73%

Тұрақты дамуды басқару

Тұрақты даму саласындағы негізгі оқиғалар

Корпоративтік жауапкершілікті күшейту және адам құқықтары мен бостандықтары саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкестік шеңберінде Адам құқықтары саласындағы саясат бекітілді.

«KEGOC» АҚ «Самұрық-Қазына» АҚ-ның портфельдік компаниялары арасында әлеуметтік тұрақтылық бойынша көшбасшылардың бірі болып танылды. Әлеуметтік тұрақтылық индексінің (SRS) деңгейі – 88 %.

«KEGOC» АҚ тұрақты даму саласында айтарлықтай ілгерілеуге қол жеткізді, мұны тәуелсіз рейтингтік агенттік S&P Global растады. Бағалау нәтижелері бойынша Компания S&P Global CSA Score ESG-рейтингін 62/100 деңгейінде алды, бұл 2024 жылғы нәтижеден (55 балл) 7 тармаққа жоғары.


Тұрақты дамуды басқару құрылымы

«KEGOC» АҚ өзінің экономикаға, экологияға және қоғамға әсерінің маңыздылығын түсінеді және ұзақ мерзімді құнды арттыруға ұмтыла отырып, өзінің экологиялық (Е), әлеуметтік (S) және басқарушылық (G) мақсаттарының келісімділігі арқылы өз қызметінің тұрақты даму қағидаттарына сәйкестігін қамтамасыз етеді.

«KEGOC» АҚ экологиялық және әлеуметтік жауапкершілікті, акционерлердің құқықтарын тиімді іске асыруды, акционерлерге әділ қарауды, теңгерімді дивидендтік саясатты, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі мен Басқармасы қызметінің тиімділігін, мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жүйесін, Компания туралы ақпаратты мүдделі тараптарға тиісінше ашуды қамтамасыз етуге және тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйелерін жетілдіруге күш салуды бағыттай отырып, корпоративтік басқаруды қоса алғанда, ESG-қағидаттарын жетілдіру жөніндегі жоспарлы жұмыс жүргізеді.

«KEGOC» АҚ-ның тұрақты даму қағидаттары

  1. Жасыл инфрақұрылымды дамыту
    «KEGOC» АҚ ЖЭК-ті интеграциялауға және жүйенің энергия тиімділігін арттыруға ықпал ететін электр желілерін салуға және жаңғыртуға белсенді инвестиция салады.
  1. Еңбек пен денсаулықты қорғау басымдығы
    Компания еңбек жағдайларын жақсарта және жұмыс орындарындағы тәуекелдерді барынша азайта отырып, жоғары қауіпсіздік стандарттарын енгізуді жалғастырады және «Vision zero» (нөлдік жарақаттану) тұжырымдамасына адал.
  2. Жауапты жеткізу тізбегі
    «KEGOC» АҚ тұрақтылық қағидаттарын бөлісетін жеткізушілермен ынтымақтасады, осылайша сала деңгейінде тұрақты іскерлік практиканың дамуына үлес қосуды қамтамасыз етеді.
  3. Экологиялық басқару
    «KEGOC» АҚ ресурстарды ұтымды пайдалану мен қалдықтарды кәдеге жаратуды бақылау жүйелерін енгізіп, экологиялық жауапкершілік саласындағы ұстанымдарын нығайтады.
  4. Жұмыскерлердің әл-ауқатына назар аудару
    Жайлы әрі қауіпсіз жұмыс ортасын құруға, әлеуметтік қолдау бағдарламаларын іске асыруға және персоналдың тартылуының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады.
  5. Адами капиталға инвестициялар
    «KEGOC» АҚ-да жұмыскерлердің құзыреттері мен мансаптық мүмкіндіктерінің өсуіне ықпал ететін тұрақты оқыту мен кәсіби даму жүйесі жұмыс істейді.

