) сақталады.

Бала үш жасқа толғанға дейін оны күтуге байланысты жалақысы сақталмайтын демалыс өткенге дейін жұмысқа шыққан жағдайда жұмыскер өзінің ниеті туралы жұмыс берушіні жұмыс басталғанға дейін бір ай бұрын хабардар етуге міндетті.

Бір жарым жасқа дейінгі балалары бар жұмыс істейтін әйелдерге, бір жарым жасқа дейінгі балаларды анасынсыз тәрбиелейтін әкелерге (асырап алушыларға, қыз бала асырап алушыларға) бала (балаларды) емізуге қосымша үзілістер әрбір үш сағат жұмыстан кейін мынадай ұзақтықпен, кемінде беріледі:

  1. бір баласы барларға – әрбір үзіліс кемінде отыз минут;
  2. екі немесе одан көп баласы барларға – әрбір үзіліс кемінде бір сағат.

Бала (балаларды) емізуге арналған үзілістер демалу мен тамақтану үзілісіне қосылады не жиынтықталған үзілістер жұмыс күнінің (ауысымның) басында немесе соңында беріледі.

Бала (балаларды) емізуге арналған үзілістер жұмыс уақытына енгізіледі. Үзілістер уақытында әйелдерге, әкелерге, асырап алушыларға (қыз бала асырап алушыларға) орташа жалақы сақталады.

- Отбасы мүшелерін күтуді жүзеге асыратын жұмыскерлерді қолдау

Компания медициналық қорытындыға сәйкес отбасының науқас мүшесін күтуді жүзеге асыратын жұмыскердің жазбаша өтініші бойынша толық емес жұмыс уақытын белгілейді.

Ұжымдық шартқа сәйкес 18 (он сегіз) жасқа дейінгі мүгедек балалары бар ата-аналарға жыл сайынғы еңбек демалысынан шегерілмей, айына 1 (бір) ақылы бос күн беріледі. Егер ата-ананың екеуі де «KEGOC» АҚ жұмыскерлері болса, бос күн олардың таңдауы бойынша біреуіне беріледі.

Осылайша, 2025 жылы Компания жұмыскерлерін әлеуметтік қолдауға бағытталған қаражат көлемі 1077,2 млн теңгені құрады.

2025 жылы Компанияның жұмыскерлерге арналған жалпы шығыстары, оның ішінде жалақы, әлеуметтік қолдау, оқыту және т.б. 50,0 млрд теңгені құрады (2019 жылы – 23,2 млрд теңге, 2020 жылы – 25,2 млрд теңге, 2021 жылы – 26,2 млрд теңге, 2022 жылы – 31,8 млрд теңге, 2023 жылы – 37,5 млрд теңге, 2024 жылы – 43,6 млрд теңге).


Жұмыс уақытын мониторингтеу және үстеме сағаттарды басқару

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес Компаниядағы жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспайды. Бұл ретте I және II топтағы мүгедектігі бар тұлғалар болып табылатын жұмыскерлер үшін жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 36 сағатқа дейін қысқартылған.

Үздіксіз өндіріс жағдайында жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін жұмыс уақытының режимі жұмыс уақытын жиынтықтап есепке алуды қолдана отырып, ауысымдылық кестесі бойынша белгіленеді.

Еңбек заңнамасына сәйкес Компанияда жұмыс беруші бұйрыққа сәйкес мерзімдер мен басқа да шарттар көрсетілетін қашықтан жұмысты немесе аралас қашықтан жұмысты белгілей алатын практика енгізілді.

Айта кету керек, жүкті әйелдің, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар ата-аналардың (асырап алушының, қыз бала асырап алушының) біреуінің, сондай-ақ медициналық қорытынды негізінде отбасының науқас мүшесін күтуді жүзеге асыратын Жұмыскердің жазбаша өтініші бойынша толық емес жұмыс уақыты режимі белгіленеді.

Бұл ретте жұмыскерлерді демалыс және мереке күндері, түнгі уақытта жұмысқа және үстеме жұмыстарға тарту тек еңбек заңнамасында көзделген жағдайларда және шарттарда ғана жол беріледі.

Сондай-ақ жұмыскерлерге негізгі және қосымша ақылы жыл сайынғы еңбек демалыстарын, сондай-ақ заңнамада және ұжымдық шартта көзделген әлеуметтік демалыстарды беруге кепілдік беріледі.


Оқыту мен дамыту

GRI 404-1, GRI 404-2, GRI 404-3

«KEGOC» АҚ-да жұмыскерлерді оқыту мен дамытуға салынатын инвестициялар Компанияның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізудегі қажеттіліктеріне сәйкес келеді. Әрбір жұмыскер жеке даму жоспарына сәйкес 70/20/10 қағидаты негізінде өзінің оқуы мен дамуы үшін жауапты болады.

Білімді жүйелеу, сапалы кадр әлеуетін қалыптастыру өзін-өзі дамыту, оқыту іс-шаралары, тәлімгерлік, коучинг, іске асырылатын жобалар, кәсіби қауымдастықтарды қалыптастыру арқылы жүзеге асады.

Қажеттіліктерді жинау мен талдау нәтижелері бойынша, жеке даму жоспарларын ескере отырып, «KEGOC» АҚ-ның 2026 жылға арналған Персоналды оқыту жоспары және «KEGOC» АҚ-ның Персоналдың кәсіби құзыреттерін дамыту бағдарламасы қалыптастырылып, бекітілді.

Компанияның бәсекелестік артықшылығын сақтау және оны арттыру мақсатындағы басты міндеттердің бірі мыналар болып табылады:

  • инженерлік-техникалық мамандар мен жұмысшы кәсіптерін оқыту басымдығы;
  • бизнестің қажеттіліктерін, оның ішінде климатқа төзімді экономикаға көшуді немесе басқа да өнеркәсіптік өзгерістерді ескере отырып, құзыреттерді дамытудың оқу бағдарламаларын іске асыру;
  • «Самұрық-Қазына» АҚ-ның модульдік оқыту бағдарламаларына қатысу;
  • ішкі сараптаманы дамыту мақсатында ішкі тренерлік, тәлімгерлік, менторлық және коучингтің бірыңғай жүйесін дамыту және т.б.

«KEGOC» АҚ-ның Персоналдың кәсіби құзыреттерін дамыту бағдарламасы мынадай салалардағы құзыреттерді дамытуға бағытталған:

  • ЖЭК-ке энергетикалық ауысу жағдайындағы электр энергетикасы;
  • бағдарламалық қамтамасыз ету;
  • климаттық күн тәртібін ескере отырып тұрақты даму;
  • IT және телекоммуникациялар;
  • халықаралық сертификаттау;
  • заңнама.

