73%

Басқарма Төрағасының үндеуі

GRI 2-22

Құрметті акционерлер, әріптестер, серіктестер және стейкхолдерлер!

2025 жыл «KEGOC» АҚ-ның белсенді дамуы мен технологиялық трансформациясының кезеңі болды. Компания Ұлттық электр желісінің сенімділігін арттыруға, жаңартылатын энергия көздерін интеграциялауға және энергожүйенің заманауи цифрлық инфрақұрылымын дамытуға бағытталған стратегиялық бастамаларды іске асыруды жалғастырды.

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің жүйелік операторы функцияларын табысты орындай отырып, электр энергиясын өндіру мен тұтынудың теңгерімін, энергиямен жабдықтаудың сенімділігін және нарық қатысушыларының Ұлттық электр желісіне кемсітусіз қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша негізгі өндірістік көрсеткіштер тұрақты серпінді көрсетті.

  • жеткізілген электр энергиясының көлемі 18,39 млрд кВт·сағ құрады;
  • Ұлттық электр желісін пайдалану бойынша қызметтердің көлемі – 78,05 млрд кВт·сағ;
  • техникалық диспетчерлеу бойынша қызметтердің көлемі – 116,75 млрд кВт·сағ;
  • электр энергиясын өндіру мен тұтынуды теңгерімдеу бойынша қызметтердің көлемі – 228,3 млрд кВт·сағ.

Компания инфрақұрылымды дамытуды және ірі инвестициялық жобаларды, оның ішінде Қазақстан БЭЖ Оңтүстік аймағының электр желісін күшейтуді және Батыс Қазақстан энергожүйесін елдің Бірыңғай энергожүйесімен біріктіру жобасын іске асыруды жалғастырды, олар энергиямен жабдықтаудың сенімділігін арттыру және мемлекеттің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызға ие.

Жаһандық энергетикалық ауысу жағдайында жаңартылатын энергия көздерін интеграциялауға ерекше назар аударылады. 2025 жылы Қазақстанда ЖЭК объектілері өндірген электр энергиясының үлесі 7 %-ға жетті, ал өндіру көлемі 8,65 млрд кВт·сағ құрады. Компания энергожүйенің икемділігі мен тұрақтылығын арттыруға бағытталған цифрландыру және Smart Grid технологияларын енгізу жобаларын белсенді түрде іске асыруда.

Дамудың маңызды бағыты – цифрлық трансформация. 2025 жылы синхрондалған WAMS технологиялары негізінде энергожүйені мониторингтеу жүйесін енгізудің екінші кезеңі аяқталды, сондай-ақ SCADA/EMS жүйесін жаңғырту және энергожүйені басқарудың интеллектуалды жүйелерін дамыту жалғасуда.

Адами капиталды дамыту да маңызды басымдық болып қала береді. Компанияда 4 472 жұмыскер жұмыс істейді, ал әлеуметтік тұрақтылық индексі 88 %-ды құрады, бұл персоналдың жоғары деңгейдегі тартылуын және іске асырылып жатқан кадр саясатының тиімділігін растайды.

«KEGOC» АҚ бизнестің экологиялық және әлеуметтік жауапкершілігін арттыра отырып, серіктестік қарым-қатынастарды дамыта отырып және барлық мүдделі тараптармен ашық диалогты қолдай отырып, тұрақты даму қағидаттарын дәйекті түрде нығайтады.

Басқарма атынан Қазақстанның энергетикалық жүйесін дамытуға бірлескен жұмысы мен қосқан үлесі үшін акционерлерімізге, серіктестерімізге, мемлекеттік органдар мен Компания жұмыскерлеріне алғыс білдіремін.

Стратегиялық жобаларды одан әрі іске асыру және заманауи технологияларды енгізу «KEGOC» АҚ-ға саладағы көшбасшылықты сақтауға және елдің энергожүйесінің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп сенімдімін.


Айтжанов Нәби
Еркінұлы

«KEGOC» АҚ
Басқарма Төрағасы