«KEGOC» АҚ-ның тұрақты дамуды басқару құрылымы

Компания корпоративтік басқарудың барлық деңгейлерінде ESG қағидаттарын интеграциялай отырып, тұрақты даму саласындағы басқару жүйесін дәйекті түрде жетілдіреді. Тұрақты даму мәселелері негізгі саясаттарды бекітетін, бастамалардың іске асырылуын қадағалайтын және Компания қызметінің тұрақты даму қағидаттарына стратегиялық сәйкестігін қамтамасыз ететін Директорлар кеңесінің тұрақты бақылауында:

  • Компанияның тұрақты даму саласындағы стратегиялық бағдарлары мен басымдықтарын қалыптастырады;
  • ESG бағыттары бойынша есептілікті қарайды және бекітеді;
  • тұрақтылық принциптерінің операциялық қызметке енгізілуін бақылайды;
  • тұрақты даму саласындағы тәуекелдерді, соның ішінде климаттық тәуекелдерді басқарады.

Директорлар кеңесіне тұрақты даму саласындағы қызмет нәтижелері туралы есептер тұрақты негізде (жыл сайын және тоқсан сайын) ұсынылады.

Бұдан басқа, тұрақты даму саласындағы басқару мәселелері бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізуді қамтамасыз ету, «KEGOC» АҚ біріктірілген менеджмент жүйесін әзірлеу, енгізу, оның жұмыс істеуі және менеджмент жүйелерінің нәтижелілігін тұрақты жақсарту үшін Компанияның Басқармасы жанында консультативтік-кеңесші орган – Тұрақты даму және БМЖ жөніндегі үйлестіру кеңесі жұмыс істейді, оның басшысы «KEGOC» АҚ Басқарма Төрағасы болып табылады.

Үйлестіру кеңесінің құрамына барлық басқарушы директорлар, еншілес ұйымдардың басшылары кіреді.

Үйлестіру кеңесінің тұрақты даму мәселелеріндегі негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

  • тұрақты даму саласындағы қағидаттардың ілгерілеуін және сақталуын қамтамасыз ету;
  • тұрақты даму саласындағы басқару мәселелері жөніндегі іс-шараларды жоспарлауды, жауапкершілікті айқындауды, мониторингтеуді жүзеге асыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ стейкхолдерлерге ұсынылатын тұрақты даму саласындағы қызмет туралы ақпараттың мазмұнын айқындау;
  • Компанияның климаттық аспектілері мен тәуекелдерін келесілер арқылы үйлестіру және мониторингтеу:
    – климаттық тәуекелдер мен мүмкіндіктерді тұрақты бағалауды қоса алғанда, климаттық аспектілерді бизнес-процестер мен операциялық шешімдерде ескеру;
    – климаттық тәуекелдерді азайту мен болдырмау жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді қамтамасыз ету;
    – климаттық күн тәртібін іске асыру кезінде құрылымдық бөлімшелер мен лауазымды тұлғалар арасында міндеттер мен жауапкершілікті айқындау және бөлу;
    – климаттық тәуекелдерді басқару мен климаттық мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі іс-шаралардың орындалуын мониторингтеу мен бақылау және есептілік ұсыну.

«KEGOC» АҚ-да стратегиялық жоспарлау мен тұрақты дамуды басқару процестеріне жалпы басшылықты Стратегия және тұрақты даму жөніндегі басқарушы директор жүзеге асырады.

Оның функцияларына ESG қағидаттарын интеграциялай отырып Даму жоспарын (Стратегияны) әзірлеу мен іске асыру, тұрақты дамуды басқару жүйесін үйлестіру, үздік халықаралық практикаларды және қолданылатын ESG-стандарттардың талаптарын ескере отырып корпоративтік басқару мен бизнес-процестерді жетілдіру кіреді.

Басқарушы директор ESG-көрсеткіштерді басқару жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, ESG-рейтингтерді алуды және арттыруды ұйымдастырады, төмен көміртекті даму бағдарламасын қоса алғанда ESG-бастамаларды іске асыруды үйлестіреді, сондай-ақ парниктік газдар шығарындыларын қоса алғанда негізгі көрсеткіштерді тәуелсіз верификациялауға жауап береді.

Бұдан басқа, оның жауапкершілік аясында – Жылдық есепті және халықаралық рейтингтерге арналған сауалнамаларды қоса алғанда, қаржылық емес есептілікті дайындау мен ашу, сондай-ақ негізгі ESG-мәселелерді басшылықтың және бейінді алқалы органдардың қарауына шығару.