Бұл бағдарламаларды іске асыру «KEGOC» АҚ-ға:

  • технологиялық және өндірістік процестер өзгерген кезде жұмыскерлердің кәсіби жарамдылығын қолдауға;
  • қызметтің трансформациясына және сыртқы әсерлерге байланысты әлеуметтік тәуекелдерді азайтуға;
  • ұзақ мерзімді құрылымдық өзгерістер, оның ішінде климаттың өзгеруіне байланысты сын-қатерлер жағдайында өндірістік қызметтің үздіксіздігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Персоналды оқыту оқытудың заманауи әдістерінің барлық спектрін пайдалана отырып жүргізіледі: бизнес-практикумдар, семинарлар, тренингтер, тағылымдамалар, біліктілікті арттыру, кәсіби даярлау мен қайта даярлау бағдарламалары, форумдар, конференциялар. 2025 жылы персоналды оқытуды әкімшілендіру процесін HR бөлімшесінде орталықтандыру бойынша жұмыс жүргізілді.

Есепті жылы 4 169 жұмыскер оқудан өтті, бұл жұмыскерлердің тізімдік санының 93,2 %-ын құрайды. «KEGOC» АҚ-ның 2025 жылғы оқытуға арналған нақты шығыстары 380,1 млн теңгені құрады. 1 жұмыскерге шаққанда оқыту мен дамытуға жұмсалған орташа сома 91 мың теңгені құрайды.

2025 жылғы персоналдың білім деңгейін талдау қорытындысы бойынша жұмыскерлердің 28 %-ы орта немесе арнаулы орта білімді. Біліктілік деңгейін арттыру, сондай-ақ Компанияда мансаптық даму мүмкіндігін беру мақсатында есепті жылы алғаш рет Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқыту бағдарламасы іске асырылды, оған сәйкес оқытуға арналған шығыстарды жұмыс беруші өтейді. Биыл мұндай мүмкіндік 8 жұмыскерге берілді, олардың 5-і жұмысшы кәсіптерінің жұмыскерлері.

2025 жылы оқудан өткен жұмыскерлердің саны

ӘБП ӨП
Ерлер 176 3 276
Әйелдер 253 464
Барлығы 429 3 740

2025 жылы 1 жұмыскерге шаққандағы орташа жылдық оқыту сағаттарының саны 26,39 сағатты құрады. Оқыту сағаттарының жалпы саны 110 033 сағатты құрады.

«KEGOC» АҚ персоналының 2025 жылғы оқыту сағаттарының саны

Ерлер Әйелдер ӘБП ӨП
Оқыту сағаттарының жалпы саны 87 189 22 845 19 061 90 972
1 жұмыскерге шаққандағы орташа оқыту сағаттарының саны 25,26 31,86 44,43 24,32

«KEGOC» АҚ персоналын 2025 жылы оқыту құны, млн теңге

Оқыту бағыты Сома
Электр энергетикасы, диспетчерлеу, релелік қорғаныс 62,3
Еңбекті қорғау, өндірістік қауіпсіздік және экология 47,8
Қаржы, экономика, бухгалтерлік есеп 47,7
Міндетті оқытулар 55,8
Күрделі құрылыс 3,4
Басқалар 70,1
Барлығы (іссапар шығыстарынсыз) 287,16

Компанияда 2025 жылы Компанияның штатына кіретін, толық емес жұмыс күні жұмыс істейтін жұмыскерлерге де қолданылатын, Компанияның бизнесіне оң әсер еткен жұмыскерлерді дамытудың мынадай бағдарламалары іске асырылды:

Бағдарламаның атауы Бағдарламаның сипаттамасы Бизнес-артықшылықтар
Soft skills дамыту бағдарламасы Мынадай тақырыптардағы тренингтер сериясы:
  • Табысты жария сөйлеу және БАҚ-пен өзара іс-қимыл;
  • Келіссөздер жүргізу, ішкі коммуникация дағдылары және тайм-менеджмент.
  • Ішкі коммуникациялар сапасын арттыру;
  • Компанияның жария имиджін жақсарту;
  • Еңбек өнімділігін арттыру;
  • Жанжал деңгейін төмендету және командалық тиімділікті арттыру.
Бағдарлама «Жеті Қадам PRO»
  • «KEGOC» АҚ-нан 20 жас маман (инженерлер мен техникалық кадрлар) қатысты.
  • Іске асыруға іріктелді: цифрландыруға, ESG-ге, өндірістік және операциялық тиімділікті арттыруға бағытталған 2 жоба.
  • Жобаларды қорғау жұмыс беруші компанияларда өткізілді.
  • Төлеу Сәкен Сайлауханұлы («Алматы ЖЭТ») және Әбдеш Абай Қанатұлы (Оңтүстік ЖЭТ, 220 кВ «Орталық» ҚС) өз жобаларын сәтті қорғап шықты. Қарау қорытындысы бойынша ұсынылған жобалар Компанияда енгізуге ұсынылды.
  • Кадрлық резервті қалыптастыру;
  • Жастардың тартылуын арттыру;
  • Болашақ басшыларды даярлау;
  • Перспективалы кадрларды жоғалту тәуекелін төмендету.
Бағдарлама «7 Qadam Master»
  • «KEGOC» АҚ-дан 24 кандидат қатысты, Инженерлік дизайн CAD құзыреті бойынша финалдық кезеңге Тілебалды Сабыржан өтті.
  • Теориялық және практикалық іріктеу, сарапшылармен онлайн-дайындық.
  • Тілебалды Сабыржан Дацин қ. (ҚХР) халықаралық тәжірибе алмасуға қатысты.
  • «Хайтек: болашақ дағдылары – 2025» халықаралық чемпионатына (Екатеринбург) қатысу. Нәтижесінде «KEGOC» АҚ жұмыскері Тілебалды Сабыржан құзырет бойынша (Инженерлік дизайн CAD) 2-орынға ие болды.
  • Бағдарламаның жаңа бағыты қолданбалы дағдыларды (hard skills) және кәсіби шеберлікті дамытуға баса назар аудара отырып, жұмысшы кәсіптерінің жұмыскерлеріне (шеберлерге, мамандарға) бағдарланған.
Бағдарлама Qadam Hub
  • 200-ден астам өтінім берілді, 30-дан астам команда қалыптастырылды.
  • 84 жобаның онлайн алдын ала қорғауы өткізілді.
  • Финалға 22 жоба (53 қатысушы) іріктелді.
  • Финалдық питч қорытындысы бойынша 7 үздік жоба, 14 қатысушы айқындалды.
  • «KEGOC» АҚ-ның 3 қатысушысы 2026 жылы «7 Qadam PRO» бағдарламасына қатысады.
  • QR код – цифрлық қосалқы станцияға қарай жасалған қадам – Әбибулла Жанторе Тайрханұлы, Ожанова Гулим, Сабыр Мадияр.
  • Кадрлық резервті қалыптастыру;
  • Жастардың тартылуын арттыру;
  • Болашақ басшыларды даярлау;
  • Перспективалы кадрларды жоғалту тәуекелін төмендету.
Жасанды интеллект және AI-құралдарын қолдану саласындағы цифрлық және басқарушылық құзыреттерді дамыту бағдарламасы
  • «ChatGPT-те жұмыс істеудің негізгі дағдылары», оқудан өтті – 482 адам.
  • «ЖИ негіздері мен құралдары», оқудан өтті – 1333 адам.
  • «Топ-менеджерлерге арналған ЖИ», оқудан өтті – 10 адам.
  • «Ішкі тренерлерге арналған ЖИ», оқудан өтті – 15 адам.
  • «ChatGPT сіздің күнделікті көмекшіңіз ретінде», оқудан өтті – 2053 адам.
  • «Жасанды интеллект және болашақ көшбасшылығы: цифрлық трансформациядағы кадр резервінің рөлі», оқудан өтті – 36 адам.
  • Жұмыскерлер мен басшылардың өнімділігін штатты ұлғайтпай арттыру;
  • Күнделікті процестерді автоматтандыру есебінен операциялық шығындарды төмендету;
  • Шешімдерді, аналитика мен басқарушылық есептілікті дайындауды жеделдету;
  • Цифрлық мәдениетті және AI-трансформацияға дайындықты қалыптастыру;
  • Цифрлық экономика жағдайында басқарушылық құзыреттерді дамыту;
  • Компанияның бәсекеге қабілеттілігін және инновацияларды енгізу жылдамдығын арттыру;
  • Кадр резервін жасанды интеллект дәуіріндегі көшбасшылыққа даярлау.

