Тұтынушылармен жұмыс
GRI 2-6, SASB IF-EU-000.A
«KEGOC» АҚ қызметтерінің тұтынушылары заңды тұлғалар болып табылады: энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, өнеркәсіптік кәсіпорындар.
Жүйелік қызметтердің көлемдерін жоспарлау кезінде мыналар ескеріледі:
- елдегі қазіргі экономикалық жағдай;
- өңірлік генерацияны дамыту және жүйелік қызметтерді тұтынушылардың тұтынуды арттыру/азайту жоспарлары;
- жөндеу жұмыстарын оңтайландыру бөлігінде электр энергиясын іргелес мемлекеттерге экспорттауға, транзиттеуге ықпал ететін сұлбалық-режимдік сипаттағы мүмкіндіктер.
Бұл көрсетілген қызметтердің нақты көлемдерінің жоспарланғаннан ауытқу тәуекелдерін тиімді төмендетуге мүмкіндік береді.
2025 жылы «KEGOC» АҚ көтерме нарық субъектілеріне жүйелік қызметтерді жасалған шарттарға және тұтынушылардың өтінімдеріне сәйкес толық көлемде ұсынуды қамтамасыз етті. Есепті жылы шарттар жасалған тұтынушылардың жалпы саны 1 083 құрады.
2024 жылдан көшіп келе жатқан және 2025 жылы жасалған тұтынушыларға қызметтер көрсетуге, электр энергиясын сатып алу-сатуға арналған шарттар мен келісімдердің жалпы саны
| Шарттар | Саны |
|---|---|
| ҰЭЖ бойынша электр энергиясын беру жөніндегі | 56 |
| ҰЭЖ-ді пайдалану жөніндегі | 343 |
| электр энергиясын желіге беруді және тұтынуды техникалық диспетчерлеу жөніндегі | 213 |
| электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі | 445 |
| шығындарды өтеу үшін және шаруашылық қажеттіліктерге электр энергиясын сатып алуға | 2 |
| теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату | 4 |
| қуатты реттеу бойынша қызметтерді сатып алуға | 7 |
| электр энергиясының нақты мемлекетаралық сальдо-ауысымдарының жоспарлыдан сағаттық ауытқу көлемдерін өтеу мақсатында Ресей Федерациясынан электр энергиясын сатып алуға | 1 |
| электр энергиясының нақты мемлекетаралық сальдо-ауысымдарының жоспарлыдан сағаттық ауытқу көлемдерін өтеу мақсатында Ресей Федерациясына электр энергиясын сатуға | 1 |
| «Россети» ЖАҚ үшін электр энергиясын беру (транзиттеу) бойынша қызметтер көрсету | 1 |
| «Қырғызстан ҰЭТ» ААҚ үшін электр энергиясын беру (транзиттеу) бойынша қызметтер көрсету | 1 |
| «СОЛАРКОИН» ЖШС үшін электр энергиясын беру (транзиттеу) бойынша қызметтер көрсету | 1 |
| «Узэнергосотиш» АҚ үшін қуатты (жиілікті) реттеу жөніндегі қызметтерді көрсету | 1 |
| «Қырғызстан ҰЭТ» ААҚ үшін қуаттылықты (жиілікті) реттеу бойынша қызметтер көрсету | 1 |
| «Қырғызстан ҰЭТ» ААҚ-нан қуаттылықты реттеу бойынша қызметтерді сатып алу | 1 |
| «Узэнергосотиш» АҚ-нан қуатты реттеу жөніндегі қызметтерді сатып алуға | 1 |
| жоспардан тыс ауытқуларды реттеу үшін электр энергиясын сатып алуға («Узэнергосотиш» АҚ-нан) | 1 |
| жоспардан тыс ауытқуларды реттеу үшін электр энергиясын сатуға («Узэнергосотиш» АҚ-қа) | 1 |
| электр энергиясын жоспардан тыс ағындарды реттеу үшін сатып алу («Қырғызстан ҰЭТ» ААҚ-нан) | 1 |
| электр энергиясын жоспардан тыс ағындарды реттеу үшін сату («Қырғызстан ҰЭТ» ААҚ-на) | 1 |
| БАРЛЫҒЫ | 1 083 |
GRI 2-24, 2-26
Кері байланыс және тұтынушылардың қанағаттанушылығын бағалау
«KEGOC» АҚ жүйелік қызметтерді тұтынушылардың қанағаттанушылық деңгейін жарты жылда кемінде бір рет жүргізілетін және тұтынушылардың 100 %-ын қамтитын сауалнама негізінде тұрақты түрде бағалап отырады.
Сауалнама тұтынушылармен өзара іс-қимылдың негізгі аспектілерін көрсететін сұрақтарды, оның ішінде:
- Компания персоналы жұмысының сапасын;
- ұсынылатын іскерлік және техникалық ақпараттың дұрыстығын;
- өтініштерді қараудың жеделдігін;
- жүйелік қызметтердің сапасын;
- өңірлік диспетчерлік орталықтардың жедел-диспетчерлік басқару бөлігіндегі жұмысының сапасы;
- қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша тұтынушылардың ұсыныстарын ескеру.
Сауалнама нәтижелерін өңдеу келесідей жүзеге асырылады:
- орташалау әдісімен – филиалдар, жүйелік қызмет түрлері мен тұтынушылар санаттары бойынша жалпыланған бағаларды қалыптастыру үшін;
- жеке әдіспен – әрбір тұтынушының жекелеген қызмет түрлері бойынша қанағаттанушылық деңгейін талдау үшін жүзеге асырылады.