Басқарушы директор тұрақты даму мақсаттары мен көрсеткіштеріне қол жеткізу, корпоративтік басқару деңгейін ұстап тұру және біріктірілген менеджмент жүйесінің нәтижелілігі үшін дербес жауапты болады.

Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл

GRI 2-29

«KEGOC» АҚ мүдделі тараптармен өзара іс-қимылды өзінің тұрақты даму саласындағы қызметінің маңызды бөлігі ретінде қарастырады. Компания мемлекеттік органдармен, инвесторлармен, жұмыскерлермен, іскерлік серіктестермен, жергілікті қауымдастықтармен және басқа да стейкхолдерлермен ашық әрі жүйелі диалог сенімді арттыруға, іскерлік беделді нығайтуға және стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ететініне сенімді.

Стейкхолдерлермен өзара іс-қимылды басқару

Мүдделі тараптармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру мен іске асыру жауапкершілігі «KEGOC» АҚ Басқармасына жүктелген. Бұл қызмет Компанияның корпоративтік құжаттарына, оның ішінде:

  • Коммуникациялық бағдарламаға;
  • Стейкхолдерлермен коммуникация жоспарына;
  • «KEGOC» АҚ Стейкхолдерлер картасына.

Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл бекітілген Мүдделі тараптармен коммуникация жоспарына сәйкес жүзеге асырылды. Бұл жоспар акционерлер мен инвесторларды, мемлекеттік органдарды, клиенттерді, жұмыскерлерді, жергілікті қоғамдастықтарды, халықаралық серіктестер мен сарапшылар қауымдастығын қамтыды. Жоспарда коммуникация арналары, ақпаратты ашу кезеңділігі, өзара іс-қимыл форматтары және кері байланыс тетіктері айқындалған.

Стратегияны іске асыру аясында:

  • қаржылық және операциялық нәтижелердің тұрақты түрде жарияланып отыруы қамтамасыз етілді;
  • стратегиялық инвестициялық жобаларды іске асыру кезеңдері жарықтандырылды;
  • Ұлттық электр желісі нысандарындағы жөндеу науқанының барысы туралы материалдар жарияланды;
  • ESG, корпоративтік басқару және адами капиталды дамыту саласындағы бастамалар кеңінен талқыланды;
  • кәсіби және салалық БАҚ-та белсенді ақпараттық күн тәртібі қолдау тапты.

«KEGOC» АҚ мүдделі тараптардың негізгі топтарын Компанияның барлық құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп айқындады. Әрбір топ үшін:

  • стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге әсер ету дәрежесі;
  • Компания қызметінің тиісті топқа әсер ету дәрежесі бағаланды.

Бағалау бес балдық шкала бойынша стейкхолдерлердің нақты топтарымен тікелей өзара іс-қимыл жасайтын құрылымдық бөлімшелердің – «сарапшылардың» – пікірлерін ерекше ескере отырып жүргізілді.

Есепті жыл ішінде Компания тарифтерді түзету мәселелері бойынша қоғамдық тыңдаулар, инвестициялық жобалар бойынша қоғамдық консультациялар және Ұлттық электр желісін дамытуға арналған талқылаулар өткізді.

Өзара іс-қимыл қағидаттары

Коммуникациялық бағдарламаға сәйкес «KEGOC» АҚ мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл кезінде мынадай негізгі қағидаттарды басшылыққа алады:

  • Ашықтық пен қолжетімділік. Компания өз қызметі, электр энергетикасы саласындағы рөлі мен дамудың стратегиялық бағыттары туралы жоғары деңгейдегі хабардарлықты қамтамасыз етуге ұмтылады.
  • Тұрақтылық пен уақтылылық. «KEGOC» АҚ тұрақты негізде қызмет нәтижелері және мүдделі тараптарды қозғайтын негізгі өзгерістер туралы ақпаратты ашады.
  • Хабардарлық пен тартылу. Компания негізгі стейкхолдерлермен ашық диалогты қолдайды және оларға маңызды мәселелерді талқылауға қатысу мүмкіндігін береді.
  • Мүдделерді құрметтеу мен есепке алу. Басқарушылық шешімдер қабылдау кезінде мүдделі тараптардың пікірлері, күтулері мен мүдделері ескеріледі.