Іске асырылған бастамалардан болған әсер 90 %-ды құраған персоналдың тартылуының жоғары индексімен расталады, бұл жұмыскерлердің жоғары мотивациясын, олардың Компания мақсаттарына адалдығын дәлелдейді. Жиынтығында бағдарламалар көшбасшылық әлеуетті нығайтуға, инновациялық ортаны дамытуға және цифрландыру жағдайында «KEGOC» АҚ-ның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етті.

Сондай-ақ «Жұмысшы кәсіптері жылын» өткізу шеңберінде «KEGOC» АҚ-да жұмысшы мамандықтарының жұмыскерлеріне корпоративтік оқыту ұйымдастырылды. Іс-шараға қатысу үшін Астана қ. елдің барлық өңірлерінен жұмысшы ұжымдарының өкілдері шақырылды, олар: «Тиімді коммуникациялар», «Тұрақты өзін-өзі дамыту» және «Тиімді команда құру» сияқты тақырыптарды қамтитын бірқатар оқыту семинарлары мен тренингтеріне қатысты. Бұдан басқа, қаржылық сауаттылық, еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша ақпараттық сессия ұйымдастырылды. Іс-шара түрлі өңірлерден келген жұмыскерлер арасында тәжірибе алмасу үшін тамаша алаң болды, сондай-ақ корпоративтік мәдениетті нығайтуға және кәсіби дамуға ықпал етті.

ЖИ-ді тиімді пайдалану үшін Компания жұмыскерлеріне мынадай тақырыпта корпоративтік оқытулар жүргізілді: «ChatGPT-те жұмыс істеудің негізгі дағдылары», «ЖИ негіздері мен құралдары», «Топ-менеджерлерге арналған ЖИ», «Ішкі тренерлерге арналған ЖИ», «ChatGPT сіздің күнделікті көмекшіңіз ретінде», «Жасанды интеллект және болашақ көшбасшылығы: цифрлық трансформациядағы кадр резервінің рөлі», «Жасанды интеллектіні HR-процестерде қолдану».

2025 жылы ішкі тренерлік институтын дамыту жалғастырылды. Бекітілген кестеге сәйкес 21 оқыту өткізілді.

2025 жылы «Ақтөбе ЖЭТ» және «Батыс ЖЭТ» филиалының 4 жұмыскері «Медиацияның жалпы курсынан» және Атқарушы дирекцияның 3 жұмыскері «Корпоративтік омбудсмендерге арналған медиация және келіссөздер (базалық)» курсынан өтті.

Қорғаныстарды кәсіби баптау мен пайдалану үшін «7SA және 6MD құрылғылары бойынша тереңдетілген оқу», «7SS522 типті РЗиА құрылғыларын тереңдетіп оқу» оқытулары, сондай-ақ электр энергетикалық объектілердің сенімді, қауіпсіз және аварияcыз жұмысын қамтамасыз ету үшін мынадай тақырыптарда оқытулар жүргізілді: «Электр желілерінің электр жабдығын монтаждау және жөндеу», «110-220 кВ кернеу кластарындағы қосалқы станция жабдығының релелік қорғаныс және автоматика құрылғылары», «Қосалқы станция жабдығын диагностикалаудың заманауи әдістері», «Кернеуі 220 кВ және одан жоғары коммутацияланатын электр желілік жабдықты жөндеу және баптау», «Электр станцияларының, желілер мен жүйелердің электр жабдығына қызмет көрсету», «ҚР энергетикалық кәсіпорындарында электр энергиясын диспетчерлеу», «Жоғары вольтты желілерді пайдалану», «35-500 кВ элегаз ажыратқыштарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету».

2025 жылы еңбекті қорғау мен өндірістік қауіпсіздікке жауапты филиал басшыларына жұмыстарды қауіпсіз жүргізу дағдыларының халықаралық стандарттары бойынша «NEBOSH HSE», «ROSPA», «ҚР Экологиялық кодексіндегі жаңа өзгерістер» курсы бойынша оқыту жүргізілді.

Бұдан басқа, кадр әлеуетін арттыру, «KEGOC» АҚ қызметінің басым, өзекті бағыттарын жетілдіру мақсатында 2025 жылы СЕО-2 деңгейіндегі басшылар MBA бағдарламасы бойынша оқудан өтті.

Компанияда білімді басқару жүйесін дамыту шеңберінде жұмыскерлерге өз білімдерін құрылымдауға, сақтауға және әріптестеріне беруге мүмкіндік беретін оқыту бейнекурстарын құру жөніндегі бастама енгізілді. Есепті жылы Компания жұмыскерлері барлық жұмыскерлер арасында таратылған үш бейнесабақ дайындады.

Оқу орындарымен өзара іс-қимыл

2025 жылы Компания білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимылды белсенді түрде дамытты, оның шеңберінде бірқатар ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды.