Нәтижелер алдыңғы кезеңдермен салыстыра отырып талданады, бұл көрсеткіштердің динамикасын қадағалауға және жақсарту бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді. Қосымша қызмет көрсету процесінде тұтынушылармен жасалған өтініштер, іскерлік хат-хабарлар мен келіссөздер ескеріледі.
Бағалау қорытындыларын Компания басшылығы қарайды және оларды жүйелік қызметтердің сапасын арттыру мен біріктірілген менеджмент жүйесін жетілдіру үшін пайдаланады. Тұтынушылардың ұсыныстары түзету және алдын алу шараларын іске асыру үшін бейінді құрылымдық бөлімшелерге жіберіледі.
GRI 2-25
2025 жылы тұтынушылардың қанағаттанушылығының орташа жылдық бағасы бес балдық шкала бойынша 4,8 баллды құрады, бұл 96 % қанағаттанушылық деңгейіне сәйкес келеді. Жақсартуды қажет ететін жекелеген өлшемшарттар бойынша Компания тиісті шаралар қабылдайды.
«KEGOC» АҚ-да Биллингтік ақпараттық жүйе табысты жұмыс істейді. Бұл ақпараттық жүйе ең алдымен Жүйелік оператордың қызметтеріне шарттар жасасу мен іске асыру процестерін, қаржылық құжаттарды қалыптастыру мен қол қою процестерін автоматтандыру арқылы жүйелік қызметтерді тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру, олардың қанағаттанушылығын арттыру үшін енгізілді. «Жеке кабинетті» пайдалану клиенттерге өтініштер мен шағымдарды беруге кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің өзгерістері, жүйелік қызметтерге арналған тарифтердің өзгерістері туралы өзектендірілген ақпарат және т.б. туралы жедел хабарлау арнасын жасады. Бұл шешім клиенттердің қанағаттанушылығын арттыруға және әкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталған.
GRI 2-27
2025 жылы қызметтер көрсетуге байланысты заңнама мен нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтамағаны үшін «KEGOC» АҚ-ға айыппұлдар қолданылған жоқ.
Тұтынушылардың құпия деректерін қорғау
GRI 418-1
«KEGOC» АҚ қызметінің ауқымы және көптеген тұтынушылармен өзара іс-қимыл ақпарат пен дербес деректерді қорғау мәселелеріне ерекше назар аударуды талап етеді.
Компанияда тұтынушылардың (клиенттердің) құпиялылығын сақтау туралы ережелерді қамтитын, дербес деректерді жинау, сақтау және өңдеу тәртібін реттейтін және осы процестердің ашықтығын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қамтамасыз ететін Ақпараттық қауіпсіздік саясаты қолданылады.
«KEGOC» АҚ тек жүйелік және ілеспе қызметтерді көрсету үшін, сондай-ақ шарттық және заңнамалық міндеттемелерді орындау үшін қажетті ақпаратты ғана өңдейді. Мұндай деректерге мыналар жатады:
- тұтынушылардың атауы мен байланыс деректері;
- электр энергиясын тұтыну және (немесе) өндіру көлемдері туралы ақпарат;
- электр желісіне қосылу нүктесі туралы мәліметтер;
- қаржылық ақпарат;
- сәйкестендіру деректері (шарт нөмірі, дербес шот нөмірі және т.б.).
Жиналған деректер тек қызметтер көрсету және тұтынушылар мен мемлекеттік органдар алдындағы міндеттемелерді орындау мақсаттары үшін пайдаланылады.
Тұтынушыларға өздерінің дербес деректерін басқару бойынша мынадай құқықтар берілген:
- деректерді жинау мен өңдеуге келісім беру;
- деректерді өңдеудің жекелеген түрлерінен бас тарту;
- өзінің дербес деректеріне қол жеткізу;
- деректерге өзгерістер енгізу немесе оларды жою;
- заңнамада көзделген жағдайларда деректерді басқа қызмет көрсетушілерге тасымалдау.
Дербес деректер оларды өңдеу мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті мерзім ішінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, шарттық қатынастар тоқтатылғаннан кейін 5 жыл ішінде сақталады.
Дербес деректерді қорғау үшін Компания, оның ішінде:
- деректерді шифрлауды;
- бағдарламалық қамтамасыз ету мен ақпараттық қауіпсіздік құралдарын тұрақты түрде жаңартуды;
- көп деңгейлі қол жеткізуді бақылау жүйесін;
- киберқауіпсіздік саласында мерзімді тексерулер мен аудиттер жүргізуді қамтитын ұйымдастырушылық және техникалық шаралар кешенін қолданады.
«KEGOC» АҚ дербес деректерді Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды немесе уәкілетті мемлекеттік органдардың сұрау салуын қоспағанда, үшінші тұлғаларға бермейді. Ақпаратты ашу қолданыстағы Құпиялылық саясаты шеңберінде ғана жүзеге асырылады.
GRI 2-27
2025 жылы «KEGOC» АҚ-да тұтынушылардың дербес деректерінің құпиялылығын бұзуға байланысты шағымдар, өтініштер, сот талқылаулары немесе айыппұлдар тіркелген жоқ.
Компания дербес деректерді шарттық және заңнамалық міндеттемелерде көзделмеген қайталама мақсаттар үшін пайдаланбайды және мұндай практика «KEGOC» АҚ қызметінде қолданылмайды.