Жергілікті қауымдастықтармен өзара іс-қимыл

Жергілікті қауымдастықтармен өзара іс-қимыл «KEGOC» АҚ тұрақты дамуының маңызды элементі болып табылады және мынадай бағыттарды қамтиды:

Жергілікті қауымдастықтарға әсерді бағалау. Ірі жобаларды дайындау кезінде Компания жергілікті қауымдастықтар үшін ықтимал салдарларды талдай отырып, қозғалатын топтарды анықтай отырып және тәуекелдерді төмендету жөніндегі шараларды әзірлей отырып, әлеуметтік әсерді бағалауды жүргізеді. Қоғамдық тыңдаулар барысында түсетін ескертулер мен ұсыныстар жобалық шешімдер қабылдау кезінде ескеріледі.

Диалогқа қатысу мүмкіндіктерін кеңейту. Қоғамдық тыңдаулар мен халықпен кездесулер барысында «KEGOC» АҚ жобалардың мақсаттары мен мазмұнын, олардың экологиялық және әлеуметтік аспектілерін түсіндіреді, сұрақтарға жауап береді және ақпараттық материалдарды ұсынады, ақпаратқа тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Кері байланысты бағалау. Компания кездесулер мен тыңдауларға қатысушылардан кері байланысты тұрақты түрде жинайды әрі талдайды, бұл «KEGOC» АҚ қызметінің қабылдануын бағалауға және өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Тұрақты кездесулер. Жергілікті қауымдастықтармен өзара іс-қимыл қоғамдық тыңдаулар, ашық есік күндері, консультациялар мен жобалардың таныстырылымдары форматында жүзеге асырылады.

Жоспарланған қызметті іске асыру кезінде «KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) рәсімі шеңберінде жергілікті қауымдастықтармен өзара іс-қимылды ұйымдастырады. Өзара іс-қимыл халықты жергілікті БАҚ пен ақпараттық материалдар арқылы алдын ала хабардар етуден басталады. Құжаттаманы дайындау кезеңінде жергілікті қауымдастықтардың, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен ашық қоғамдық тыңдаулар өткізіледі. Барлық ескертулер мен ұсыныстар тіркеледі және жобалық шешімдерді пысықтау кезінде ескеріледі. Компания кері байланысты қамтамасыз етеді және қажет болған жағдайда қосымша консультациялар өткізеді. Жобаларды іске асыру кезеңінде әсерді мониторингтеу мен экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді басқару мәселелерін қоса алғанда, жергілікті қауымдастықтармен тұрақты диалог қолдау табады.

Өтініштер жүйесі. Жергілікті қауымдастықтар үшін жедел желі, ресми сайт және жазбаша сұрау салулар арқылы өтініштер беру жүйесі жұмыс істейді. Барлық өтініштер тіркеледі, қаралады және өтініш берушілерге кері байланыс ұсынумен сүйемелденеді.

Қатысудың барлық өңірлерінде бағдарламаларды іске асыру. Стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл бағдарламалары инвестициялық жобалардың кезеңдерін және ағымдағы операциялық қызметті қоса алғанда, «KEGOC» АҚ-ның қатысуының барлық өңірлерінде және филиалдарында іске асырылады.

«KEGOC» АҚ-ның Стейкхолдерлер картасы

2025 жылы мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл нәтижелері

«KEGOC» АҚ мүдделі тараптардың күтулерін ескеруге және Компания қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге ұмтыла отырып, олармен жүйелі әрі тұрақты диалог құрады. Өзара іс-қимыл ресми кездесулер, консультациялар, қоғамдық талқылаулар, салалық іс-шараларға қатысу, өтініштерді қарау және кері байланыстың әртүрлі арналарын пайдалану арқылы жүзеге асырылады. 2025 жылы Компания өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіруді және басқарушылық шешімдер қабылдау, инфрақұрылымды дамыту және стратегиялық бастамаларды іске асыру кезінде алынған кері байланысты ескеруді жалғастырды.