Осылайша, 2025 жылғы 23 қазанда «KEGOC» АҚ мен «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ арасында электр энергетикасы саласы үшін жоғары білікті кадрларды даярлауға, бірлескен білім беру мен инновациялық бағдарламаларды дамытуға, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және практикалық жобаларды іске асыруға бағытталған меморандумға қол қойылды. Осы келісім шеңберінде дуальды оқыту практикасын енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Бұдан басқа, мынадай ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды:

  • «Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ» КЕАҚ-пен – 2025 жылы Компания студенттер мен «KEGOC» АҚ жұмыскерлерін оқыту, сондай-ақ жедел персоналдың жаттығуларын өткізу үшін Жүйелік оператордың Ұлттық диспетчерлік орталығының жұмыс жағдайларына жақындатылған заманауи оқу зертханасын құрды;
  • «KEGOC» АҚ «Сарыбай ЖЭТ» филиалы мен «КИНЭУ кәсіпкерлік колледжі» ЖМ арасында – техникалық және қызмет көрсету бейініндегі білікті жұмысшы кадрлар мен мамандарды даярлау сапасын арттыру мәселелері бойынша;
  • «KEGOC» АҚ «Сарыбай ЖЭТ» филиалы мен «Рудный құрылыс және көлік колледжі» КМҚК арасында – жоғары білікті жұмысшы кадрларды даярлау және Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының қажеттіліктерін қамтамасыз ету бойынша.

Практикадан өту үшін база ұсыну мақсатында Компания оқу орындарымен тұрақты негізде ынтымақтасады. Орта техникалық және жоғары оқу орындарының студенттері жыл сайын Компанияның құрылымдық бөлімшелерінде өндірістік және диплом алдындағы практикалардан өтеді. 2025 жылы өндірістік практикадан – 413 студент өтті.

2025 жылы өндірістік практикадан

413 студент өтті

Персоналды бағалау

Компания жұмыскерлердің нақты нәтижелерге қол жеткізуі мақсатында олардың әлеуетін дамытуға ықпал ететін тиімділікті басқару жүйесін жетілдіреді.

«KEGOC» АҚ-да персоналдың тиімділігін басқарудың негізгі элементі болып табылатын және қызметті бағалаудың annual cycle-іне кіріктірілген формалданған мақсаттар бойынша басқару жүйесі (Management by Objectives) жұмыс істейді. Жұмыскерлердің мақсаттары жыл сайын белгіленеді, SMART қағидаты бойынша қалыптастырылады және корпоративтік және функционалдық KPI-дан жұмыскерлердің жеке мақсаттары деңгейіне дейін каскадталады. Мұндай модель Компанияның стратегиялық мақсаттары, құрылымдық бөлімшелердің міндеттері мен жұмыскерлердің жеке үлесі арасында тікелей байланысты қамтамасыз етеді.

Тиімділікті бағалау жүйесі Қағидаларда тікелей көзделген санаттарды қоспағанда, Компанияның барлық жұмыскерлерін қамтитын тоқсан сайынғы және жыл сайынғы кешенді бағалауды (annual cycle) қамтиды. Тоқсан сайынғы бағалау мақсаттардың орындалу прогресін мониторингтеу мен сыйлықақыны есептеу үшін пайдаланылады, ал жыл сайынғы кешенді бағалау сыйақы, даму, кадр резерві және мансаптық ілгерілеу саласындағы басқарушылық шешімдер қабылдау үшін қолданылады. Осылайша, тиімділікті бағалау тұрақты сипатта болады және тек басшылыққа ғана емес, сондай-ақ әкімшілік және өндірістік жұмыскерлерге де қолданылады. Қызметті кешенді бағалаумен жұмыскерлерді ҚНК/мақсаттарды орындау нәтижелілігіне және олардың құзыреттер деңгейіне (кәсіпқойлық пен әлеует) байланысты таланттар картасында бөлу көзделген.

Қызметті кешенді бағалауда жұмыскерлерді олардың ТИҚ (түйінді тиімділік көрсеткіштері)/мақсаттарының орындалу нәтижелілігіне және құзыреттілік деңгейіне (кәсібилігі мен әлеуетіне) байланысты таланттар картасына бөлу көзделген.

Құзыреттер бойынша бағалау бекітілген құзыреттер моделіне сәйкес жүзеге асырылады және жұмыскерлердің жеке және кәсіби қасиеттері туралы барынша объективті түсінік береді. Компанияның құзыреттер моделі мынадай бағыттарды бағалауды қамтиды:

  • Кәсіби білім мен тәжірибе;
  • Компания мен әріптестерге қатынасы;
  • Жеке тиімділік;
  • Нәтижеге қол жеткізуге бағдарлану;
  • Командада жұмыс;
  • Басқарушылық құзыреттер.

Жұмыскерлерді бағалау жұмыс нәтижелерінің (ҚНК/мақсаттар) және құзыреттерді бағалаудың үйлесіміне құрылады, бұл сандық көрсеткіштерге қол жеткізу мен қызметтің сапалық аспектілері арасындағы теңгерімді қамтамасыз етеді. Бағалау нәтижелері еңбекақы деңгейін қайта қарауға, жеке даму жоспарларын қалыптастыруға және жұмыскерлерді кадр резервіне қосуға тікелей байланысты. Объективтілікті қамтамасыз ету үшін жеке нәтижелер қаралатын калибрлеу сессиялары мен бағалау комиссияларының отырыстары қолданылады.

Осылайша, «KEGOC» АҚ-да тиімділікті бағалау жүйесі Компанияның барлық жұмыскерлерін қамтитын, айқындылықты, салыстырмалылықты және дамуды қамтамасыз ететін кешенді әрі тұрақты тетік болып табылады және Компанияның негізгі HR-процестеріне кіріктірілген.

«KEGOC» АҚ-ның 2025 жылы 2024 жылдың қорытындысы бойынша Компания жұмыскерлерінің қызметін кешенді бағалаудан өткен жұмыскерлерінің саны 2 434 жұмыскерді немесе Компания персоналының тізімдік санының 54 %-ын құрады, оның ішінде 376 ӘБП жұмыскері және 2 058 өндірістік персонал жұмыскері.

Жыл сайынғы негізде қызметті бағалау нәтижелері бойынша таланттар пулының құрамы өзектендіріледі. Есепті жылы саны 154 адам болатын Менеджмент және Функционалдық пулдар, сондай-ақ негізгі лауазымдардың тізбесі мен менторлардың тізімі бекітілді.

Осы процестің нәтижелілігін айқындау үшін есепті кезеңде 74 %-ды құраған «Функционалдық/Менеджмент пулынан тағайындаулар пайызы» көрсеткіші пайдаланылады.

Перспективалы жұмыскерлерді дамыту мақсатында «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің және Компания басшылығының таланттар пулының мүшелерімен жыл сайынғы кездесулері өткізіледі. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің және Компания басшылығының «KEGOC» АҚ таланттар пулымен кездесуі 17.11.2025 жылы өткізілді. Кездесу шеңберінде «Жасанды интеллект және болашақ көшбасшылығы: цифрлық трансформациядағы кадр резервінің рөлі» тақырыбында ақпараттық сессия ұйымдастырылды.

Бұдан басқа, Компанияда мамандар мен жұмысшы персоналға санаттар мен разрядтар беру үшін біліктілік комиссияларының отырыстары тұрақты негізде өткізіледі. Біліктілік комиссиясының мүшелері жұмыскерлерді кәсіби сұхбат нәтижелері бойынша бағалайды, бұл әрбір жұмыскердің білім, дағды мен тәжірибе деңгейін объективті түрде анықтауға мүмкіндік береді. 2025 жылы 123 маманға санаттар және 201 жұмысшыға разрядтар берілді.

