73%

«KEGOC» АҚ-ның 2025 жылғы негізгі оқиғалары

Қаңтар

Fitch «KEGOC» АҚ рейтингін «BBB» деңгейінде «Тұрақты» болжаммен растады.

Ақпан

«KEGOC» АҚ «Жұмысшы кәсіптері қаласы» фестиваліне қатысты.

«KEGOC» АҚ мен TOYOTA TSUSHO CORPORATION ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Наурыз

«KEGOC» АҚ-да тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалардың қатысуымен тарифтерді түзету мәселесі бойынша жария тыңдаулар өтті.

Сәуір

«KEGOC» АҚ өкілдері Каспий теңізінің түбімен терең су кабелін тарту жобасы бойынша Жасыл энергия жөніндегі консультативтік кеңес аясындағы 3-ші Министрлік кездесуге қатысты, бұл жобаға «KEGOC» АҚ белсенді түрде атсалысуда.

«KEGOC» АҚ Ғылыми-техникалық кеңесінің отырысында 2024 жылғы жыл сайынғы Рационализаторлық ұсыныстар байқауының қорытындысы шығарылды.

«KEGOC» АҚ-да тұтынушылар мен басқа да мүдделі тұлғалардың қатысуымен тарифтік сметаның, инвестициялық бағдарламаның орындалуы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерінің сақталуы туралы жария тыңдаулар өткізілді.

Акционерлердің жылдық Жалпы жиналысы өтіп, онда «KEGOC» АҚ-ның 2024 жылғы қаржылық есептілігі бекітілді, дивидендтер бөлінді, акционерлер тізімін бекіту және дивидендтерді төлеу күндері айқындалды.

Мамыр

S&P «KEGOC» АҚ рейтингін «BB+» деңгейінде, болжамы «Тұрақты» деп растады.

Moody’s «KEGOC» АҚ рейтингін «Baa1» деңгейінде, болжамы «Тұрақты» деп растады.

«KEGOC» АҚ Орталық Азияның Үйлестіруші электр энергетикалық кеңесінің (ОА ҮЭК) 43-ші отырысына қатысып, онда аймақтың біріккен энергия жүйесінің жұмысы, 2024–2025 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңнен өту, алдағы вегетациялық кезеңге арналған техникалық және ұйымдастырушылық шешімдерді келісу мәселелері талқыланды.

«KEGOC» АҚ жаңартылатын энергетика саласындағы жетекші халықаралық Masdar компаниясымен және Мұхаммед бин Зайед атындағы жыртқыш құстарды қорғау қорымен (MBZRCF) тұрақты энергетика және биоәртүрлілікті сақтау саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің (АЭБУ) 50 жылдық мерейтойын тойлау аясында «KEGOC» АҚ пен АЭБУ арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Шілде

«KEGOC» АҚ «Азерэнержи» ААҚ және «Өзбекстан ұлттық электр торлары» АҚ-мен бірлесіп «Green Corridor Alliance» ЖШС бірлескен кәсіпорнын құрды және тіркеді. Бұл компания 2024 жылғы 13 қарашада СОР-29 конференциясында үш мемлекеттің: Қазақстан, Әзірбайжан және Өзбекстан басшылары қол қойған «жасыл» энергияны дамыту және беру бойынша стратегиялық серіктестік туралы Келісім аясында құрылды.

«KEGOC» АҚ-да «Энергетиктердің еңбек әулеттері» байқауының қорытындысы шығарылды.

Тамыз

«KEGOC» АҚ «Самұрық-Қазына» қоры компаниялары арасында өткен «HR-бренд» байқауында «HR-цифрландыру көшбасшысы» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

«Самұрық-Қазына» АҚ Еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комитетінің 41-ші отырысына қатысып, онда қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндама жасалды.

S&P KEGOC рейтингін «BB+» деңгейінде, болжамы «Позитивті» деп растады.

Қыркүйек

«KEGOC» АҚ Бейжіңде өткен Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің VIII отырысына қатысып, онда Қазақстан мен Қытай арасындағы энергетикалық ынтымақтастықтың болашағы талқыланды.

Qazaq Green Fest IV Халықаралық жаңартылатын энергия көздері іскерлік фестивалі барысында «KEGOC» АҚ пен Герман халықаралық ынтымақтастық қоғамы (GIZ) жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) елдің энергия жүйесіне интеграциялау саласында тәжірибе мен технологиялармен алмасу бойынша ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

«KEGOC» АҚ Жамбыл облысындағы негізгі нысандардың бірі – «Шу-500 кВ» қосалқы станциясында «Қазақстан БЭЖ Оңтүстік аймағының электр желісін күшейту» жобасының іске асырылу барысы туралы есепті ұсынды.

«KEGOC» АҚ-да «Energy Шуағы» Әйелдер энергетикалық қоғамдастығы құрылды.

Қазан

«KEGOC» АҚ 2025–2026 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңнен өтуге дайындық паспортын алды.

«KEGOC» АҚ, Shanghai Electric және Build Master Group Қазақстанның энергия жүйесін жаңғырту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

«KEGOC» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы таза табыстың 65 %-ын дивидендтер төлеуге бөлу туралы шешім қабылданды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің энергетика саласын цифрлық дамыту мәселелеріне арналған отырысында «KEGOC» АҚ Ұлттық электр желісін дамыту және цифрландыру бойынша жобалардың іске асырылу барысы туралы ақпаратты ұсынды.

Қараша

«KEGOC» АҚ S&P Global халықаралық рейтингтік агенттігінің 2025 жылғы Corporate Sustainability Assessment негізінде алған тәуелсіз ESG-бағалау нәтижелерін 62/100 балға дейін жақсартты.

«KEGOC» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызмет қорытындысы бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданды.

«KEGOC» АҚ Астана қаласы мен Ақмола облысының Целиноград, Аршалы аудандарында мүдделі тараптардың, соның ішінде жергілікті қоғамдастықтардың қатысуымен «Астана қаласын сыртқы электрмен жабдықтауды күшейту» жобасын іске асыру аясында ашық қоғамдық тыңдаулар өткізді.

«KEGOC» АҚ әлеуметтік тұрақтылықтың жоғары рейтингін 88 % деңгейінде растады.

«KEGOC» АҚ-да қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша II форум өтті.

Желтоқсан

Сарыбай ЖЭТ және Оңтүстік ЖЭТ филиалдарының жастар командасы жүзеге асырып жатқан «QR код – цифрлық қосалқы станцияға қадам» жобасы 2026 жылы «7 Qadam PRO» бағдарламасы аясында одан әрі ауқымын кеңейту мүмкіндігіне ие болатын 7 үздік бастаманың қатарына енді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған Қазақстан делегациясының Жапонияға жасаған сапары аясында «KEGOC» АҚ пен Hitachi Energy компаниясы арасында стратегиялық серіктестік туралы Негіздемелік келісімге қол қойылды.

«KEGOC» АҚ-ның «Қостанай энергия торабын электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру» атты рационализаторлық ұсынысы «Самұрық-Қазына» қоры компаниялары арасында үздік деп танылды.