GRI 2-29, GRI 2-26

Стейкхолдерлер Өзара іс-қимыл мақсаттары Өзара іс-қимыл арналары 2025 жылғы нәтижелер
Акционерлер Компанияның акционерлермен өзара іс-қимыл жөніндегі қызметі Корпоративтік басқару кодексінде және «KEGOC» АҚ Жарғысында бекітілген акционерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және құрметтеуге бағытталған.
  • жылдық есептер;
  • акционерлердің жалпы жиналыстары;
  • республикалық және өңірлік БАҚ пен Компанияның веб-сайты;
  • сұрау салуларға жауаптар;
  • акционерлермен және инвесторлармен кездесулер, дөңгелек үстелдер, таныстырылымдар, роуд-шоу.
  • AIX және KASE биржаларының алаңдарында «KEGOC» АҚ Эмитент күндері өтті;
  • 2025 жылы 2 Акционерлердің жалпы жиналысы өткізілді;
  • «KEGOC» АҚ-ның өткен кезектен тыс жалпы жиналысында 2025 жылдың бірінші жартыжылдығы үшін таза табыстың 65 %-ын бөлу туралы шешім қабылданды.
Қаржыландырушы топтар Компания инвесторлар алдындағы өзінің қаржылық міндеттемелерін уақтылы әрі толық көлемде орындайды және өзара сенімге негізделген ұзақ мерзімді өзара іс-қимылға ұмтылады.
  • жылдық есептер;
  • дөңгелек үстелдер, саммиттер;
  • Компанияның веб-сайты;
  • KASE-дегі ақпарат.
  • «KEGOC» АҚ мен Азия даму банкі (АДБ) «Оңтүстік энергетикалық торап желілерін күшейту» жобасы, оны іске асыру барысы мен күтілетін әсерлер туралы хабарлау мақсатында 500 кВ ҚС-да бірлескен баспасөз-тур өткізді;
  • «KEGOC» АҚ «Қазақстан БЭЖ Оңтүстік аймағының электр желісін күшейту» жобасын іске асыру барысы туралы есепті негізгі объектілердің бірінде – Жамбыл облысындағы Шу-500 кВ қосалқы станциясында ұсынды.
Билік органдары мен бақылаушы органдар «KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасының стратегиялық объектісі және табиғи монополиялар субъектісі бола отырып, мемлекет алдындағы өз жауапкершілігін түсінеді және құқықтық әрі этикалық міндеттемелерді орындауға, сондай-ақ заңнама нормаларын сақтауға ұмтылады.
  • жылдық есептер;
  • корпоративтік оқиғалар;
  • республикалық және өңірлік БАҚ пен Компанияның веб-сайты;
  • Компания басшылығының жеке кездесулері;
  • саммиттердің, ведомствоаралық және үкіметаралық консультативтік-кеңесші органдардың жұмысына қатысу.
  • «KEGOC» АҚ өкілдері «KEGOC» АҚ белсенді қатысатын Каспий теңізінің түбімен терең сулы кабель салу жобасы бойынша Жасыл энергия жөніндегі консультативтік кеңес шеңберіндегі 3-ші Министрлік кездесуде болды;
  • «KEGOC» АҚ Орталық Азияның үйлестіруші электр энергетикалық кеңесінің (КЭС ЦА) 43-ші отырысына қатысты, онда өңірдің біріктірілген энергожүйесінің жұмысы, 2024–2025 жылдардың күзгі-қысқы кезеңінен өту, алдағы вегетациялық кезеңге арналған техникалық және ұйымдастырушылық шешімдерді келісу мәселелері талқыланды;
  • «KEGOC» АҚ «Азерэнержи» ААҚ, «Өзбекстанның ұлттық электр желілері» АҚ-мен бірлесіп «Green Corridor Alliance» ЖШС бірлескен кәсіпорнын құрды әрі тіркеді. Бұл компания Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан үш мемлекетінің басшылары 2024 жылғы 13 қарашада СОР-29 конференциясында қол қойған «жасыл» энергияны дамыту мен беру жөніндегі стратегиялық серіктестік туралы келісім шеңберінде құрылды;
  • Энергетика саласын цифрлық дамыту мәселелеріне арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында «KEGOC» АҚ Ұлттық электр желісін дамыту мен цифрландыру жобаларын іске асыру барысы туралы ақпарат ұсынды;
  • Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған Қазақстан делегациясының Жапонияға сапары шеңберінде «KEGOC» АҚ мен Hitachi Energy компаниясы арасында стратегиялық серіктестік туралы Негіздемелік келісімге қол қойылды.