Жұмыскерді кәсіби бағдарлаудың кешенді процесін қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыскерлерге кәсіби қалыптасуында көмек көрсету мақсатында Компанияда тәлімгерлік жүйесі жұмыс істейді. 2025 жылы тәлімгерлерге тағылымдамашыларды даярлағаны үшін 7 393,9 мың теңге сомасында сыйақы төленді.

Жастарды тәрбиелеуде үздік көрсеткіштерге қол жеткізген тәлімгерлер «Жылдың үздік тәлімгері» атағын беру жөніндегі жыл сайынғы конкурсқа қатысады.

Бағалаудан өткен жұмыскерлердің құрылымы

Аттестаттаудан өткен жұмыскерлердің санаттар бойынша құрылымы, %

Аттестаттаудан өткен жұмыскерлердің гендерлік құрылымы, %

Стратегиялық кадрлық жоспарлау және деректер аналитикасы

Жылжымалы негіздегі 5 жылдық кезеңге арналған Іс-шаралар жоспарын (Бизнес-жоспарды) және «KEGOC» АҚ-ның жылға арналған Бюджетін қалыптастыру мен бекітудің жыл сайынғы рәсімі шеңберінде стратегиялық кадрлық жоспарлау жүзеге асырылады.

2025–2029 жылдар кезеңіне персоналға арналған шығыстардың мынадай түрлері жоспарланды: еңбекақы төлеу мен сыйлықақы беру, әлеуметтік қолдау, салықтар мен міндетті аударымдар, оқыту мен дамыту, сондай-ақ қосымша санға қажеттілік.

Еңбекақы төлеу қорын қалыптастыру кезінде жалақыға шолу деректері, сала мен өңір бөлінісіндегі орташа айлық жалақының статистикалық деректері, инфляция деңгейі, сондай-ақ компанияның қаржы-экономикалық мүмкіндіктері ескеріледі.

Компанияда персонал санын жоспарлау инвестициялық бағдарлама, кадрлар тұрақсыздығының көрсеткіштері, зейнеткерлік жасқа дейінгі жұмыскерлердің болжамды саны негізінде жүзеге асырылады. 2026–2030 жылдар кезеңіне «Батыс Қазақстан энергожүйесін ҚР БЭЖ-імен біріктіру» және «Қазақстан БЭЖ Оңтүстік аймағының электр желісін күшейту» инвестициялық жобаларын іске асыру шеңберінде пайдалануға берілетін объектілерге қызмет көрсетуге, сондай-ақ «Батыс» 220 кВ ҚС сенімгерлік басқаруға қабылдауға байланысты қосымша сан жоспарланды.

Қосымша санды есептеу ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығымен бекітілген, қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар жұмыскерлерінің еңбекақы төлеу жүйесі бойынша еңбек нормалары мен (немесе) параметрлерін ұсыну, қарау және келісу қағидаларына сәйкес, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен және ҚР Энергетика министрлігімен әзірленген әрі келісілген жүйеаралық электр беру желілері мен қосалқы станцияларда пайдалану және жөндеу жұмыстарын жүргізетін электр желілік ұйымдар персоналы санының нормативтері негізінде жүргізілді.

Ұрпақтар сабақтастығы шеңберінде ішкі рәсімге сәйкес алдына күнтізбелік жыл ішінде мирасқорларды даярлау мен білім беру жөніндегі мақсаттар қойылатын зейнеткерлік жасқа дейінгі жұмыскерлердің тізімі жыл сайынғы негізде өзектендіріледі.

Компанияда өндірістік қатынастарды (IR – industrial relations) дамыту жөніндегі жұмыс жүргізіледі. Бұл бағытта IR скрининг нәтижелері негізінде анықталған сәйкессіздіктерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді.

2025 жылы Компанияда қолайлы еңбек жағдайларын қолдау үшін өндірістік қатынастарды дамыту жөніндегі жұмыс жалғастырылды. Өндірістік объектілердегі әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес 572 бұзушылықты жою жоспарланды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша 559 (98 %) сәйкессіздік жойылды.


Ұжымдық шарт және кәсіподақ қызметі

«KEGOC» АҚ жұмыскерлері өздерінің мүдделерін білдіретін қоғамдық ұйымдарды құру мен оларға кіруді қоса алғанда, бірлесу бостандығына құқылы. Компания персоналдың саяси, білім беру, қайырымдылық және өзге де қоғамдық қызметке қатысуын, ол еңбек міндеттерін орындауға кедергі келтірмеген және қоғамға зиян келтірмеген жағдайда қолдайды.

«KEGOC» АҚ жұмыскерлердің ұжымдық келіссөздер жүргізу мен ұжымдық шарттар жасасу құқығын мойындайды және қолдайды.

Компанияның барлық жұмыскерлерінің ұсыныстарын ескере отырып әзірленген және «KEGOC» АҚ мен оның еңбек ұжымы арасында 2021–2025 жылдарға жасалған Ұжымдық шарт оған қосылу рәсімдерін, еңбек тәртібін реттеу мәселелерін, оның ішінде әлеуметтік демалыстар кезіндегі демалу уақытын, еңбекақы төлеуді, еңбек қауіпсіздігін және жұмыскерлердің денсаулығын қорғауды қамтамасыз етуді, әлеуметтік кепілдіктер мен өтемақылар беруді көздейді, жұмыскерлерді қолдау мен кадр әлеуетін дамыту, медициналық сақтандыру және жұмыскерлердің мәдени-көпшілік демалысы жөніндегі шараларды нақтылайды. Оған Компания қаражаты есебінен жұмыскерлерді арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа да жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету бөлігінде жаңа өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Сондай-ақ онда ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларды, Компанияда есепте тұрған энергетик-ардагерлерді әлеуметтік қолдауға қатысты мәселелер көрсетілген.

Ұжымдық шарт Жұмыс беруші мен жұмыскерлердің өкілдері арасында жасалған және жұмыс уақыты мен демалу уақыты, еңбекақы төлеу, еңбекті қорғау, әлеуметтік кепілдіктер мен өтемақылар мәселелері қаралатын әлеуметтік диалогтың нәтижесі болып табылады. Ұжымдық шартты дайындау мен жаңарту процесі кәсіподақ органдарының қатысуын және жұмыскерлер мен олардың өкілдерінен түсетін ұсыныстарды қарауды көздейді.