Кәсіби және сараптамалық ұйымдар, қоғамдық ұйымдар, БАҚ «KEGOC» АҚ халықаралық, өңірлік және республикалық салалық ұйымдардың мүшесі әрі қатысушысы болып табылады, Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде интеграцияны тереңдету тетіктеріне және электр энергетикасын дамытудың үйлестірілген стратегиясын әзірлеуге назар аударады. Компания БАҚ-та беделдік капитал мен оң имидж қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
  • жылдық есептер;
  • Компанияның веб-сайты;
  • баспасөз-релиздер, баспасөз-конференциялар мен баспасөз-брифингтер (БАҚ);
  • баспасөз турлары;
  • серіктестермен және инвесторлармен кездесулер;
  • сараптамалық және кәсіби қауымдастықтар шеңберіндегі жұмыс;
  • әлеуметтік желілер.
  • «KEGOC» АҚ жаңартылатын энергетика саласындағы жетекші халықаралық компания Masdar және Мохаммед бин Зайед атындағы жыртқыш құстарды қорғау қорымен (MBZRCF) тұрақты энергетика мен биоәртүрлілікті сақтау саласында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды;
  • Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің (АЭжБУ) 50 жылдық мерейтойын мерекелеу шеңберінде «KEGOC» АҚ мен АЭжБУ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды;
  • «KEGOC» АҚ мен TOYOTA TSUSHO CORPORATION ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды;
  • «KEGOC» АҚ, Shanghai Electric және Build Master Group Қазақстан энергожүйесін жаңғырту саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Жеткізушілер Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде Компания айқындылық, сапа, тең қол жеткізу, адал бәсекелестік, есеп берушілік және делдалдардың қатысуын барынша азайту қағидаттарын ұстанады.
  • қазақстандық іскерлік БАҚ;
  • Компанияның веб-сайты;
  • жылдық есептер;
  • нақты сұрау салулар бойынша ақпарат беру;
  • таныстырылымдар, конференциялар, іскерлік кездесулер;
  • Zakup.sk.kz ресми порталы.
  • 2025 жылы 1-деңгейлі жеткізушілердің 100%-ы адам құқықтары саласындағы талаптарға сәйкестігін бағалаудан өтті. Бағалау нәтижесінде жеткізушілердің 30%-ында адам құқықтары саласындағы тәуекелдер анықталды. Анықталған барлық жағдайлар бойынша тәуекелдерді азайту жөніндегі шаралар әзірленіп, іске асырылды.
Тұтынушылар Компанияда тұтынушыға бағдарлану қағидаты енгізілген әрі сақталады, тұтынушылардың талаптарын айқындау мен орындау тетігі құрылды әрі қамтамасыз етілді.
  • Компанияның веб-сайты;
  • жылдық есептер;
  • нақты сұрау салулар бойынша ақпарат беру;
  • таныстырылымдар, конференциялар, іскерлік кездесулер;
  • қызметтерді тұтынушылардың қанағаттанушылығы туралы сауалнама.
  • 2025 жылғы 25 сәуірде тұтынушылар алдындағы жария тыңдауларда тарифтік сметаның орындалуы туралы, инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттелетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерінің сақталуы және табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдындағы қызметінің тиімділігі көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есеп ұсынылды.
Персонал Компания өз жұмыскерлерін құрметтейді әрі бағалайды, персоналдың қажеттіліктері мен мұқтаждықтарына бағдарланады, персонал үшін еңбектің қауіпсіз жағдайларын, лайықты еңбекақы деңгейі мен әлеуметтік жеңілдіктерді, кәсіби оқыту мен дамуды қамтамасыз етуге ұмтылады.
  • Компанияның веб-сайты;
  • Компанияның ішкі порталы;
  • корпоративтік басылымдар («KEGOC AQPARAT» газеті, корпоративтік жаңалықтар дайджесті және т.б.);
  • ақпараттық стендтер;
  • Компания топ-менеджментінің персоналмен кездесулері (таунхоллдар, ұжым алдындағы есеп беру жиналыстары, кадр резервімен кездесулер және т.б.);
  • сауалнама жүргізу;
  • корпоративтік іс-шаралар;
  • республикалық және өңірлік БАҚ;
  • Омбудсмен институты.
  • Компаниядағы әлеуметтік тұрақтылық деңгейі – 88 %;
  • Омбудсмен Компанияның 9 ЖЭТ филиалында кездесулер өткізді;
  • «KEGOC» АҚ-да «Energy Шуағы» әйелдер энергетикалық қоғамдастығы құрылды;
  • «KEGOC» АҚ-ның рационализаторлық ұсынысы «Самұрық-Қазына» қоры компанияларының ішінде үздік деп танылды;
  • Сарыбай ЖЭТ және Оңтүстік ЖЭТ филиалдары жастарының командасы іске асыратын «QR код – цифрлық қосалқы станцияға қадам» жобасы 2026 жылы «7 Qadam PRO» бағдарламасы шеңберінде одан әрі ауқымдау мүмкіндігін алатын 7 үздік бастаманың қатарына кірді;
  • «KEGOC» АҚ-да «Энергетиктердің еңбек әулеттері» конкурсының қорытындысы шығарылды;
  • «KEGOC» АҚ-да Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі II форум өтті.
Еншілес ұйымдар Компания корпоративтік басқарудың тиімді тетіктеріне негізделген еншілес ұйымдардың теңгерімді дамуына ұмтылады.
  • ЕТҰ басшылығымен және ұжымдарымен кездесулер;
  • қоғамдық тыңдаулар;
  • күндізгі және онлайн конференциялар;
  • корпоративтік іс-шаралар.
  • Өзара іс-қимыл корпоративтік рәсімдер шеңберінде еншілес ұйымдардың директорлар кеңестеріндегі «KEGOC» АҚ өкілдері арқылы, сондай-ақ акционердің құқықтарын іске асыру арқылы жүзеге асырылады.
Іргелес мемлекеттердің энергожүйелері Қазақстан Республикасы мен іргелес мемлекеттердің энергожүйелерінің қатарлас жұмысын қамтамасыз ету үшін Компания Ресей Федерациясымен және Орталық Азия елдерімен өзара тиімді әрі тиімді ынтымақтастыққа ұмтылады.
  • Компанияның веб-сайты;
  • Директорлар кеңесінің мүшелеріне отырыстар, кездесулер өткізу туралы хабарламалар;
  • келіссөздер өткізу туралы хабарлау;
  • КЭС ЦА, ТМД ЭЭК және басқа да халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу;
  • көрші энергожүйелердің қатарлас жұмысын ұйымдастыру мен қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттаманы келісу.
  • «KEGOC» АҚ Астанада Орталық Азияның үйлестіруші электр энергетикалық кеңесінің 43-ші отырысына қатысты;
  • Жаңартылатын энергия көздерінің IV Халықаралық іскерлік фестивалі Qazaq Green Fest өткізу кезеңінде «KEGOC» АҚ мен Германияның халықаралық ынтымақтастық қоғамы (GIZ) жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) елдің энергожүйесіне интеграциялау саласында тәжірибе мен технологиялар алмасу жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды;
  • «KEGOC» АҚ Пекинде Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің VIII отырысына қатысты, онда Қазақстан мен Қытай арасындағы энергетикалық ынтымақтастық перспективалары талқыланды.
Жергілікті қауымдастықтар Қатысу өңірлерінің халқымен ашық диалогты қамтамасыз ету, Компания жобаларын іске асыру кезінде қоғамдық пікірді ескеру, қызмет туралы хабарлау және экологиялық әсерді барынша азайту үшін.
  • қоғамдық тыңдаулар;
  • ақпараттық кездесулер;
  • жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл;
  • әлеуметтік және экологиялық жобаларға қатысу;
  • азаматтардың ресми өтініштері.
  • «KEGOC» АҚ «Астана қ. сыртқы электрмен жабдықтауды күшейту» жобасын іске асыру шеңберінде Астана қ. және Ақмола облысының Целиноград, Аршалы аудандарында жергілікті қауымдастықтарды қоса алғанда, мүдделі тараптардың қатысуымен ашық қоғамдық тыңдаулар өткізді.