Жұмыс беруші жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қозғайтын мәселелерді шешу кезінде, оның ішінде сайланбалы кәсіподақ органдарының мүшелерімен еңбек шарттарын бұзу рәсімдерін қоса алғанда, кәсіподақ органымен өзара іс-қимыл жасауға міндетті. Мұндай жағдайларда Компания кәсіподақтың уәжді пікірін сұратады және жұмыскерлердің өкілдерінің ұстанымын ескере отырып шешімдер қабылдайды, бұл тұрақты консультациялар мен келісулер практикасын растайды. Мұндай өзара іс-қимыл жүйелі сипатта болады және жұмыскерлердің пікірін ескеруді, әлеуметтік тәуекелдерді төмендетуді және тұрақты еңбек қатынастарын қолдауды қамтамасыз ететін әлеуметтік әріптестік жүйесінің тұрақты элементі болып табылады.

GRI 2-30

«KEGOC» АҚ жұмыскерлері өздерінің мүдделерін білдіретін қоғамдық ұйымдарды құру мен оларға кіруді қоса алғанда, бірлесу бостандығына құқылы. Компания еңбек міндеттерін және Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтаған жағдайда жұмыскерлердің қоғамдық қызметке, оның ішінде кәсіптік одақ қызметіне қатысу құқығын мойындайды және қолдайды.

«KEGOC» АҚ жұмыскерлердің ұжымдық келіссөздер жүргізу мен ұжымдық шарттар жасасу құқығын мойындайды және қолдайды. Есепті 2025 жылы кәсіподақтың белсенді қатысуымен 2026–2032 жылдарға арналған жаңа Ұжымдық шарт жасалды, ол Жұмыс беруші мен жұмыскерлердің өкілдері арасындағы әлеуметтік диалогтың нәтижесі болды және Компаниядағы әлеуметтік әріптестік жүйесін одан әрі нығайтуға бағытталған.

Ұжымдық шарт еңбек жағдайлары мен еңбекақы төлеу, жұмыс уақыты мен демалу уақыты, еңбекті қорғау, әлеуметтік кепілдіктер мен өтемақылар мәселелерін реттейді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен салыстырғанда жұмыскерлерді әлеуметтік қолдаудың қосымша шараларын көздейді. Ұжымдық шартты дайындау мен жасасу процесі кәсіподақ органдарының қатысуымен және жұмыскерлер мен олардың өкілдерінен түскен ұсыныстарды ескере отырып жүзеге асырылды.

«KEGOC» АҚ әлеуметтік-еңбек қатынастары мен персоналдың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жұмыскерлердің өкілдерімен тұрақты әрі институционалдық тұрғыдан бекітілген өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді. Кәсіподақпен өзара іс-қимыл жүйелі сипатта болады және әлеуметтік тәуекелдерді төмендетуге және тұрақты еңбек қатынастарын қолдауға бағытталған әлеуметтік әріптестік жүйесінің маңызды элементі болып табылады.

Ұжымдық шарт өз қолданысын «KEGOC» АҚ-ның барлық жұмыскерлеріне (100 %) жұмыспен қамту нысанына қарамастан таратады. Оның шарттарына сәйкес жұмыскерлерді еңбек жағдайларының өзгеруі туралы хабардар ету рәсімдерінің сақталуы, сондай-ақ жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қозғайтын жағдайларда, оның ішінде сайланбалы кәсіподақ органдарының мүшелерімен еңбек шарттарын бұзу мәселелерінде кәсіподақ органының пікірін ескеру қамтамасыз етіледі.

«KEGOC» АҚ энерготехникалық сала жұмыскерлерінің кәсіподақ ұйымы жұмыскерлердің еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асырады. Есепті жылы кәсіподақ комитеттері әлеуметтік маңызы бар, мәдени-көпшілік, спорттық және сауықтыру іс-шараларын, сондай-ақ энергетика саласының ардагерлері мен зейнеткер-энергетиктерді қолдауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге белсенді қатысты.

Кәсіподақ қызметінде еңбекті қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылады. Жұмыскерлердің өкілдері мен қоғамдық техникалық инспекторлар Компанияның өндірістік объектілерінде еңбекті қорғау талаптарының сақталуын бақылау мен еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шараларға қатысады. Бұл жұмыс Жұмыс берушімен өзара іс-қимылда, әлеуметтік әріптестіктің қолданыстағы тетіктері шеңберінде жүзеге асырылады.

Есепті жылы кәсіподақ органдарының қатысуымен Компанияда сондай-ақ үздік практикаларды тарату, еңбек қауіпсіздігі мәдениетін арттыру және жұмыскерлерді ынталандыруға бағытталған «Жылдың үздік тәлімгері», «Еңбекті қорғау талаптарын сақтау бойынша үздік филиал» және «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор» конкурстары ұйымдастырылып, өткізілді.

Ұжымдық шарттың шарттарына сәйкес жұмыс беруші жұмыскерді еңбек жағдайларының өзгеруі туралы – кемінде он бес күнтізбелік күн бұрын жазбаша хабардар етуге міндетті. Жұмыскерлердің санын немесе штатын қысқартуға байланысты еңбек шарттарын бұзу кезінде жұмыскерлерді хабардар етудің ең аз мерзімі Компанияның Ұжымдық шартында көзделген және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес бір айды құрайды.

Энерготехникалық сала жұмыскерлерінің кәсіподақ ұйымы 2003 жылғы 27 наурызда «KEGOC» АҚ жұмыскерлерінің кәсіподақ конференциясында құрылды. Кәсіподақ еңбек туралы заңнаманың сақталуын, кепілдіктер мен өтемақылардың, жеңілдіктердің сақталуы мен іске асырылуын бақылауға арналған.

Бүгінде «Энерготехпрофсоюз» ҚБ құрылымында 11 бастауыш кәсіподақ ұйымы бар. «KEGOC» АҚ жұмыскерлерінің кәсіподақ ұйымы мүшелерінің жалпы саны 3 981 адам, бұл Компания жұмыскерлерінің жалпы санының 95 %-дан астамын құрайды. Кәсіподақ мүшелерінің санының өткен жылмен салыстырғандағы өсімі 1 %-дан астамды құрайды (2024 жылы сан Компания жұмыскерлерінің жалпы санының 94 %-ын құрады).

Қазақстан еңбек конфедерациясының республикалық кәсіподақтар бірлестігінің мүшесі бола отырып, «KEGOC» АҚ кәсіподақ ұйымы жұмыс комиссиясының тұрақты мүшесі болып табылады және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек кодексі мен «Кәсіптік одақтар туралы» ҚР Заңы жөніндегі комиссиясының жұмысына белсенді қатысады. Кәсіподақ активінің құқықтық сауаттылығы мен құзыреттерін арттыру шеңберінде 2025 жылы Келісім комиссиясының мүшелерін оқыту жүргізілді.

Оқыту еңбек дауларын реттеудің практикалық дағдыларын дамытуға, әлеуметтік диалогтың тиімділігін арттыруға бағытталды.

Кәсіподақ қызметінің қорытындыларын шығару және әлеуметтік-еңбек қатынастарының өзекті мәселелерін талқылау мақсатында 2025 жылғы 10 желтоқсанда Астана қаласында «KEGOC» АҚ-ның барлық филиалдарынан делегаттардың қатысуымен есеп беру конференциясы өтті.

2025 жылы «KEGOC» АҚ-да адам құқықтары мен гендерлік теңдік саласындағы саясаттың институционалдық дамуы қамтамасыз етілді: 2025 жылға арналған Адам құқықтары мен гендерлік теңдікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспары және Әйелдер энергетикалық қауымдастығы туралы ереже бекітілді.

«ENERGY Шуағы» әйелдер энергетикалық қауымдастығын құру әйелдердің көшбасшылық әлеуетін дамытуға, олардың корпоративтік процестерге тартылуын арттыруға және инклюзивті ұйымдық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған Компанияның жүйелі бастамасы болды.

Қауымдастықтың бірінші (бастапқы) отырысы Компанияның Атқарушы дирекциясы мен филиалдарының шамамен 700 жұмыскер әйелінің қатысуымен офлайн және онлайн форматта өткізілді. Отырыстың қорытындысы бойынша «KEGOC» АҚ Басқармасының мүшелері – екі Басқарушы директорды қоса алғанда, 17 адамнан тұратын Атқарушы комитет сайланды, бұл бастаманы жоғары басшылық деңгейінде стратегиялық қолдауды растайды.

Қауымдастық қызметі шеңберінде:

  • әйелдер көшбасшылығын дамыту, тартылу, кедергілерді анықтау және оларды жою жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру мәселелері бойынша корпоративтік сауалнама (380 қатысушы) жүргізілді;
  • Қауымдастықтың атауын айқындау бойынша конкурс ұйымдастырылды (184 қатысушы), оның қорытындысы бойынша «ENERGY Шуағы» атауы бекітілді;
  • «Іс-әрекеттегі көшбасшылық: таңдау энергиясы» оқыту мастер-класы өткізілді.

Компания әйел-энергетиктердің салалық деңгейде өкілдік етуін қамтамасыз етті: «KEGOC» АҚ өкілдері XVI Еуразиялық форум шеңберінде KAZENERGY қауымдастығының Әйелдер энергетикалық клубының VII форумының панельдік сессияларында спикер ретінде сөз сөйлеп, Компанияның әйелдер көшбасшылығы мен кәсіби өсуін дамыту жөніндегі практикасын ұсынды.

Іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде сондай-ақ:

  • 8 наурызға орай «Қазақстан өнеркәсібіндегі әйелдер: үлгі тұтар тұлғалар және қоғамға әсері» атты арнайы ақпараттық-талдау жобасы іске асырылды;
  • бейінді маманның қатысуымен әйелдер денсаулығының профилактикасы мен қолдауы мәселелері бойынша ақпараттық сессия өткізілді;
  • бастамалардың нәтижелерін медиа-кеңістікте ілгерілету қамтамасыз етілді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша көшбасшылық құзыреттерін дамытуды, филиалдардың өңірлік қамтуын кеңейтуді, әртүрлілік, теңдік және инклюзия мәселелері бойынша оқыту бағдарламаларын енгізуді, сондай-ақ құрмет, тең мүмкіндіктер және тұрақты даму қағидаттарына негізделген корпоративтік мәдениетті нығайтуды көздейтін 2026 жылға арналған адам құқықтары мен гендерлік теңдік саласындағы саясатты одан әрі жетілдіру жөніндегі Іс-шаралар жоспары қалыптастырылды.


Корпоративтік мәдениетті дамыту

Командалық жұмысты, адалдықты, ұжымдағы қолайлы ахуалды жақсарту мақсатында Компания жұмыскерлері корпоративтік іс-шараларға тұрақты негізде қатысады. Осылайша 2025 жылы:

  • корпоративтік мәдениетті дамыту мақсатында Компанияның құрылған күніне орай «Қозғалыстағы энергия: Зарядта!» тимбилдингі өткізілді.
  • жұмыскерлердің белсенді қатысуымен 2 «Донор күні» акциясы өткізілді.
  • 21-22 ақпан аралығында «Самұрық-Қазына» АҚ Қысқы Спартакиадасына, Спартакиаданың ашылу салтанаты мен шаңғы жарысына қатысылды (21 адам).
  • 2025 жылғы 4-6 сәуір аралығында «Самұрық-Қазына» АҚ Спартакиадасына қатысу мақсатында «KEGOC» АҚ Спартакиадасы (іріктеу жарыстары) өткізілді.
  • 3 мамырда III Charity Samruk Marathon қайырымдылық жүгіруіне қатысылды (44 адам).
  • тамызда Астана қ. Алматы ауданының «Баланы мектепке жинаймыз» қайырымдылық акциясы шеңберінде аз қамтылған және аз қамтамасыз етілген отбасылар үшін қаражат жинау жөніндегі волонтерлік акция өткізілді (мектеп керек-жарақтары бар 25 рюкзак сатып алынды).
  • 1 қазанда Қарттар күніне орай АД, «ҰДО ЖО» филиалының, сондай-ақ ЕҰ (дирекция) «KEGOC» АҚ-да есепте тұрған зейнеткерлерінің кездесуі ұйымдастырылды (40 адам) және үй мекенжайларына азық-түлік пакеттері жеткізілді (10 адам).
  • 2 қазанда «KAZENERGY» қауымдастығының Әйелдер энергетикалық клубының VII Форумына Компанияның гендерлік саясаты мәселелері бойынша панельдік сессиялардың спикерлерінің таныстырылымдары мен роликтерін дайындай отырып қатысылды.
  • 2025 жылғы 8 желтоқсанда өнеркәсіп пен технологиялардағы әйелдердің II Халықаралық конгресі «Women Career Lab» – ғылыми-техникалық мамандықтардың жас және тәжірибелі мамандарына арналған мансап зертханасы» тақырыбында қатысты.

Желтоқсан айында Астана қ. ерекше балаларды қолдау мақсатында «Жүректен – жүрекке» қайырымдылық акциясын ұйымдастыру мен өткізуге, сондай-ақ «AMANAT» партиясы қалалық филиалының «Әйелдер қанаты» іс-шарасына Сарыарқа ауданының көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларының балаларына жаңа жылдық сыйлықтар тапсыра отырып қатысылды.

Жастар саясатын дамыту шеңберінде 2025 жылы Жастар ісі жөніндегі кеңестің (ЖІК) мүшелері мыналарға қатысты:

  • «Жұмысшы кәсіптері жылына» арналған бірегей интерактивті фестиваль шеңберінде энергетиктер үйін ұйымдастыру мен өткізуге;
  • спорттық іс-шараларға: «KEGOC» АҚ Спартакиадасы; «Самұрық-Қазына» АҚ Спартакиадасы;
  • мерекелік және корпоративтік іс-шараларға;
  • волонтерлік акцияларға, сенбіліктерге және т.б.

Birgemiz Expedition жобасы шеңберінде «KEGOC» АҚ Жастар кеңесінің мүшелері «Qazaqgaz» АҚ өндірістік объектілеріне барды. Осы жоба шеңберінде «KazMunaiGaz» АҚ Жастар кеңесінің мүшелері «KEGOC» АҚ «Ақмола ЖЭТ» филиалы 500 кВ ҚС жұмысымен танысты.