Серіктестік

GRI 2-28

«KEGOC» АҚ салалық қауымдастықтардың және «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (ҰКП «Атамекен») мүшесі әрі қатысушысы болып табылады:

«Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі (ЗТБ «КЭА», www.kea.kz), оның негізгі міндеттері:

  • қызметі электр энергетикасы саласымен тікелей немесе өзге де түрде байланысты барлық ұйымдарға қолдау көрсету;
  • электр энергетикасы саласына қатысты мемлекеттік бағдарламаларды, заңдар мен нормативтік актілерді әзірлеуге қатысу; сала мүдделері Үкіметтің, сот және басқа да органдардың шешімдеріне тәуелді болатын мәселелерде өз мүшелерінің ұстанымдарын қолдау және қорғау.

«KAZENERGY» мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қазақстандық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі (ЗТБ «KazEnergy», www.kazenergy.com) оның негізгі мақсаттары:

  • өз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін мемлекеттік органдарда қорғау, заңнамалық базаны үйлестіру;
  • жер қойнауын пайдаланушылар, электр энергиясын өндірушілер, тасымалдаушылар және энергетика секторының өнімдері мен қызметтерін тұтынушылар үшін бірыңғай ақпараттық кеңістік құру; жергілікті, өңірлік және халықаралық деңгейлерде салаішілік ынтымақтастық пен кәсіпкерлік жобаларын дамыту мен қолдау;
  • ЗТБ «KazEnergy»-дің, оның мүшелері мен саланың тұтастай оң имиджін өңірлік және жаһандық деңгейлерде тарату; қазақстандық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және ғылыми-техникалық белсенділігін ынталандыру.

ҰКП «Атамекен» (www.atameken.kz), оның негізгі міндеті – бизнестің құқықтары мен мүдделерін қорғау және барлық кәсіпкерлердің бизнес жұмысының заңнамалық және өзге де нормативтік қағидаларын қалыптастыру процесіне кеңінен қамтылуы мен тартылуын қамтамасыз ету.


Бәсекелестік пен тауар нарықтарын дамыту қауымдастығы (www.ark.org.kz) оның негізгі міндеті – бәсекелестік пен тауар нарықтарын дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік органдарда, билік құрылымдарында, халықаралық және қоғамдық ұйымдарда ортақ мүдделерді білдіру мен қорғау, өз мүшелерінің мүддесінде монополияға қарсы заңнамаға қажетті өзгерістерді бастамалау мен ілгерілету, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу, тәжірибе алмасу үшін халықаралық үкіметтік емес байланыстарды дамыту, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер және басқа да іс-шаралар өткізу, бәсекелестік пен кәсіпкерліктің дамуына, монополияға қарсы заңнаманың бұзылуының алдын алуға жәрдемдесу.

Бұдан басқа, «KEGOC» АҚ іргелес елдермен тиімді электр энергетикалық нарық құруға жәрдемдесу және халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында мынадай халықаралық салалық ұйымдардың жұмысына тұрақты қатысады:

  • ТМД Электр энергетикалық кеңесі;
  • Жоғары кернеулі ірі электр жүйелері жөніндегі халықаралық кеңес (Conseil International des Grands Réseaux Électriques – CIGRE);
  • Еуразиялық экономикалық комиссия (Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы);
  • Дүниежүзілік энергетикалық кеңес;
  • Орталық Азияның үйлестіруші электр энергетикалық кеңесі (КЭС ЦА).