«Жеті қадам» модульдік оқыту бағдарламасына «KEGOC» АҚ жұмысшы кәсіптерінің жас көшбасшылары қатысты. «7 Qadam Pro» 2025 жылғы 16 сәуірден 1 қыркүйекке дейінгі кезеңде табысты іске асырылды. Бағдарламаға қатысушылар Қазақстан Республикасының үш қаласында модульдік оқытудан өтті, сондай-ақ өздерінің жобалық жұмыстарын ұсынып, қорғады. Оқытудың қорытындысы бойынша «KEGOC» АҚ филиалдарының 2 жұмыскері өз жобаларын табысты қорғады. Жеңімпаздар Астана қ. «Жұмысшы кәсіптері жылы» қорытынды іс-шарасында марапатталды. Бекітілген Qadam Hub бағдарламасына сәйкес жобаларды алдын ала онлайн қорғау 2025 жылғы 10-нан 14 қарашаға дейін өтті. Қарауға «Самұрық-Қазына» АҚ тобы компанияларынан қатысушылардың 84 жобасы ұсынылды. Бағалау қорытындысы бойынша «KEGOC» АҚ филиалдарының 7 жұмыскері финалдық кезеңге жіберілді. Жобаларды финалдық қорғау 2025 жылғы 19 желтоқсанда «Qadam Hub» секциясы шеңберінде өтті, онда қорғау нәтижелері бойынша конференция қазылар алқасының мүшелері 7 неғұрлым перспективалы жобаны айқындады. «KEGOC» АҚ жұмыскері, «7 Qadam MASTER» бағдарламасының қатысушысы 10-нан 14 қарашаға дейін Екатеринбургте өткен «Хайтек: болашақ дағдылары-2025» жоғары технологиялық кәсіптердің халықаралық чемпионатына қатысты.

Компания адами капиталға инвестицияларды тұрақты даму мен операциялық тиімділіктің негізгі факторларының бірі ретінде қарастыра отырып, персоналды тиімді басқару саясатын дәйекті түрде іске асырады.

Есепті кезеңде Компанияның жұмыскерлерге байланысты жиынтық шығыстары, оның ішінде еңбекақы төлеу шығыстары, әлеуметтік жеңілдіктер беру, сондай-ақ жұмыскерлерді іріктеу, оқыту мен дамыту шығыстары және т.б. 50 018 158,28 мың теңгені құрады.

2022 2023 2024 2025
Жұмыскерлерге арналған шығындар, млн теңге 31 839,5 37 469 43 637,9 50 018,2
Адами капиталға инвестициялардың қайтарымы 2,28897 2,51443 2,84151 2,90160

Ұжымдардағы әлеуметтік көңіл-күй мәселелері Компанияның жоғары басшылығының бақылауында.

Жыл сайынғы негізде персоналдың тартылу индекстеріне (ӘБП жұмыскерлерінің сауалнамасы мен онлайн-сауалнамасының нәтижелері бойынша есептелетін) және «KEGOC» АҚ кадр саясатының негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылатын, өндірістік персонал жұмыскерлері арасында айқындалатын әлеуметтік тұрақтылық деңгейіне SRS зерттеу жүргізіледі. Зерттеу Компанияның еңбек ұжымының әлеуметтік көңіл-күйінің жалпы көрінісін алуға мүмкіндік беретін өндірістік персоналдың онлайн-сауалнамасы арқылы жүзеге асырылады. Есепті жылы сауалнамаға 877 жұмыскер қатысты, бұл персоналдың жалпы санының 25 %-ын құрайды.

SRS зерттеуінің негізгі мақсаты – еңбек қатынастарындағы проблемалық аймақтарды диагностикалау, ол түзету ғана емес, сонымен бірге профилактикалық шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. SRS жиынтық мәні 3 индекстен тұрады:

1) Тартылу индексі мынадай параметрлерді өлшейді:

  • жүктеме мен техника қауіпсіздігіне қанағаттанушылық;
  • жұмыскерлердің әлеуметтік пакетке қанағаттанушылығы;
  • жұмыскерлердің компанияларға адалдығы;
  • жұмыскерлердің дамуы мен мансаптық мүмкіндіктері (оқыту мен меритократия);
  • еңбекақы деңгейінің орындалатын жұмысқа сәйкестігі;
  • Коммуникациялар: тапсырмаларды, міндеттерді қою, шешімдер қабылдау кезінде жұмыскерлердің пікірлерін есепке алу.

2) Әлеуметтік әл-ауқат индексі мыналарды береді:

  • статикадағы және динамикадағы әл-ауқатты бағалау;
  • жұмыскерлердің денсаулығын және олардың қоғамдық өмірге қатысуын бағалау;
  • қаржылық әл-ауқатты бағалау.

3) Әлеуметтік тыныштық индексі мыналарды көрсетеді:

  • ұжымдағы әлеуметтік ахуалды бағалау;
  • еңбек құқықтарының қорғалу дәрежесін бағалау;
  • ұжымдағы жанжалдық деңгейін бағалау;
  • наразылыққа еңбек мәселелерін шешу әдісі ретіндегі қатынас;
  • наразылықтардың туындау ықтималдығын және оларға қатысу тәжірибесінің болуын бағалау.

2025 жылдың қорытындысы бойынша «KEGOC» АҚ кадр және әлеуметтік саясатын іске асырудың тұрақты оң нәтижелеріне қол жеткізілді. Әлеуметтік тұрақтылық индексі 88 %-ды құрады, ол алдыңғы жылмен салыстырғанда 1 тармаққа артып, 87 % деңгейіндегі белгіленген нысаналы мәннен асып түсті.

Әлеуметтік тыныштық индексі 97 %-ға, әлеуметтік әл-ауқат индексі – 85 %-ға, ал персоналдың тартылу индексі – 90 %-ға жетті, бұл жұмыскерлердің Компанияға сенімінің жоғары деңгейін, олардың еңбек жағдайларына қанағаттанушылығын және корпоративтік құндылықтарға адалдығын сипаттайды.

Қол жеткізілген көрсеткіштер адами капиталды дамыту, сындарлы әлеуметтік диалогты қолдау, жұмыскерлерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету және тұрақты корпоративтік мәдениетті қалыптастыру саласындағы жүйелі әрі дәйекті жұмысты дәлелдейді. Тұтастай алғанда нәтижелер Компанияның іске асырылып жатқан кадр және әлеуметтік саясатының тиімділігін және қолайлы әлеуметтік ортаның құрылуын растайды.

SRS индексі

Көрсеткіштің атауы 2021 2022 2023 2024 2025
SRS индексі 85 86 86 87 88
Сауалнамаға қатысқан жұмыскерлердің %-ы 16,6 32,9 58,3 24,1 25,0